Сабақтың тақырыбы: «Абай жолы» романы. Қайтқанда Оқу мақсаттары



бет1/14
Дата12.02.2024
өлшемі135.03 Kb.
#491657
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
10.01.11-сынып .Қазақ әдеб.


Тексерілді: Р.Ержанова

Мұғалімнің аты-жөні:

З.Әмзеева

Пән/Сынып:

Қазақ әдебиеті, 11-сынып

Күні:

10.01.2023 ж.

Тарау немесе бөлім атауы:

Ғасырлық туынды

Сабақтың тақырыбы:

«Абай жолы» романы. Қайтқанда

Оқу мақсаттары:

11.2.1.1 әдеби шығарманың композициясын жанрлық ерекшеліктерін айқындап, уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау

Сабақ мақсаты:

  • Үзіндінің сюжеттік-композициялық құрылымын талдайды;

  • Жанрлық ерекшелігін ашады;

  • Уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдайды.

Бағалау критерийі:

  • Оқиға желісіне композициялық талдау жасайды;

  • Оқиға құрылымы бойынша оқиға өткен уақытты көрсетеді;

  • Оқиға құрылымы бойынша оқиға орын алған кеңістікті көрсетеді.




Сабақтың барысы

Уақыты

Кезеңдері

Оқушының іс-әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

1 минут



Ұйымдастыру

Амандасу.
Сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Психологиялық ахуалды қалыптастыру.
Бір-біріне жақсы тілек тілейді.







суреттер, кесте, презентация, электронды құралдар, т.б

3-5 минут

Жаңа сабақ
Мағынаны тану

Халқымыздың біртуар перзенті Қ.Сәтпаев: «Егер сен XIX ғасырдың II жартысындағы қазақ халқының өмірін, тіршілігін, тарихын, әдет-ғұрпын білгің келсе, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолын» оқы. Ол – шын мәніндегі энциклопедиялық шығарма», - деп бағалаған.
Ойтүрткі сұрақтары:

  1. М.Әуезовтің «Абай жолы» шығармасы жанрлық ерекшелігіне қарай неге роман-эпопея деп аталады?

Оқушылардың жауаптары ескеріледі.
1-тапсырма. Роман, роман-эпопеяға тән 3 ерекшелікті атаңыз.



Роман

Роман-эпопея

1.

1.

2.

2.

3.

3.

Біліміңді арттыр, өзіңді тексер:



Романға тән ерекшелік

Роман-эпопеяға тән ерекшелік

1.Адамның жан-дүниесін, болмысын, тұтастай өмір белестерін кең ауқымда суреттейтін проза жанрының бір түрі.

1.Бүкіл бір дәуірді кеңінен қаптып бейнелейтін кеңтынысты, сан-саналы эпикалық шығарма.

2.Сюжеттік құрылымы шытырман оқиғаларға толы әрі көлемді болып келеді.

2. Белгілі бір немесе бірнеше тарихи дәуірдің типтік оқиғаларының кең көлемде суреттелуі. Бірнеше ұрпақ өкілдерінің іс-әрекеттерін ортақ идея мен бір тақырыптың арнасында, көркемдік тұтастықта баяндайтын прозалық кесек туынды.

3.Жеке адам тағдыры арқау болады.

3.Жарты ғасырлық немесе бір ғасырлық қоғамдық өзекті мәселелерді қозғап, халықтың тұрмысы мен тіршілігінен сыр шертеді. Сондай-ақ кейіпкер сипаты байсалды түрде дараланады.

2-тапсырма. Оқиға желісіне композициялық талдау жасаңыз, оқиға құрылымын мазмұндаңыз.

  1. Оқиғаның басталуы.

  2. Дамуы мен байланысы.

  3. Шиеленісі.

  4. Шарықтау шегі.

  5. Оқиғаның шешімі.

Шығарманың композициялық құрылысы – шығарманың сюжеттік дамуының кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп, қиыннан қиыстырып тұратын нәрсе.



Сабақ үстіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекеті, оқушылар зейінін жандандыру, балалардың ұжымдық іс-әрекеті бақыланады.

Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру

Қ/Б

Дескриптор:
1.Роман, роман-эпопеяны бір-бірінен ажырата алады;
2.Романға тән ерекшілікті атайды;
3.Роман –эпопеяға тән ерекшелікті атайды.

Дескриптор:
1.Шығарма мазмұнын біледі;
2.Оқиға желісіне композициялық талдау жасайды.
3.Оқиға құрылымын мазмұндайды.





Талдау

Өзіңді тексер

  1. Оқиғаның басталуы.

Оқудан ауылына қайтқан бала Абай

  1. Дамуы мен байланысы.

Әкесінің жиынына қатысқан Абай

  1. Оқиғаның шиеленісі

Қодар мен Қамқаға берілген жаза

  1. Шарықтау шегі

Абайдың ауырып қалуы

  1. Оқиғаның шешімі

Абайдың үйіне келген қонақтар

Оқиға құрылымына жеке-жеке тоқталайық:
1.Оқудан ауылына қайтқан бала Абай
Жол бойы Абай ауылына асығып, үлкендердің мазасын алады. Оның қайта-қайта алға озып кете беретініне екі ересек ештеңе істей алмай, дегеніне көніп, өздері де жылдам жүруге мәжбүр болады. Үш күндік жолдың, әсіресе, соңғы күні қызықты өтеді. Аттылар Есембайдың жырасы деп аталатын ұрылар жататын жерге жақындағанда, үлкендер Абайға:

  • Жанымыздан алыстама, мұнда қарақша көп, астындағы атыңды тартып алады, - дейді. Бірақ жас бала олардың айтқанын тыңдамай, шауып кетеді.



2. Әкесінің жиынына қатысқан Абай
Майбасардың атшабары Қамысбай келіп, Абайды әкесі шақырып жатқанын айтты. Абай қонақ үйге қарай беттеді. Келсе, іште Құнанбай, Майбасар мен Жұмабайдан басқа осы тобықты ішіндегі рулардың белгілі адамдары отыр екен. Олар: Көтібақ руының рубасы Байсал, Жігітек руының рубасы Бөжей, Бөкенші руының рубасы Сүйіндік, Көкше руының рубасы Қаратай. Арасында жас жігіт Байсалдың немере інісі Жиренше тағы бар. Бұл жиынды Бөкенші руының кірмелеу туысы саналатын Борсақ руының адамы Қодар деген қарашаның мәселесін талқылау үшін жинаған еді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет