«Мен және менің ортам» атты тренингі.(6 сыныптарға арналған)
Тренингтің ережелері:
Біреуі сөйлейді, басқалары тыңдайды. Болып жатқанға белсенді қатысу.
Әркім өз пікірін білдіруге құқылы.
Пайда болған ой, сезімдеріңді осы жерде және қазір айт.
Қазір біздер балалар, шеңберге тұрамыз. Сіздермен өте қызықты жаттығу орындаймыз. Атауы да ерекше – «Өзіңді мақта!». Өзімізді мақтауға бізге сиқырлы доп көмектеседі. Әрбір оқушы қолына сиқырлы допты алғаннан кейін өзін мақтауы керек. Сіздерден ұялмауларыңызды сұраймын. Ендеше, ойынды өзімнен бастайын. «Мен өзімді ақылдымын және мейірімдімін деп мақтағым келеді, себебі мен әрқашан өзімнің оқушыларыма және олардың ата - аналарына, сонымен бірге басқа да адамдарға көмектесемін». Осылай допты келесі адамға береді. Бұл жаттығу оқушыларда өзіне деген сенімділікті және батылдықты дамытады.
Танысу. «Өзіңді мақта!» жаттығуы.
И. Панарин тесті - Геометриялық фигураға назар аударып әркім өзіне ұнаған фигураға барып отырады. Өздері таңдаған фигураның нені білдіретінін, неге осы фигураны қалағандарыңды айтасыңдар. (оқушылардың болжамдарынан кейін, мұғалім осы тесттің мақсатын түсіндіреді)
Тіктөртбұрыш - таңдағандар лидерлік қабілеті бар, алдына қойған мақсатына жететін, басқарушылық қаблеті басым жандар. - Тіктөртбұрыш - таңдағандар лидерлік қабілеті бар, алдына қойған мақсатына жететін, басқарушылық қаблеті басым жандар.
- Үшбұрыш - өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған істі аяғына дейін жеткізетін жандар.
- Төртбұрыш - жаңа идеяларға жақын, білуге құмар, ізденгіш жандар.
- Дөңгелек - осы 5 фигураның ішіндегі өте мейірімді, басқаның қайғысын қуанышын да бөлуге даяр тұратын жандар.
- Зиг-зак - шығармашылық қабілеті басым, үнемі ізденіс үстінде жүретін жандар.
Жаттығу. «Орнымызды ауыстырамыз». - Бұл ойын кішкене қимылдауға, көңіл - күйді көтеруге, сонымен қатар бір - бірі туралы қосымша ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бір орындық алынып тасталады да, жүргізуші босаған орынға отырып алу үшін келесідей тапсырма береді: «кімнің достары көп, алмұртты жақсы көретіндер, оқуды жақсы көретіндер, домбыра тарта алатындар, балмұздақты жақсы көретіндер, ата - анасына көмектесетіндер және т. б. орындарын ауыстырсын».
Достарыңызбен бөлісу: |