Тақырыбы: Жүрекке, жол тапқан, мейірімді «Сара Алпысқызы»



Дата17.07.2016
өлшемі44.5 Kb.
#206271
Тақырыбы: Жүрекке, жол тапқан, мейірімді «Сара Алпысқызы»

Мақсаты: Қазақстанның бірінші ханымы, « Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс - шаралары, еліміздегі адамгершілік - рухани білім беруінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі, жер бетінде өмір сүрген барлық халықтардың арманыөзара түсіністік пен сыйластықты сақтауы деген қағидасын түсіндіре отырып, "Өзін - өзі тану" әлемінің басты мақсатыұл - қыздарымызды жеке өзімен және өзін қоршаған ортамен үйлесімділікпен өмір сүруге баулу. Сара Алпысқызының ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, ата - анасына, ең жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: түрлі түсті қағаздар, карточкалар, қарындаштар.
Әдіс тәсілі: топтық жұмыс, сауалнама, сұрақтар.
Мұғалімнің өзін - өзі таныстыруы.
Мұғалім:
- Бүгінгі сабақтың өзгешелігі, мектеп акт залында, қонақтармен ата - аналарымызбен бірге өткізгелі отырмыз. Бұл сабақтың негізгі өткізілу мақсаты: Сара Алпысқызы Назарбаеваның мерей тойына байланысты болмақ.
Оқушыларды топқа бөліп отырғызу.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Қазіргі кезде өскелең ұрпақты тәрбиелеуде алға қойып отырған негізгі мақсаттардың бірі - қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, мемлекетіміздің болашағы үшін жан - жақты дамыған жеке тұлғаны калыптастыру.

Осы мақсатты жүзеге асыруда «Бөбек»қорының президенті Сара Алпысқызы «Өзін - өзі тану» рухани - адамгершілік білім жобасы республикамыздың білім беру мекемелерінде, бала бақшаларында эксперименттік пән ретінде жүргізіліп келеді.
Баланы мәдениеттілікке, сыпайылыққа, әдептілікке баулу - ата - ананың да, қоғамның да, мектептің де ең басты міндеті.

Адам бойына кішіпейілділік, сыпайылық, мейірімділік, рақымшылдық, жанашырлық, тілектестік, сыйластық сияқты қасиеттерді дарыту және өзгелерді қадірлей, сыйлай, құрметтей білуге, тыңдай білуге, қолынан келгенше адамдарға көмектесу, кешірімді болуға үйрету де «Өзін - өзі тану» пәнінің үлесіне тимек.
Ендеше, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз Сара Алпысқызы Назарбаеваға арналмақ. «Даналық шыңы - махаббат» десек балаға деген ұлы сезім Сара Алпысқызының өмірлік ұстанымы. Олай болса осы абзал жанның өмір дерегіне қысқаша тоқталайық.
1. Сара Алпысқызы қай жылы, қай қалада дүниеге келді?
2. «Бөбек» республикалық қоры және «SOS Қазақстан балалар ауылдары» қоры қашан құрылды?
3. Сара Алпысқызы қандай кітаптардың авторы?
4. Сара Алпысқызы еңбектері үшін қандай марапаттауға ие болды?
1 - ОҚУШЫ
Сара Алпысқызы 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды обылысы, Қызылжар ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын қарапайым құрылыс жұмысшысы болып бастаған. Жоғары білімді экономист. Сара Алпысқызының елбасымыз Н. Ә. Назарбаевпен отасқанына 50 жыл толды. 3 - қызы бар, немере, шөбере сүйген ардақты, бақытты ана.
2 - ОҚУШЫ
1992 жылдан бастап Сара Алпысқызы балаларға рухани - адамгершілік білім беру және тәрбиелеуге байланысты мәселелерді шешуге нақты көмек көрсететін «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалашы және президент.
1994 жылдан бастап «SOS - Қазақстан балалар аурулары» қорының президенті. 1999 жылғы наурыз айынан «Демография қайырымдылық қоры» кеңесінің төрайымы.
4 - оқушы
Сара Алпысқызы - қоғамның, адамның рухани адамгершілік дамуы бойынша бирнеше кітаптардың авторы, бақытты балалық шақ туралы тұжырымдама құрды

5 - оқушы.
Сара Алпысқызы «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы. Қор көмекке зәру панасыз балаларды өз қамқорлығына алып, тәрбиелеуге мән береді. Қазақстанның бірінші ханымының бастамасымен елімізде жетім балаларды қорғау туралы Заң қабылданды. Осының нәтижесінде Республиканың барлық өңірінде жетім балалар үшін отбасылық үлгідегі балалар қалашықтары құрылып «Үміт» жас өскіндер үйлері ашылуда.
6 - оқушы Сара Алпысқызы көптеген кітаптардың авторы. Атап айтсақ:
1. Порфирий Корнеевич Ивановтың «Детька» жүйесін пайдаланушы қатысушылардың денсаулығын, адамгершілік тәрбиесін нығайту және дамытудың мәселелері 1999 ж
2. «Өзіңе жол» Порфирий Корнеевич Ивановтың ілімі сау тұлғаны тәрбиелеудің әдісі ретінде 1999ж.
3. «өмір этикасы» 2001 ж.
4. «Сүйіспеншілікпен» 2001 ж.
7 - оқушы Сара Алпысқызы балалардың құқықтарын қорғау саласындағы еңбектері үшін:
«1 - Дәрежелі Достық орденімен 2001 ж.»
«Алтын жүрек» Халықаралық сыйақысының лауреаты 2006 ж.
«Ш. Айматов атындағы «Алтын медаль» 2003 ж.
«БҰҰ – ЮНИСЕФ балалар қорының естелік медалі» 2007 ж.
«Ихсан Дограмачи атындағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сыйақысы».
«Жетім балалардың мәселелерін шешуде ерекше еңбегі үшін - sos - Киндердорф»халықаралық қорының алтын медалі 1999 ж.
«Балам дейтін ана болмаса, Анам дейтін бала қайдан табылар» бар баланың анасы болып, әр баланың болашағына ізгі жол сала білген, әлемнің анасы атанған өз анамыз Сара Алпысқызының өмірі мен еңбегінен үлгі ала отырып, болашақта еңбек сүйгіш, мейірімді, адал, Отанымыздың туын биік ұстар, ұлт болашағын көркейтер еліміздің патриот азаматтары болуларыңызға тілекшіміз.
Мұғалім:
«Бала жанын ғажайып пен жақсылыққа толтырсаңыз болады, оның өзі - ақ тәрбиелі болып шығады»- деп ұлыларымыз айтқандай бала тәрбиесінде нәтижелі іске қол жеткізудің жолын тапқан «Бөбек» Республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті С. А. Назарбаеваның бала бойындағы мейірімділік пен қайырымдылық, ізгілік пен рухани құндылықтарды арттыру және адамға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін білім берудегі жаңа «Өзін - өзі тану» пәні әр баланың жүрегінің төрінен орын алғаны сөзсіз. Әр баланың жүрегіне жол таба білген мейірімді жан.

Шаттық шеңбері
Ана туралы жыр
Сөзін жазған: Ғ. Қайырбеков
Әнін жазған: Ш. Қалдаяқов
Әлемнің жарығын сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін жинадың сен маған.
Сен бердің құстардың қанатын самғаған,
Балалық құштарым өзіңе арнаған.
Қайырмасы:
Әлдилеп, аялап, өсірген жемісін,
Самал жел, сая бақ құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де мен саған сәбимиін
Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын.
Етуге борышың, анашым, жан сырым.
Іздедім сен үшін әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын сыйлар ем, кеш мені,
Сыйлар ем ай, күнін, қолыма түспеді.

Топтық тапсырма. Шағын эссе жазу. Берілген уақыт 5 - 7 минут.

1. Әлемнің жарығын сыйладың сен маған.
2. Анам үшін мақтанам.
3. Анам менің ардақты.
4. Анам асыл қазынам.


Қортынды: Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Өмірде анаға деген сағыныш, оның ыстық мейірімге толы жылы құшағын аңсамайтын адам бола қоймас. Күннің шуақты сәулесіндей ыстық ана жүрегі, одан туындайтын ананың махаббаты әр перзент үшін. Сондықтан баршамыз ана атына кір келтірмей, оларды ардақ тұтып құрметтеуіміз қажет.
Әркімнің ақ жаулықты анасы бар,
Бәрің де ана алдында баласыңдар.
Анасы ақ жаулықты төрде отырса,
Ұяда береке бар, жарасым бар.
Құрметті қонақтар, ата - аналар оқушылар осымен бүгінгі «Алтын жүрек анамыз» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет