Ғылыми мақаланы жазу құрылымы мен ережесі



Дата30.09.2024
өлшемі17.73 Kb.
#504191
Ғылыми мақаланы жазу құрылымы мен ережесі


Ғылыми мақаланы жазу құрылымы мен ережесі
Ғылыми мақала – автордың зерттеулерінің нәтижелерін көрсететін жұмыс.
Ғылыми мақаланың ерекшеліктері:
• айқындық, нақтылық, мазмұндау ерекшелігі;
• дәйектілік;
• Жұмыстың құрылымы.
Ғылыми мақала келесідей негізгі маңызды элементтерді қамтиды:
• мақала тақырыбы;
• Авторлар туралы мәліметтер;
• Аннотация;
• Кілт сөздер;
• Кіріспе;
Негізгі бөлім;
• Қорытынды;
• Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Мақаланың бірінші бөлімі

  • Өзектілігі

  • Мақсаты

  • Міндеттері

  • Ғылыми жаңалығы

  • Зерттеу нысаны

  • Зерттеу тақырыбы

Негізгі бөлімде:
• Автор зерттеудің міндеттерін таңдау керек;
• Зерттеу жүргізу үшін қолда бар материалдарды пайдалануы немесе өзінің
жаңа құралын жасауы қажет;
Алынған нәтижелерді талдап, зерттеудің нәтижесінде жаңа, әрі пайдалы
не алғанын түсінуі қажет.
• Зерттеу тақырыбы бойынша, дереккөздер мен әдебиеттерге талдау
жасалуы қажет;
• Зерттеу болжамы берілуі тиіс;
• Зерттеу мен оның нәтижелері, практикалық ұсыныстар, алынған
нәтижелер нақтыланып, түсіндірілуі қажет.
Қорытынды бөлім
Жұмыс барысында алынған нәтижелердің практикалық мәні ашылып, болашақ зерттеулер үшін негізгі бағыттар анықталады.
Әдебиеттер тізімі
Мақала жазу барысында қолданылған барлық әдеби дереккөздер мен жұмыстар




Ғылыми мақала зерттеуші іс-әрекетінің негізгі
нәтижесі болып табылады.
Ғылыми мақала – диссертация тақырыбымен байланысты проблемаға кіретін қандай да бір тақырыпты ашатын аяқталған және логикалық
біртұтас шығарма.
Ғылыми мақаланың басты мақсаты – автордың жұмысын басқа зерттеушілердің игілігіне жарату және белгілі бір зерттеу аумағындағы оның басымдылығын көрсету.
3. Ғылыми нәтижелерді мәтін түрінде берудің нұсқалары
Монография – бір немесе бірнеше авторлардың бір проблеманы немесе бір тақырыпты жан-жақты және толық зерттеулерін қамтитын ғылыми немесе ғылыми-танымал басылым. Ғылыми еңбектердің жинағы - қоғамның немесе ғылыми мекеменің, оқу орынының ғылыми материалдарынан тұратын жинақ.
4. Конференция (съезд, симпозиум) материалдары – конференцияның l (баяндама, нұсқау, шешімдердің) қорытындысынан тұратынмерзімсіз жинақ.
5.Ғылыми журнал – ғылыми қызметкерлерге арналған теориялық зерттеулер жайлы қолданбалы сипаттағы материалдар мен мақалалардан тұратын журнал
6. Ғылыми мақалалардың берілуі ғылыми-зерттеу нәтижелері жайлы қысқаша хабарлама; жұмыс нәтижелері жеткілікті түрде жан-жақты баяндалған өзіндік ғылыми мақала; тарихи-ғылыми сипатта; пікірталас түрінде; ғылыми -публицистикалық; жарнамалық. Мақаламен жұмыс істегенде ғылыми мақаланың жалпы жоспарын құру приниптері мен ғылыми стильді сақтау
керек
7. МАҚАЛАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
аннотация (түйіндеме);
кіріспе бөлім;
негізгі бөлім;
қорытынды бөлім;
әдебиеттер тізімі;
кілттік сөздер.
8. Аннотация Мақалаға авторлық түйіндеме - бұл тек қана негізгі мәселелерден тұратын жұмыстың қысқаша сипаттамасы. Түйіндемеде жұмыстың негізгі идеяларын анықтау қажет, оларды біріктіріп, өте қысқа түрде беру керек. Түйіндеме жұмыстың барлық мазмұнын бере отырып, өзектіліктен, проблеманың қойылуынан,қойылған проблеманы шешу жолдарынан, нәтижелер мен қорытындыдан тұрады. Әрбір тарау бір сөйлеммен ғана жазылады.
9.Сондықтан да, түйіндемені жазудың кілттік кезеңі ойды нақты баяндау болып табылады. Түйіндемені жазуда жалпы қабылданған, белгілі терминдерді қолданылу ұсынылады.
Мысалы: «Жұмыста.....
қарастырылған/ұсынылған/талданған/жалпыланған/тексерілген/негізделген»
Түйіндемеде артық нәрселер мен нақты цифрлар
жазылмайды!
Жаңалығы - ол жұмыстың нәтижесінің басқа
авторлардың нәтижелерінен айырмашылығы.
Негізгі бөлімде:
* автор зерттеу міндеттерін таңдау керек,
* зерттеу жүргізу үшін бар құралдарды пайдалануы
немесе өзінің жаңа құралын жасауы қажет,
* алынған
нәтижелерді
талдап,
зерттеудің
нәтижесінде жаңа, әрі пайдалы не алғанын түсінуі
қажет.
12.* зерттеу тақырыбы
бойынша дереккөздер мен
әдебиеттерге талдау жасалуы;
* зерттеу болжамы берілуі;
* зерттеу мен оның нәтижелері, практикалық
ұсыныстар,
алынған нәтижелер нақтыланып,
түсіндірілуі керек.
13.Негізгі
бөлімді
жазғанда әрбір нұсқау мен
аргументтерді басты өзекке салыстыра отырып,
мақалада қойылған мақсатқа үнемі бейімдеп
отыру керек. Бұл мақаланы қабылдауды
жеңілдетеді.
Қорытынды бөлімде жұмыс барысында алынған
нәтижелердің практикалық мәнділігі ашылып;
болашақ зерттеулер үшін негізгі бағыттар
анықталады.
14.Мақала эксперименттік мәліметтердің негізінде
жазылса және көпжылдық еңбектің нәтижесі
болған
жағдайда
тұжырым
(қортындының
орнына) жазылады.
Тұжырым тезис түрінде болуы мүмкін.
Мақалада «кіріспе бөлім», «негізгі бөлім» және
«қорытынды бөлім» сияқты сөздер жазылмайды!
15.
Әдебиеттер тізімі – кез келген ғылыми жұмыстың
міндетті бөлімі, мақалада қолданылған барлық
көздерден тұрады.
Мақалада кілттік сөздер іздеу жүйелері мен
мақаланы тақырып бойынша жүйелеу үшін
19. Ғылыми мәтінді баяндау мәнері
20. Терминдерді қолдану
21. Ғылыми мәтіннің лексикасы (тілдің сөздік құрамы)
Ғылыми мәтін әрқашанда белгілі бір ғылым
аумағына тән сөздерді қолдану арқылы жазылады.
Кез келген ғылым саласының (математика,
физика, информатика және т.б.) ғалымдары мен
зерттеушілері үшін түсіндіруді қажет етпейтін
терминдері болады.
22.
Ғылыми мәтіндердің жалпы қабылданған
лексикасы бар, мысалы:
характерно (тән);
соответственно (сәйкесінше);
исходя из (бұдан шығатыны);
следовательно (сондықтан, демек);
применительно (сәйкес, қолданылатын);
относительно (жөнінде, туралы, жайлы);
предполагает использование (қолдануды болжау,
жорамалдау) және т.б.
23.Ғылыми мәтіннің логикалық құрылымын көрнекі
етіп жасау үшін әртүрлі кіріспе сөздер мен
фразалар қолдануға болады.
Мысалы, біріншіден, екіншіден, сонымен қатар,
қортындылай келе, қорыта айтқанда, сонымен,
сондықтан және т.б.
Бірақ әр сөйлемді кіріспе сөзден бастай берудің
қажеті жоқ!


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет