Сабақтың тақырыбы Аэробика элементтері бар гимнастика. Оқу мақсаттары



бет2/4
Дата09.11.2023
өлшемі395.25 Kb.
#482785
түріСабақ
1   2   3   4
Аэробика элементтері бар гимнастика (1)

Пәнаралық байланыстар

Математика,физика,биология пәндерімен байланыстыру.

АКТ пайдалану дағдысы

Тақырып бойынша қозғалмалы ойындардың тапсырмаларын көрсету немесе басқа елдердің ұлттық ойындарымен таныстыру.

Алдыңғы меңгерілген білім



Оқушылар алдыңғы сыныптарда, күнделікті өмірде сандар ретімен санауды, жаттығулар жасауды, ойындар ойнаған тәжірибелеріне сүйенеді

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
10 мин

Сапқа тұрғызу.Сәлемдесу.Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
Оқушыларды түгелдеу.Спорт киімдерін тексеру.
Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау, мақсаты мен мазмұнын түсіндіру.
Сапта орындалатын жаттығулар. Жалпы дамыту жаттығуларын орындау.

Қауіпсіздік ережелері.

Сабақтың ортасы
25 мин

Аэробика элементтері бар гимнастика
(С, Ж, К, ҚБ) Оқушылар сымбаттылықты нығайту үшін жаттығулар кешенін орындайды.
Барлық оқушылар мұғаліммен бірге тақпақты айтып, жаттығуды қайталайды:
(Денені оң жаққа және сол жаққа айналдырады.)
(Бір қол жоғары, екіншісі төмен, екпінмен қолдар ауысады)
(Денені айналдыру.)
(Орында тұрып секіру.)
(Екі қол кеуде тұсында, қолды сермеу.)
(С, Ж, К, ҚБ) Оқушылар шыдамдылыққа арналған жаттығулар кешенін орындайды.
1) 1 - оң аяқпен алға адым, қол иыққа бүгулі; 2 – сол аяқты жақындатып жартылай отыру, екі қол төмен; 3 – 4 – дәл солай, 1, 2 дегенде басқа аяқпен; 5 – 8 – санауды қайталау 1 – 4. 12 рет қайталау.
2) 1 – 2 – солға бұрылып, оң аяқпен артқа ұмтылу; оң қол басқасымен жанына алға; 3 – 4 – оңға бұрылып, сол аяқпен артқа; сол қол басқасымен жанына; 5 – 8 – санауды қайталау 1 – 4. 10 рет қайталау.
3) 1 – сол аяқта жартылай отырып, оң аяқпен жанына сермеу, қол жанында; 2 – негізгі тұрыс; 3 – оң аяқта жартылай отырып, сол аяқпен жанына сермеу, қол жанында; 4 – негізгі тұрыс; 5 – 8 – қайталау, 1 – 4 санау. 8 рет қайталау.
4) 1 – сол аяқта жартылай отырып, оң аяқ жанына-алға бүгіп сермеу, қол иыққа бүгулі; 2 – аяқ екі жаққа, қол төмен тұру; 3 – 4 – дәл солай, 1, 2 дегенде – келесі аяқта; 5 -8 – қайталау, 1 – 4 санау, 8 рет қайталау.
5) 1 – оң аяқпен бір адым артқа, қол иыққа бүгулі; 2 – сол аяқты жақындатып, жартылай отырып, қол төмен; 3 - 4 – дәл солай, 1, 2 дегенде келесі аяқпен, 5 – 8 – қайталау,1 – 4 санау. 8 рет қайталау.
6) 1 – 2 – оң аяқпен артқа ұмтылу, екі қол әр санға алға, жанына бүгіледі; 3 – 4 – оң аяқпен артқа ұмтылу, екі қол әр санға алға, жанына бүгіледі; 5 – 8 – қайталау 1 – 4 санау. 8 рет қайталау.
7) 1 – сол аяқта жартылай отырып, оң аяқты артқа бүгу, қол жоғары; 2 – аяқ екі жаққа, қол иыққа бүгулі; 3 – 4 – дәл солай, 1, 2 дегенде – келесі аяқпен; 5 – 8 – қайталау 1 – 4 санау. 10 рет қайталау.
8) 1 – сол аяқта жартылай отырып, бүгілген оң аяқты алға сермеу, қол жоғары; 2 – аяқ бірге, қол екі жаққа бүгулі; 3 – 4 – дәл солай, 1, 2 дегенде – келесі аяқта; 5 -8 – қайталау, 1 – 4 санау, 10 рет қайталау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет