Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық тағамдары. Сабақтың мақсаты



Дата13.06.2016
өлшемі41.41 Kb.
#133497
түріСабақ
Уақыты: 10. 03. 2015

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық тағамдары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың ұлттық тағамдар туралы білімдерін кеңейту, алған білімін тексеру, өз ойларын тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру.

Дамытушылық: Қазақтың асыл мұрасына жататын ұлттық тағамдармен терендете таныстыру.

Тәрбиелік: Қазақ ұлтының тұрмыстық мәдениетінің ізгілікті рухын жоғалтпауға тәрбиелеу


Сабақтың түрі: дәстүрлі
Көрнекілігі: ұлттық ыдыстар, тағамдар, суреттер, плакат,слайд
Сабақтын әдістері: сұрақ- жауап, жатқа айту, әңгімелеу, заттардың көмегіне сүйену.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру

II.Кезекшінің есебі

III. Үй тапсырмасын сұрау.


“Зымыран сұрақтар”

1. Ұннан жасалатын тағамдарды ата ?

2. Ұн қалай өндіріледі?

3. Ұнның сапасын қалай анықтаймыз?

4.Ұннан жасалған қандай тағам әзірлеп әкелдіңіздер ?

5.Әзірлеп әкелген тағамның жасалу жолын айтыңыз .

6.Тамақ әзірлеуде асхана ережесін сақтадың ба? Асхана ережесін айтыңыз.

III. Жаңа сабақ.


«Ас қадірін білмеген аштан өледі, ат қадірін білмеген жаяу қалады», «Ас – адамның арқауы». Осы мақалдар қандай мағына береді. Дұрыс айтасыңдар олай болса бүгінгі тақырыбымыз: Қазақтың ұлттық тағамдары. Бүгін біз топқа бөліне отырып ұлттық тағамдар туралы, олардың дайындалуы жайлы толық танысатын боламыз.

Осы жерде 3 топқа бөлінеміз.
«Бәйшешек», «Раушан», «Қызғалдақ»

Қыздар бейнебаянға назар аударайық. Бейнебаян не туралы деп ойлайсыздар?Тақырып қойыңыздар бейне көріністе.не туралы айтылған?

Рахмет, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «Қазақтың ұлттық тағамдары» Дастархан, ұлттық тағамдар туралы не білесіздер? Енді жайылған дастарханға назар аударайық.

Осы киелі дастарханның үстінде қандай тағамдар бар?

- Бауырсақ, таба нан, құрт, ірімшік, шұжық, қазы, айран, шай, қант, сары май.

-Осы дастарханға барлық тағамдар сыйып кетуі мүмкін емес. Сондықтан қазақ халқында тағы қандай тағамдар бар?

Ет, сорпа, куырдақ, қуыйрық, бауыр, жал-жая, қоспа, шұбат, қаймақ, қатық, кеспе, балқаймақ, шелпек.

Өте жақсы! Қазақ халқы дастархан байлығына өте үлкен мән берген. Негізгі асы – сүт пен ет. Қазақтар тағам түрлерін ақ/сүт тағамдары/, қызыл/ ет/ және /ұн тағамдары/ деп үшке бөлген.

Етті суға пісіріп те, буға пісіріп те, майға қуырып та, кесектеп те, отқа қақтап та әзірлеген. Олар қазы, қарта, шұжық, жал, жая, т.б. ет тағамдары адам ағзасында қан айналымын жақсартып қан көбейтуге пайдасы зор. Сүт химиялық құрамы жағынан тамаша тағам. Оның құрамында адам ағзасының қалыпты жетілуі үшін барлық дәрумендер бар. Ас қорту бездерінің жұмыс істеу қаблетін үнемі жақсартып отырады. Соған орай физикплық құндылығы жағынан өте жоғары табиғи өнім. Мысалға қымыз өкпе ауруына таптырмас емдік сусын.

Сүттен құрт, ірімшік, қымыз, шұбат, айран, май, қаймақ, қатық, сияқты ішетін, жейтін әр түрлі тағам әзірлеген.

Қазақ халқы табиғат байлығымен ертеден ақ жақын, ол байлықты тиімді пайдалана білген. Ет тағамдарының тұздығы мен сорпасын дәмдендіру үшін түрлі өсімдік түрлерін пайдаланған: пияз, сарымсақ, қозықұйрық/ т.б.

Ал енді осы аты аталған тағамдардың ішінде, қай тағам ең қасиетті, киелі деп аталатын тағам?

- наннан істелген тағамдар/ таба нан, бауырсақ, тоқаш, майшелпек, т.б

Қазақ халқының басты асы нан, нансыз өмір жоқ, сондықтан дастарханға алдымен нан қойылады.

Нан туралы қандай тиым сөздер білесіндер?

Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға, рәсуа етуге болмайды.

-Неге нанды киелі деп атайды?

Жерде жатқан нан болса алып, адам баспайтын жерге қою керек.

Таңертен нан ауыз тимей үйден шықпау керек.

Енді нан туралы өлең тындайық.

- Нан- ардақты адал ас

Кәрі,жас одан аттамас.

Ақ дастархан үстінде,

Қол жумай оны ұстамас.

Нандай жоқ қой асыл дәм,

Жеп үйренген жасыңнан.

Дастарханнан нан кетсе,

Береке кетер асыңнан.

Ей, балалар, балалар,

Болмаңдар, сірә, нанға тар.

Өмірдің алтын арқауы-

Нан қиқымын шашпаңдар,

Теріп алып, қастерлеп.

Торғайларға тастаңдар.







Оқушылар: қымыз туралы әңгімелеп береді.Қазақтың ұлттық тағамдарынан ішіп жегенде қандай әсер аламыз? Қазақтың ұлттық тағамдарын ішіп жегің келе береді.Тоймайсың.Өте дәмді,аузыңнан керемет тәтті дәм кетпейді.
1-тапсырма:

“Топтық жұмыс”


Бәйшешек” тобына:

Ұлттық тағамдардың пайдасы жөнінде постер қорғау


Қызғалдақ” тобына:

“Ас адамның арқауы” тақырыбына сурет салу.

Раушан” тобына:

Венн диаграммасын құру.


2- тапсырма

«Сәйкесін тап»


3-тапсырма:
Ас, тағамдарға байланысты өлеңдер, тақпақтар, мақал-мәтелдер айтайық.
Ас – адамның арқауы.

Аз ас, көп ниет.

Аз асты аяған көп астан құр қалар

Асы бар аяқтан аттама.

Айранды көріп азба, қымызды көріп қызба.

Айға жетпес асыңды, ауылдастан аяма.

Аш кезде берген күлше,

Тоқ кезінде берген түйеден артық.


Қорытынды.
Үйге тапсырма:

Ұлттық тағамдар туралы қосымша материалдар жинақтап жазып келу.


Бағалау.

«Қарақұм орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

(ашық сабақ)



Өткізген: Оразалиева Шахизада

Сыныбы: 10 «А»

2014-2015 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет