Мектеп: №1 МГ
|
Мұғалім: Алмабаев М.Т.
|
Күні: 12.11.2021ж.
|
Сынып 9А
|
Бөлім 3.2 Атмосфера
|
Сабақтың тақырыбы
|
Қазақстанның климаттық жағдайлары және климаттық ресурстары.
|
Оқу мақсаттары
|
9.3.2.2 Қазақстанның климаттық жағдайын талдайды
|
Бағалау критерийлері
|
Оқушылар:
Картадағы мәліметтерді пайдаланып, Қазақстанда орташа ауа температурасының таралуын түсіндіреді
Картадағы мәліметтерді пайдаланып, Қазақстанда жауын-шашынның таралуын түсіндіреді
|
Сабақтың мақсаты
|
Оқушылар Қазақстанның климаттық жағдайларын сипаттап, ерекшеліктерін түсіндіреді және өз аймағы бойынша климатограмма сызып,талдау жасайды
|
Мектеп құндылықтары
|
Сабақ академиялық шындықты, коллаборативті ортаны қалыптастыру және жауапкершілік пен көшбасшылықты дамытуға бағытталған. Оқушыларды топтық жұмыс арқылы бір-бірін құрметтеуге, сыныптастарының жауаптарын тыңдауға, талдауға, қорытынды жасауға баулу.
|
Тілдік мақсаттар
|
Тілдік мақсаттар: Оқушылар климаттық жағдайларды сипаттайды, өзгеру себебін түсіндіреді, ауызша жазбаша түрде жіктейді. (айтылым, тыңдалым, жазылым дағдылары).
Диалогқа / жазылымға қажетті тіркестер:
Климаттық жағдайларға...................жатады.
......Қазақстанның оңтүстігінен ..... .........қарай .......азаяды/көбейеді немесе көтеріледі/төмендейді.
......көтерілу/төмендеу себебі.........байланысты, .....азаю/көбею себебі ....байланысты.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Климат, температура, амплитуда, күн радиациясы, жер бедері, күннің түсу бұрышы, шашыранды,тура, шағылған, жұтылған радиация .б.
|
Пәнаралық байланыс
|
Математика – температураға қатысты есептер орындау кезінде математикалық амалдарды қолдану арқылы шығарады
|
Алдыңғы білім
|
8-сыныпта 8.1А Атмосфера бөлімінде 8.3.2.1 «климат» ұғымын түсіндіреді. 8.3.2.2 климат түзуші факторларды талдайды оқу мақсаттары
|
Сабақ барысы
|
Жоспарланған сабақ кезеңі
|
Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар
|
Ресурстар
|
Білімнің өзектілігі
|
(М) Ой шақыру. Географиялық диктант
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, тапсырманы орындаңдар:
Қазақстан 41-56 градус солтүстік ендіктер аралығында, яғни .................... климаттық белдеуде оналасқан. Мұхиттардан қашық жатқандықтан ........ ......... климат типі тән. Жазы ......, қысы ......., жауын шашын мөлшері салыстырмалы түрде .... .
Оқушылар жауаптарын ортаға салады, климатқа қатысты қандай шарттарды сипаттадық?
|
Презентация
слайд 1
|
Мақсат қою
|
Оқушылар пікірлерімен бөліседі, жаңа тақырып ашылады. Сабақ мақсатымен таныстырылады
|
|
|