Курсанова Б.Қ.,
қазақ тілі мұғалімі
№37 орта мектеп,
Астана қаласы
Сынып: 3 /қазақ тілі орыс сыныптарында/
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Аңдар.
Сабақтың мақсаты: қазақ тілінде аңдар атауларын меңгерту, тілдік қатынаста қолдану
Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік: өз ойын тұжырымдап, топта жұмыс жасап, шығармашылықпен жұмыс жасауға үйрету.
2. Дамытушылық: оқушылардың қисынды ойлау, есте сақтау қабілеттерін, суреттер арқылы танымдық қызығушылығын дамыту.
3. Тәрбиелік: оқушылардың жануарлар әлеміне деген қызығушылығын арттыру,қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жабайы аңдардың суреттері, сызба, интерактивтік тақта.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап, жұмбақ шешу, топпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: ана тілі,орыс тілі, дүниетану.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
а)Оқушылармен сәлемдесу.
ә)Кезекшімен диалог.
- Сыныпта кім кезекші?
- Сабақта кім жоқ?
- Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні?
- Жылдың қай мезгілі?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
2.1 –Сұрақ қою арқылы тапсырманың орындалуын тексеру
Интерактивтік тақтадағы суреттерге сұрақтар қою арқылы болымсыздық шылауына айналдыру;
Алма мен алмұрт суретіне қарап болымсыздық шылауына сөйлем құрау.
Мысалы: Бұл алма емес, алмұрт.
Бұл күшік емес, мысық.
Бұл қасқыр емес, түлкі.
Бұл машина емес, трактор.
Бұл қарындаш емес, қалам.
Бұл кітап емес, дәптер.
Бұл арыстан емес, піл.
Бұл аю емес, жолбарыс.
2.2 «Хайуанаттар бағында» мәтінін мазмұндау.
2.3 Өткен сабақта үйпенген сөздер бойынша интеративтік тақтада сөз тіркестерін құрау
түйеқұс – үлкен тұйеқұс,тұйеқұсты көрдім,
ұнады – сабақ ұнады, мәтін ұнады, өлең ұнады
ІІІ. Жаңа тақырып.
3.1.Аңдар туралы жұмбақтар шешу (қызығушылығын ояту).
«Жесе де, жемесе де аузы қан»,
Тек жасқанады иттердің дауысынан.
Бұл не ? /қасқыр/
Тауықтар қашып, жасқанған,
Қулығы артық басқа аңнан.
Бұл не? /түлкі/
Қорбаң –қорбаң етеді?
Балды, балықты корек етеді.
Адамша кейде тік жүреді,
Қыста ұйықтауды біледі.
Бұл не? /аю/
Айбарлы сұсы бар,
Қанжардай тісі бар.
Тұла бойында
Тасыған күші бар,
Күжірейген жалды,
Білсең айт бұл аңды? Бұл не? /арыстан/
Қаймықпайды күшті аңнан,
Қорқады тек тышқаннан . Бұл не? /піл/
Бұтақтардан бұтаққа,
Орғиды да қарғиды.
Кейде салар бұлтаққа,
Құйрығымен әрқилы,
Қос құлағы делдиіп,
Тыныштықты бағады,
Жемін тауып жейді үйіп,
Домалатып шағады. Бұл не?/ тиін/
Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады. Бұл не? /қоян/
Оқушылар әр жұмбақты шешкенде жануарлардың суреті активстудио бағдарламасы арқылы электронды тақтаға шығарылып тұрады.
-
Ненің суретін көріп тұрсыңдар?
-
Бұлар қай жерлерде кездеседі?
-
Олар немен қоректенеді?
Балалар, біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «Аңдар».
Кез –келген аң мен жануар өзіне тән дыбыс шығарады. Компьютер арқылы аңдар мен жануарлардың дыбысын тыңдату.
3.2. Сөздікпен жұмыс жүргізу.
ақырады - ревет
ұлиды- воет
ырылдайды –рычит
мөңірейді – рычит
үреді – лает
Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрау, сөздердің аудармаларын тақтада, дәптерде жазу.
Аю ақырады, қасқыр ұлиды, жолбарыс ырылдайды, сиыр мөңірейді,ит үреді.
3.3 Кітаппен жұмыс. 2- тапсырма ауызша сөз тіркесін табу, оқыту, көшіру, сөз тіркесінің астын сызу.
Орманда аю жүр.
Аю орманда жүр.
Ағашта құс отыр.
Құс ағашта отыр.
3.4. Интерактивтік тақтада орындау. 3- тапсырма бойынша сұраққа жауап беру.
Аңдар мен жануарлар не сұрады?
|
ет
|
ірімшік
|
бал
|
сәбіз
|
банан
|
сүт
|
шөп
|
аю
|
|
|
V
|
|
|
|
|
түлкі
|
|
V
|
|
|
|
|
|
қоян
|
|
|
|
V
|
|
|
|
ит
|
V
|
|
|
|
|
|
|
кірпі
|
|
|
|
|
|
|
V
|
мысық
|
|
|
|
|
|
V
|
|
маймыл
|
|
|
|
|
V
|
|
|
Аю бал сұрады.Түлкі ірімшік сұрады. Қоян сәбіз сұрады. Ит ет сұрады. Кірпі шөп сұрады. Мысық сүт сұрады. Маймыл банан сұрады.
ІҮ. Сергіту сәті.
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы – қырлы жерлерден
Ытқып, ытқып, секірді.
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің
Ү. Сабақты бекіту.
Сабақта алған білімдері мен өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пайдалана отырып берілген тапсырмаларды орындау.
Топпен жұмыс.Әр топқа өздеріне таныс жеке бір аң түрі бойынша тапсырма беріледі. Мысалы: түлкі, қасқыр. Осы аңдар жайлы мәлімет көрсету керек. (Мінезі, жүретін жері, пайдасы, немен коректенеді?). Тағы басқа өздері білетін мәліметтермен толықтыруға болады.
І топ – «Түлкі».
ІІ топ – «Қасқыр».
ҮІ. Үйге тапсырма: Жаңа сөздерді жатқа білу, аңдар туралы жұмбақ жазып келу.
ҮІІ. Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |