Сабақтың тақырыбы: Адам болам десеңіз. Заттың атын білдіретін сөздер



Дата11.07.2016
өлшемі70.63 Kb.
#190278
түріСабақ
Әбдіраш Айсұлу Темірбекқызы ,

Қажымұқан атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

ОҚО, Ордабасы ауданы

Сабақтың тақырыбы: Адам болам десеңіз.Заттың атын білдіретін сөздер

Сабақтың мақсаты:Білімділігі: Оқушыларға тақырыпты түсіндіре отырып,абай Құнанбаевтың өмірі мен балалық шағын таныстыру.Оқушыларға заттың атын білдіретін сөздер туралы түсінік беру,сұрақ қою арқылы зат есімді дұрыс табуды меңгерту.

Табыс критерийі:Жақсы қасиетті сіңіре біледі,зеректікке,ұқыптылыққа,адалдыққа,адамгершілікке ұмтылады.

Күтілетін нәтиже:Өлең мазмұнын түсінеді,қорытынды жасай біледі,сөздік қорын,ойлау қабілетін дамыту,мәнерлеп сөйлеуге,көркем жазуға,өз бетімен жұмыс орындайды.Тақырыпты талдай алады,түсінік айта алады.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері:Түсіндіру,мәнерлеп тізбектей оқыту,топтастыру,ой қозғау,талдау.

Көрнекілігі: Абай суреті,оқулық,сызбалар,венн диаграммасы,сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

«Сәттілік» сергіту сәті.


Айналаға алақанмен

Күн шуағын шашамыз

Сәттілік тілеп күлімсіреп,

Біз сабақты бастаймыз.

ІІ. Бағдарлау-мотивациялық кезең.

А) «Алма теру» ойыны арқылы үй тапсырмасын пысықтап сұрау,бағалау.

Ә) Өлеңді мәнерлеп оқу

Б) Тақырыбы: Малдың пайдасы

В) Өлеңнің авторы кім?

Ой қозғау стратегиясы:



  • Малдың қандай пайдасы бар

  • Төрт түлік малды ата

  • Мал туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

Жаңа сабақ:

-Балалар, бізге Алматыдан хат келіпті.Қане,бәріміз тынышталып осы хатта не жазылғанын оқиық:

«Құрметті менің достарым!мен сендерден көмек сұрай,хат жазып отырмын.Апам биыл мені мектепте баруға дайындап,маған дүкеннен оқу құралдарын сатып әкелді.Олар өте көп.Бірақ мен бәрінің аттарын біле бермеймін.Мен сендерге олардың суреттерін жіберіп отырмын.Сендер мектепте оқисыңдар ғой,маған осы заттардың атын білдіретін сөздерді жазып жіберіңіздерші.Сәлемнен Алпамыс»- деп хатты аяқтапты.

Қане, балалар,Алпамысқа көмектесеміз бе? Олай болса мен Алпамыс жіберген әр суретті көрсетемін. «Бұл не?»-деп сұрақ қойып отырамын.Сендер сол заттардың атын айтып тақтаға жазасыңдар.

-Балалар хаттың ішінен тағы бір сурет шықты.Бұл кім екен?

-Бұл Алпамыс.

-Олай болса,ойымызды жинақтап,қорытындылап хат арқылы Алпамысқа оқу-құралдарының аттарын жолждайық.

-Осыдан бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:Заттың атын білдіретін сөздер шығады.

Ереже: Заттың атын білдіретін сөздер кім?не? сұрақтарына жауап береді.Оны зат есім деп атаймыз.


ІІІ. Операционалдық-орындаушылық кезең.

Оқулықпен жұмыс.

190-жаттығу.

А) Мұғалімнің өлеңді оқуы.

Ә) Оқушылар өлеңді тізбектей оқиды.

Б) Өлеңді талдау: -Өлеңнің авторы кім?

-Абай Құнанбаев кім?

-Абай атамыз қандай нәрселерден аулақ бол дейді?

-Бес нәрсеге асық бол.

-Бес асыл іс дегенді қалай түсінесіңдер?

-Адам,талап,еңбек сөздеріне сұрақ қойыңдар.

Адам бойындағы жақсы және жаман қасиеттерге

«Венн» диаграммасы.




Абайдың өмірінен үзінді.

Шын аты Ибраһим,оны әжесі Абай есімімен атап кеткен.Абай Құнанбаев 1845 жылы жылан жылында туылып,1904 жылы ұлу жылында 60 жасында қайтыс болған.Ол Семей облысы Шыңғыс тауында дүниеге келген.Абайдың әкесі Құнанбай болыс,сұлтан болған.Абайдың шешесі Ұлжан сабырлы,кең мінезді,әзілқой тапқыр болған.Әжесі Зере жұмсақ мінезді адам болған.Абай 12 жасында Ахмет Риза медресесінде 4 жыл оқып,3 айлық орыс мектебінде оқып,15 жасында ел-жұрты оны би етіп сайлаған.20 жасында орақ тілді шешен,халық өмірін ойлаған көсем болған.Абай атамыздың өлеңдері өте көп,соның ішінде бүгін біз «Адам болам десеңіз» өлңін оқып отырмын.


ұлы



аудармашы

дара

болыс

философ


ақын



сазгер

Публицист


дана



күйші

Топтастыру стратегиясы

«Ой қозғау»


5 санына байланысты ұғымдар



Бес дұшпан

Бес асыл


Бес парыз

Ер қаруы-бес қару

Дәптермен жұмыс.

191-жаттығу.Кестемен жұмыс.

Бес асыл іс

Бес дұшпан







Сергіту сәті. «Желсіз түнде жарық ай»

Желсіз түнде жарық ай

Сәулесі суда дірілдеп

Ауылдың жаны терең сай

Тасыған өзен гүрілдеп.

Сөздікпен жұмыс:

қашық-алыс

асық-жақын

рахым-қайырым

Семантикалық кестемен жұмыс.



Сөздер

Парта

Айжан

Қаламдар

Ұстаздар

Ата

Сұрағы
















Кімдер?
















Нелер?
















Не?
















Кім?















Берілген сөз жұмбақты дұрыс шешсе,ұлы ақынның есімі шығады.Сөзжұмбаққа кім?,не? Сұрақтарына жауап беретін сөздер алынады.

1.Дүниедегі ең жақын адам кім?

2.Аспаннан дәу қара құс көрінді.

3.Қыс мезгілінің үшінші айы қалай аталады?

4.Батырдың бес қаруының бірі не?









































































Оқушылар соңында ой қорытындысын жасайды

ІV.Рефлексиялық бағалау кезеңі.

Бағдаршам әдісі

Жасыл – түсіндім


Сары – әлі де сұрақтарым бар


Қызыл – мүлде түсінбедім

Үй тапсырмасын беру.

«Әсемпаз болма әр неге» өлеңін жаттау.



192-жаттығуды жазу.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет