Сабақтың тақырыбы: Қайнау. Меншікті булану жылуы. Сабақтың мақсаты



Дата16.07.2016
өлшемі34.24 Kb.
түріСабақ
8-сынып

Сабақтың тақырыбы: Қайнау. Меншікті булану жылуы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Буланудың екінші тәсілі қайнау процесімен оқушыларды таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың күнделікті тұрмыста кездесетін физикалық құбылыстарды көре білуге және оны дұрыс түсінуге, экспериментальды іскерлігін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды сарамандық жұмыстар жасау барысында қауіпсіздік ережесін естен шығармауға, ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сөз көрнекі сарамандық әдіс

Сабақтың құрал-жабдықтары: Электрондық оқулық 8 – физика , Интерактивті тақта электронық оқулықтан Қайнау демонстрациясын

көрсету.

Сабақтың барысы

Уақыт, мин

Сабақтың әдіс-тәсілдері

1. Ұйымдастыру кезеңі

2

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сабақтың тақырыбын жазу.



2. Қайнау процесін меңгеру

20-25

Бақылау. Байқау. Әңгімелеу. Электрондық оқулық бойынша әңгіме . Оқулықпен жұмыс

3. Будың меншікті жылуы

15-20

Тәжірибе. Теория, практика

4. Үйге тапсырма

1-2




Тақтада: «Бақылау мен тәжірибе – физикалық білімнің көзі». Қосымша кипения- флипчарт №1.

Мұғалім: Жақсы шығарылған, ыстық шайдан артық не бар? Бәріміз шәйді қалай шығарылу керектігін білеміз. Шайды шығармас бұрын, суды қайнатып алуымыз керек.

Бүгін біз сабақта «Қайнау. Меншікті булану жылуы» тақырыбымен танысамыз.



Жаңа сабақты түсіндіру:

Мұғалім: Қазір біз қайнау процесін бақылаймыз.

Қайнау процесін бақылау: көпіршіктер, жоғары көтеріліп жоғалып кетуі, ызыл, көпіршіктердің судың бетіне жетіп жарылуы, судың қайнауы.

Енді осы бақылағанымызды мына флипчарттардан қарайық. Электрондық оқулық



Мұғалім: Суды қыздыру. Қыздырған кезде құтының үстінгі жағында пайда болған тұманды байқауға болады. Ол ыдыстағы сұйықтың бетіндегі буланудың күшейгенін көрсетеді. Құты қабырғасының қаттырақ қызған жерлерінде көптеген кішкене көпіршіктер пайда болатынын көреміз. Осы кезде, ызыл естіледі. Белгілі бір температурада көпіршіктер судың бетіне жетіп жарылады. Сұйық қайнайды. Сұйық температурасы өзгермейді. Осы температура сұйықтың қайнау температурасы деп аталады.

Мұғалім: Ал енді қайнау процесінің жұмбағын шешейік. Қосымша кипения- флипчарт №1





Жауабы:

1. Әңгімелесу барысында анықталады, құтының үстінгі жағынан тұманды байқауға болады. Ол ыдыстағы сұйықтың бетіндегі буланудың күшейгенін көрсетеді. Сыртқа шыққан су буы салқын ауамен араласады да және ұсақ тамшылар түрінде конденсацияланады.

2. Әңгімелесу барысында анықталады, бұлар - судың ішінде болатын еріген ауа көпіршіктері. Электронды оқулық 8-физика

3. Әңгімелесу барысында анықталады, ауа көпіршіктерінің іші су буымен толады да, олардың өлшемдері біртіндеп үлкей е береді.



Электрондық оқулық 8- физика

4. Әңгімелесу барысында анықталады, көпіршіктер ыдыс қабырғасынан ажырайды да, жоғары көтеріледі. Осы кезде, әдетте, су қайнар алдында шығатын ызыл естіледі.

5. Әңгімелесу барысында анықталады, көпіршіктер ішіндегі қаныққан будың қысымы атмосфералық қысымнан жоғары. Сондықтан көпіршіктер судың бетіне жетіп жарылады.

Мұғалім: Ал енді Қайнау мен булану процесін салыстырайық.



Электрондық оқулық 8- физика

Сұйықтың қайнауының, оның булануынан айырмашылығы неде?

Булану қайсысында болады?

Булану қандай температурада болады?

Сұйықтың қайнауы мен булануы кезінде оның температурасы қандай болады?

Оқушылар жауабын тақтаға жазады.

Енді осы процестерді салыстыра отырып қайнауға анықтама берейік. Электрондық оқулық 8- физика

Оқушылар анықтама береді. Тақтадағы бос орындар толықтырылады.

Мұғалім: Оқулықтағы 6-кестеге қарайық. Кестенің атына мән беріп қараңдаршы.

Оқушы: Қалыпты атмосфералық қысымдағы кейбір заттардың қайнау температурасы.


Үй тапсырмасы : Қайнау
Каталог: sites -> default -> files -> posled -> sko
sko -> СҚО обл Ғ. Мүсрепов атындағы аудан Гаврилов орта мектебі Аяшева. Ж. С. Тақырып:Қазақстан топырағы
sko -> География сабағы,6 сынып ско
sko -> Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Қазақ тілі»,
sko -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы
sko -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіров
sko -> Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессия n-ші мүшесінің формуласы
sko -> Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессия
sko -> Сабақтың тақырыбы: Сан есім. Қазақстан жері. 2-ші сағаты. Сабақтың мақсаты: Грамматикалық тақырыпты лексикалық
sko -> Сабақтың конспект жоспары Мұғалімі Қаженова Қарашаш Әлімтайқызы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы
sko -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның көрікті орындары Сабақтың максаты


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет