Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары


Еліктеу сөздердің сөйлемдегі қызметі



бет68/76
Дата30.03.2023
өлшемі218.7 Kb.
#471372
түріСабақ
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   76
ҚЗҚТН-прак.-30сағ.

4.2. Еліктеу сөздердің сөйлемдегі қызметі. Еліктеу сөздердің сөйлемдегі атқаратын қызметі олардың қандай сөздермен тіркеске түсіп тұратындығымен тығыз байланысты болады. Еліктеу сөздер етістіктермен тіркесіп келетіндіктен, олардың сөйлемдегі синтаксистік негізгі қызметі сын- қимыл пысықтауыш болып табылады. Еліктеу сөздер сөйлемде қолданылу орнына қарай қандай сөздермен тіркесіп тұратынына байланысты барлық сөйлем мүшесінің де қызметін атқарады. Еліктеу сөздерде заттану процесі жиі ұшырасады, сондықтан тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің қызметінде жұмсала береді.
1. Еліктеу сөздердің жалаң, күрделі түрлері, өздерінің негізгі, туынды формаларында келіп, негізгі етістіктермен қабыса байланысып, негізгі етістіктің қимыл- сынын, сипатын білдіріп, сын- қимыл пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Шекер оның сөзіне мырс- мырс күледі (сын- қимыл пысықтауыш).
2. Еліктеу сөздердің жалаң, күрделі түрлері көмекші етістіктермен тіркесіп келіп, сөйлемнің тиянақты баяндауышының қызметін де атқарады. Мысалы: Тәрбиенің құлағы селтең ете қалды (баяндауыш).
3. Еліктеу сөздердің жалаң, күрделі зат есімдермен тіркесіп, қабыса байлнасып келіп, қандай? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш қызметін де атқарады. Мысалы: Шып-шып (қандай? анықтауыш) тер сорғалап ағады (С.Е.).
Еліктеу сөздер басқа сөз таптары сияқты субстантивтеніп, зат есімнің парадигмалық жүйесі бойынша түрленеді. Көптеледі, септеледі, тәуелденеді, жіктеледі.
4. Еліктеу сөздер заттанып, атау тұлғада бастауыш қызметін атқарады. Мысалы: Даң –дұң (не) жуырда басылмады (Ғ.М.).
5. Еліктеу сөздер субстантивтеніп, барыс, жатыс, табыс, шығыс, көмектес септік жалғауларында келіп, сөйлемде толықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Құр сымпыңды (нен Еліктеу сөздер ілік септік жалғауында келіп, сөйлемде анықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Күбір –сыбырдың (ненің?) бәрі өшіп, жұрт төбеге ұрғандай тына қалды (Ә.Ә.).
Еліктеу сөздер субстантивтеніп, сөйлемнің соңында келсе, баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы: Завод бұрқ –бұрқ, машина зырқ –зырқ (Б.М.). Лабаның бұл қабырғасы дал-дал (Ғ.Мұст.).
Ь Сөйтіп еліктеу сөздер –басқа сөз таптары сияқты заттанып, тіліміздегі төрт түрлі жалғаумен түрленіп, сөйлемде барлық мүшенің қызметін атқара алатын, өзіндік сөйлемдік қасиеті бар, синтаксистік ерекшелігі мол сөз табының бірі. Осындай синтаксистік белгілері арқылы еліктеу сөздер өзін басқа сөз таптарынан ерекшелендіріп тұрады.
Шылау сөздер
Шылау- көмекші сөздердің бір түрі. Бұлар лексикалық мағынадан айрылған. Сондықтан сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланысытыру үшін, толық мағыналы сөздерге тіркесіп, қосымша абстрактілі лексика грамматикалық мағына үстеу үшін жұмсалады.
Шылау сөздер тіркесіп, құрауға тең (сыңар) компонент болып қатыса алмайды, өзіне жалғау, жұрнақ жалғамайды. Бұлар дербес сөздерге аналитикалық форма (тұлға жасаудың тәсілі ретінде жасалады. Мысалы: Жел барған сайын үдей түсті.
Шылаулар мағыналары мен қызметтеріне және грамматикалық сипаттарына қарай өз ара үш топқа жіктеледі: 1. жалғаулық шылаулар; 2. септеулік шылау; 3. демеулік шылау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет