«Бекітемін»
_____________ ______________
Мектеп директоры
-
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның қазіргі армиясы.
-
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қазақстанның қазіргі армиясымен және әскери – оқу орындарымен таныстыру.
-
Уақыты: 45 минут.
-
Өткізілетін орны: БӘД бөлмесі.
-
Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакат.
-
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.
-
патриотизм дегеніміз не?
-
жауынгерлердің интернационалистік қасиетін қалыптастырудағы патриотизмнің рөлі қандай?
-
жауынгерлерді патриотизм мен интернационализм рухында тәрбиелеудің жолдары қандай?
б) Негізгі бөлім – 25 минут.
Қазақстанның қазіргі армиясы. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлері, оның құрамы мен тағайындалуы. Жоғары әскери оқу орындары, олардың әскери мамандарды даярлаудағы рөлі.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ АРМИЯСЫ.
Қазіргі кезде ҚР ҚК –не құрлықтағы әскерлер, аэроұтқыр әскерлері, әуе қорғаныс күштері, ұлттық қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметі және Республикалық ұлан мен Ішкі әскерлер кіреді. Өз ретіне қарай, ҚК түрлері әр түрлі әскер бөлімдері мен құрамалардан, арнайы әскер бөлімдері мен бөлімшелерінен тұрады.
Құрлық әскерлерінің құрамында бірнеше арнайы әскер түрлері мен құрамалары болады.
Әскер түрлеріне мотоатқыштар, танк және артиллерия әскерлері жатады.
Арнайы әскерлерге инженерлік, химия, байланыс, радио және радиотехникалық, автомобильдік әскерлер және т. б. жатады.
Мотоатқыштар әскерлеріне мотоатқыштар бөлімшесі, бөлімдер және құрамалар жатады. Олар ұрыс құралдарының әр түрімен қаруланған және моторландырылған. Олардың бөлімшелері мен бөлімдері жаяу әскерлердің ұрыс машиналарымен (ЖҰМ), бронетранспортерлермен және танкілермен жарақталған. Жауынгерлер автоматпен қаруланады және бөлімшелерде танкіге қарсы күрес жүргізетін және басқарылатын реактивтік снарядтар (ПТУРС) болады. Қаруланған мотоатқыштар құрамалары бөлімдерінің құрамына түгелдей моторландырылған артиллериялық инженерлік, химиялық, байланыс, автомобильдік және басқа бөлімшелер енген.
Танк әскерлері – құрлық әскерлерінің басты екпінді күші. Олар ең басты күрделі міндеттерді орындау үшін қолданылады.
ҚР ҚК-нің құрамаларының қару – жарағында орта және жеңіл жүретін танкілері бар.
Құрлық әскерінің артиллериясында зеңбіректер, келте зеңбіректер, реактивтік қондырғылар, танкіге қарсы қолданылатын жойғыш зеңбіректер, минаатарлар және алыс қашықтықта әрекет ететін танкіге қарсы қолданылатын басқармалы реактивтік снарядтар болады. Барлық құралдары моторландырылған.
Құрлық әскерлерінің арнайы бөлімшелері мен бөлімдері құрлық әскерінің тіршілігі мен ұрыс әрекеттерін толық қамтамасыз етуге арналған.
Инженерлік әскерлер. Бірде – бір әскери мәселе инженерлік қамтамасыз етусіз шешілмейді. Олар шабуылда әскерлердің жылжуын қамтамасыз етеді, жолдар мен көпірлер салады, сулы тосқауылдардан өту құралдарын жабдықтайды, қарсыластың бөгеттеріне өткелдер жасайды, минасыздандырады. Қорғаныста қорғаныстық шептерді және позицияларды тұрызыды, бөгеттер жасайды.
Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлері (РХБ қорғау) - әскерлерді ұрыстық қамтамасыз ету түрлерінің бірі ретінде ұрыста радиоактивтік, химиялық, биологиялық зақымдану жағдайында әскерлердің шығынын төмендету және қорғану мақсатында қолданылады.
Байланыс әскерлері бөлімшелер мен бөлімдердің арасында берік және тұрақты байланыстың болуын қамтамасыз етеді.
Техникалық қамтамасыз ету бөлімдері ракеталар мен оқ – дәрілерді күтіп ұстауға, сақтауға, әскерлерді қару – жарақпен , техникамен , оқ – дәрілермен қамтамасыз ету және әскери – техникалық барлау, эвакуациялау, бұзылған қару – жарақ пен техниканы жөндеуді ұйымдастырып, оларды уақытында іске қосуға арналған.
Тыл бөлімшелері, бөлімдері мен құрамалары әскерлердің тылын қамтамасыз етуге арналған. Олар ұрыс жүргізіп жатқан бөлімдерге материалдық құралдарды жеткізу, жаралыларды, бұзылған техникаларды эвакуациялау және басқа да жүктерді тасымалдау міндетін атқарады.
Әуе қорғаныс күштері мемлекеттің әуе шекарасын және қарсыластың соққысынан әскерлерді қорғайды. Олардың құрамына әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері мен әскери әуе күштері кіреді.
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері (ӘШҚӘ) зениттік – ракеталық әскерлерден, ӘШҚӘ авиациясынан, радиотехникалық және арнайы әскерлерден тұрады.
Әскери әуе күштері майдан, армиялық және әскери – тасымалдау авиацияларынан тұрады.
Әскери – теңіз күштері Каспий теңізімен шекаралас өзендердегі қазақстандық секторын қорғауға, теңіздегі ұрыс қимылдары мен операцияларын жүргізуге арналған.
Аэроұтқыр әскерлері (десантшылар) әр түрлі ұрыс әрекеттерін жүргізуге, маңызды аудандар мен объектілерді басып алып, шабуыл жасап келе жатқан әскерлер келіп жеткенше ұстап тұруға, қарсыластардың штабтары мен тылдағы бөлімдерін жоюға, қарсыластарды қоршауда және жоюда көмектесуге арналған.
Ракеталық әскерлер және артиллерия қарсыласты атыспен жоюға арналған.
ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметінің құрамында: шекара әскерлері мен шекара қызметінің теңіз дивизиясы болады.
Шекара әскерлері Отанымыздың аумақтық біртұтастығын және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Шекара қызметінің теңіз дивизиясы шекарашылармен бірге ҚР-ның Каспий теңізіндегі сумен шекаралас бөлігін қорғауға арналған.
Республикалық ұлан ҚР Президентіне бағынатын жеке әскери құрылым. Ол аса маңызды объектілерді қорғауға байланысты міндеттерді орындайды. Жоғары мемлекеттік деңгейдегі хаттамалық және салтанатты шерулерді қамтамасыз етуге, сондай – ақ төтенше жағдайлар зардаптарын жоюға қатысады.
Ішкі әскерлер құқықтық тұрақтылықты сақтауға, арнайы мемлекеттік объектілерді қорғауға және басқа да қызметтік - әскери міндеттерді орындауға арналған.
Қазақстан Республикасындағы жоғары әскери - оқу орындары:
-
Құрлық әскерлерінің әскери институты. Алматы қаласы.
-
Ұлттық қорғаныс университеті. Алматы қаласы.
-
ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің әскери институты. Алматы қаласы.
-
Радиоэлектроника және байланыс әскери – инженерлік институты. Алматы қаласы.
-
ҚР Қорғаныс министрлігінің Шет тілдері әскери институты. Алматы қаласы.
-
ҚР Ұлттық Қауіпсіздік академиясы. Алматы қаласы.
-
Әскери теңіз институты. Ақтау қаласы.
-
Әуе қорғанысы Күштерінің әскери институты. Ақтөбе қаласы.
-
ҚР Ішкі істер министрлігінің Жоғары әскери Ішкі әскер училищесі. Петропавл қаласы.
-
Кадет корпусы. Шученск қаласы.
-
Республикалық «Жас Ұлан» мектебі.
Ресей федерациясының жоғары әскери – оқу орындары:
-
Әскери – артиллериялық университет.
-
Пензенск артиллериялық – инженерлік институты. Пензенск қаласы.
-
Краснодар әскери – авиациялық институты. Краснодар қаласы.
-
Әскери шет тілдер институты. Москва қаласы.
-
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс (ПВО) университеті. Тверь қаласы.
-
Әскери - әуе академиясы. Москва қаласы.
-
Тыл және транспорт әскери академиясының әскери филиалы. Вольск қаласы.
-
Сызранск әскери – авиациялық институты. Сызранск қаласы.
-
Әскери- инженерлік университет. Санкт – Петербург қаласы.
-
Рязанск жоғарғы әуе десанты институты. Рязанск қаласы.
-
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс (ПВО) әскери университеті. Смоленск қаласы.
-
Радиациалық, химиялық, бактериологиялық қорғаныс университетінің әскери филиалы. Кастрома қаласы.
в) Қорытынды бөлім – 10 минут.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
-
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлері мен олардың тағайындалуы туралы айтыңдар.
-
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қандай әскери – оқу орындарын білесіңдер?
Бастапқы әскери даярлық пәнінің
ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________
Достарыңызбен бөлісу: |