Сабақтың тақырыбы Қазақ жазуының даму тарихы Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты



бет1/3
Дата05.06.2024
өлшемі31.49 Kb.
#502321
түріСабақ
  1   2   3

Сабақ: 1-2
Қазақ тілі мен әдебиеті

№4 орта мектеп КММ

Уақыты: 1.09



Мұғалімнің аты-жөні: Сулейменова А.О.

Сыныбы: 9 T2

Қатысқан оқушылар саны: 1

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазақ жазуының даму тарихы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты

9.1.1.1 тыңдалатын мәтіндегі фразалар мен дәйексөздерді талқылай отырып, тақырып пен көтерілетін мәселені болжау;
9.2.3.1 коммуникативтік жағдаятқа сай сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп, өз ойын жеткізу

Сабақ мақсаты

Тыңдалым мәтініндегі ақпараттарды тақырыптаға жіктейді.
Мазмұн бойынша сұрақ құрастырып, жауап береді.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған қызмет түрлері:



Ақпарат көздері




Басы
6 мин



Қызығушылықты ояту
Топтарға тіл туралы мақалдар қиылып беріледі. Топта мақал-мәтелдерді құрастырады.


Тіл - достықтың алтын көпірі.
Тіл мәртебесі - ел мәртебесі.
Тіл – қылыштан да өткір.
Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіреді.


Ортасы
35 мин



Оқушыларға тілдік дағды мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылады. 2 мин
Тыңдалымалды тапсырма. Оқушылар жаңа сөздермен танысады.



Сөз

Мағынасы

Аударма

Қалыптасу кезеңі

Пайда болу уақыты

период формирования/основания

тармақ

Жақын тілдердің тобы

ветвь языка



Сөз+табыс с. бастан кешкен

Өткізген

Пережил исторические периоды

Тұтас сақтау

Жойылмай, жоғалмай толық сақтау

Сохранить без утраты

З.е+і. с. пайымдауынша-қыстырма сөз

Сөздері, дәлелдері, зерттеулері бойынша

По мнению ученых



Қайнар көзі

негізі

источник

Негіздеу –етістік
Негіздеме-обоснование

Бір зерттеуге, дәлелдемеге сүйену

Обосновать
обоснование

...+ге (барыс .с) талпыныс жасау-етістік
Талпыныс-зат есім

талпыну

Стремиться чему то
стремление

икемдеу

бейімдеу

приспосабливать

Түпкілікті тұрғын

Негізгі халық

Основная нация

тұжырымдама

пікір

концепция

Үнемі-үстеу/наречие

ылғи

постоянно

Кәсіпкерлік сала

Кәсіппен байланысты бағыттар

Сфера бизнеса

Қолданысқа енгізу

Қолдануға кіргізу

Внедрить/вводить в применение

Көзделген-етістік

мақсат қойылған

предусмотрен

Тыңдалым тапсырмасы.
Қазақ жұртының Еуразия кеңістігіндегі көне халықтардың бірі екені анық. «Қазақ» аталатын біртұтас халық ХV-ХVІ ғасырларда қалыптасса да, «қазақ» этнонимі ерте замандардан мәлім болған. ХІ ғасырда өмір сүрген ұлы ақын Фирдоуси шығармаларында «қазақ» сөзі этнос мағынасында қолданылған.
Қазақ тілі – батыс түркі тілінің қыпшақ тармағына жатады. Бұл тармаққа кіретін тілдер – қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қырғыз, қырым татар және тағы басқа тілдер. Қазақ тілі - өзіндік әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл. Қазақ тілінің тарихы әртүрлі тарихи кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты.
Қазақ тілі ХІ-ХІІ ғасырлардағы Түрік қағанатының пайда болу кезеңінен басталып, ХҮ ғасырдағы қазақ хандығы тұсында толық қалыптасып болған еді. Басқа түркі тілдерімен салыстырғанда, сөздік қоры бойынша қазақ тілі – ежелгі таза қалпын тұтас сақтап келе жатқан тілдердің бірі. Ғалымдардың пайымдауынша, қазақ тілінің ауыз әдебиеті және жазба әдебиеті сияқты екі қайнар көзі бар.
Қазақ тіл білімінің ғылым ретінде қалыптасып, дамуы А.Байтұрсыновтың есі­мімен тығыз байланысты. Оның қазақ тілі оқулығы ретінде жазған «Тіл-құрал» атты еңбегінде, мақалалары мен баяндамаларында тіл білімінің өзекті мәселелері сөз болады. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ы.Алтынсарин қазақ жазуын орыс графикасына негіздеуге талпыныс жасаса, ХХ ғасырдың басында А.Байтұрсынов қолданылып келген араб графикасын қазақ жазуына икемдеп, төте жазуды құрастырды. 
Қазақ тілі Қазақстан республикасының түпкілікті тұрғындары қазақтардан басқа Қытай, Монғолия, Иран, Ауғанстан, Түркия мемлекеттері мен ТМД-ның Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан сияқты республикаларында тұратын қазақтардың да ана тілі.
1989 жылы 11 қыркүйекте қабылданған "Тіл туралы” Заңда "Тіл - халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі” делінген. Ал бірінші баптың бірінші тармақшасында "Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады” деп жазылған.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев "Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде” деген тұжырымдаманы үнемі айтып келеді. Қазақ тілі мәселесі мемлекеттік деңгейге көтерілген кейінгі жылдары бұқара халық та ана тілі үшін белсенділік танытуда.Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламада мемлекеттік қызметте, қоғамдық-саяси және әлеуметтік, кәсіпкерлік саланың барлық бағыттарында мемлекеттік тілді батыл қолданысқа енгізу көзделген.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет