Сабақтың тақырыбы: «Абылай хан»



Дата24.02.2016
өлшемі96 Kb.
#12023
түріСабақ
Батыс Қазақстан облысы

Казталов ауданы

Казталовка ауылы

Алма Оразбаева атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі:

Тулегенова Бибигуль Алтынбековна
Сабақтың тақырыбы: «Абылай хан» Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды Абылайдың өмірі және қызметімен таныстыра отырып, аса ірі мемлекет қайраткері, дипломат, қолбасшы болғандығын көрсету. Абылайды осындай дәрежеге көтерген деректерді ашу;

  • Тақырыпқа қатысты мәтінмен жұмыс жүргізу барысында оқушыларды өз бетімен жұмысқа дағдыландыру, тарихи деректерге сүйене отырып, өз бетімен тұжырым жасай білуге үйрету;

  • Абылай хан бейнесі арқылы оқушыларды Отанға деген сүйіспеншілік, адалдық, табандылық рухында тәрбиелеу

Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, ой-қозғау, сын тұрғысынан


ойлау стратегиялары

Көрнекілігі: карта , фото сурет, үлестірмелі материалдар
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:


Ұйымдастыру кезеңі
1) Оқушылармен амандасу, түгендеу


  • Қуаныш бүгін ерекше

Шуағын шашып тұр әлем.

Білімнің түскен жолына,

Ұрпағым саған мың сәлем.

Үй тапсырмасын сұрау кезеңі:

Оқушыларға өткен тақырып бойынша тест тапсырмаларын беру.

1. Қазақ хандығы қай жылы құрылды?

А) 1466 ж Б) 1460ж В) 1480ж

2. Қазақ хандығының іргетасын алғашқы қалаған кімдер?

А) Керей мен Хақназар Б) Жәнібек пен Керей В) Тәуке мен Керей

3.Қазақ хандығының аса көрнекті мемлекет қайраткері, шешен, Ұлы жүздің биі.

А) Қазбек би Б) Әйтеке би В) Төле би

4. Атадан ұл туса игі,

Ата жолын қуса игі. кімнің нақыл сөзі?

А) Төле би Б) Әйтеке би В) Қазбек би

5. Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың әйгілі биі

Қазбек би Б) Әйтеке би В) Төле би

6. Әйгілі қазақ билері жасауға қатысқан заң:

А) Төре бітігі Б) Жеті жарғы В) Қылмыстық заң

7. Қабанбайдың шын есімі.

А) Ерасыл Б) Нарбала В) Әбілмансұр
8. Қабанбайға нарбала деген атты кім қойды?

А) атасы Б) жеңгесі В) анасы

9.Наурызбай батыр ұлы жүздің қай руынан шыққан?

А) Беріш Б) Үйсін В) Шапырашты

10. Бөгенбай батыр қай кесенеде жерленген?

А) Жошы хан Б) Ахмет Йасауи В) Дәуітбек кесенесінде.

Жаңа тақырыпты түсіндіру
Абылай хан


  • Абылай туралы не білеміз?

  • Ассоциация.


Жаңа сабақтың мақсаты хабарланады.

Оқушылар бүгінгі сабағымызда Абылай ханның қазақ қоғамындағы орны, атқарған қызметі туралы білетін боламыз.



«Білемін, білгім келеді, білдім» стратегиясын қолдану.



Білемін

Білгім келеді

Білдім

Оқушылар білгендерін баяндайды

Абылай батыр, қолбасшы, хан, билеуші.


Оқушылар не білгілері келетіні жөнінде сұрақтар қояды

Абылайдың шын есімі.

Кімнің ұрпағы?



Сабақ соңындағы алған білімдері



Мұғалім сабаққа шолу жасайды.

Оқушылардың алдарына Абылай хан туралы жазылған парақ беріледі,оқушылар оқып шығып білгендерін ортаға салады.

Қосымша

Әбілмансұр (1711— 23.5.1781 , Оңтүстік Қазақстан, Арыс жағасы) — ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары Қазақ даласының негізін салған Әз – Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан: Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Абылайдың балалық шағы жетімдік, жоқшылық, өсер кезеңі қозы, жылқы, түйе бағумен өтті. Шыңғыстың басқа немерелері , шөберелері сияқты сарай тәрбиесін көре алмады. Қазақта малшылар арасынан да өнерлі адамдар шыққан. Жаздың жайма шуақ кездерінде мал күзетіп, қыстың ұзақ түндерінде өлең, жыр, қисса тыңдаудан жалықпаған.Абылайдың көргені, білгені, естігені де осы кедейлер ортасы болды. Кейін хан болғанда да байлыққа, баршылыққа тасымады, сәтсіздік пен жоқшылыққа жасымады.

Сұлтан Абылай мұсылманша жақсы білім алған. Ол шығыстың жеті тілін білді .Араб, парсы, қытай, орыс, түрік,шағатай, жоңғар тілі. Домбыраны жақсы тартты.Абылай қара домбырасын алып, ән айтып, күй тартып, айтысқа түскен боз бала шағы есіне түсті. Оның өзі шығарған жиырмадан астам күйлері бар. Олар «Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім», «Майда жол», «Қара жорға».Абылай – ғылым мен білімді қадір тұтқан адам. Қираған қамалдарды қалпына келтіріп, қалалар салдырған. Мал өсірумен бірге жер байлығын игеру, егін шаруашылығы, қол өнермен шұғылдануға ақыл кеңес берген, қазақ балаларын оқуға, ғылымды игеруге шақырған.

Он бес жасқа толған кезінен бастап жоңғар басқыншыларымен соғысқа белсене қатысқан.

Шоқан Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Төле бидің тәлім – тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатына, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріске ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды.

Сөзге шебер, әрі тапқыр болды. өз замандастары арасында сөзіне берік, алғыр ойлы, барынша адал әрі әділдігімен көзге түскен.

Абылайдың аты халық арасында 20 жасында-ақ кеңінен танымал болған. Бұқар, Үмбетей жыраулардың т.б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай қан майданда ерлігімен танылған.

деуі осының дәлелі.

Өз билігін нығайта түсу және шекаралас елдермен бейбіт қарым-қатынас орнату мақсатын алға қойып, қазақ елінің тәуелсіздігі мен біртұтастығын сақтап қалу жолында аянбаған тарихи тұлға.Абылай Тәшкен жорығынан қайтып келе жатқанда белгісіз себептермен Арыс өзені бойында қайтыс болады.Оның денесі үш жүздің игі жақсыларының қолымен Түркістандағы Қожа Ахмет Йассауи кесенесіне жерленді. Деректерде оның артында 40 ұлы, 30 қызы қалған делінеді.

Пысықтау кезеңі

Ой толғау

Бүгінгі сабақта нені білдік, не үйрендік?

қазақтың тәуелсіздігін нығайтты

ағаш үйлер салғызды Мәмілегер

Хан

елін қорғады

Абылай қолбасшы

Не істеді? Кім?

саясаткер

халықты біріктірді күйші қайраткер

егіншілікті дамытты
Бағалау

Қорытындылау

«Йә, Абылай – аты аңызға айналған тұлға, бірақ біз ата тарихының бар шындығын ашу үшін сол аңыздан ақиқатты ажыратып алуымыз керек және оны өткенен – сабақ, тарихтан тағылым алу үшін жасауымыз керек» деп Елбасымыз айтқандай, тарихты білу баршамыздың парызымыз.
Үйге тапсырма беру

Тақырыпты оқып келу, « Абылай хан» реферат жазу


Абылай сарайы
Шығыс елдері үлгісімен салынған бөлме іші таң сәріден қараңғылау.Еденге қырмызы қалың кілемдер төселген. Сарайдың зәулім қабырғалары қыштан өріліп, алуан түрлі ою - өрнектермен, табиғат суреттерімен өрнектелген. Күн көтерілген сайын терезелерден түскен алаулар құбылып, түрлі реңдер сарай ішін айшықтай түсті. Сарайдың төбесі алтындалған, қабырғамен таласқан колонналар мрамормен қапталған, купон жақтаулары күмістелген. Төрт бұрыштағы қырлар піл сүйегімен өрілген, ішкі жиһаздар қызыл ағаштан жасалған, теңіздің ар жағынан әкелінген.

Сарайға кіретін қос ашпалы есік ерекше көзге түседі. Еменнен жасалып, темірмен құрсауланып, түрлі қазақи оюлармен өрнектелген жұмыстарын ауған, парсы шеберлері жасаған.

Абылай зәулім сарайдың төңірегінде биік тақта отыр. Өңі қара сұрлау, қалың тұтасқан қабағы түюлі. Қыр мұрынды, мұрты, шоқша сақалы бар. Үлкен қара көздері қатулы, өңменіңнен өтеді. Жорықтарда сомдалған ауыр денесі сәл босаң тартқандай, бірақ еңсесі тік. Басында ханның үшкіл тәжі, үстінде жағасы оюланған шайы сары шапан. Барлығы алтындалып, алтын жіппен тігілген.Мойнында – хандық белгі раушан гүлі тәріздес бедері бар жұдырықтай алтын шеңбер. .

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет