Сабақтың тақырыбы Балғабек Қыдырбекұлы – танымал жазушы Теміржолшы – тарихи оқиға шежіресі



Дата13.09.2023
өлшемі21.82 Kb.
#477428
түріСабақ
11 сынып


Сабақтың тақырыбы

Балғабек Қыдырбекұлы – танымал жазушы
Теміржолшы – тарихи оқиға шежіресі. /Железнодорожник-Хроника исторического события./

Бөлім 1

Еңбек нарығы және сұраныс. Балғабек Қыдырбекұлы «Теміржолшы»

Оқу мақсаты

10.2.2.1 - ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндерге сүйеніп, монолог және диалог құрау, сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушыға әсер ету;
10.4.1.1 - публицистикалық және ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, шағын мақала, баспасөз парағы, тезис, интервью жазу.

Оқушы мақсаты

Барлығы: оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында қолданылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсінеді.
Көбі: ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндердің (мақала, эссе, тезис, интервью, баспасөз парағы) құрылымы мен рәсімделуін біледі, жанрлық және тілдік ерекшеліктерін талдайды.
Кейбірі: публицистикалық және ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, шағын мақала, баспасөз парағы, тезис, интервью жазады.

Ақпарат көзі

Оқулық: Қазақ тілі мен әдебиеті Тіл – байрақ , 10-сынып, 1-бөлім, «Көкжиек-горизонт», 2019ж. Авторлары: Ф.Ш.Оразбаева, Ж.Т. Дәулетбекова, Р.С.Рахметова, А.Қ.Рауандина, Б.К. Мукеева

Оқыту ресурстары
http://kitap.kz/reader/feletondar_i_kitap
Балғабек Қыдырбекұлы «Қырық құрақ» фельетоны. Қосымша ақпараттар:
1.Фельетон (фр. feuіlleton, feuіlle – парақ) – публицистикалық негіздегі әдеби шығарма.
http://www.webpress.kz/index.php/mir-media/rekomendatsij/item/444-ma-alany-alaj-d-rys-zhazu-kerek Мақаланы қалай дұрыс жазу керек?

Жұмыс реті

Сабақ мазмұны

Орында
Жауап бер

­25-бет. 2-тапсырма. Суретке қара. Сұрақтарға жауап бер.
1. Бүгінгі сабақ тақырыбына бұл суреттің қандай қатысы болуы мүмкін? Өз болжамыңды айт.
2. Бұл өнер туындысы қалай аталады?
3. Суретте қандай тарихи оқиға көрініс тапқан?
26-бет. 4-тапсырма. Мәтінді тыңда.
Балғабек Қыдырбекұлы 1929 жылы 4 сәуірде Алматы облысы Жамбыл ауданы Таран ауылында дүниеге келген.
Б. Қыдырбекұлы 1950 жылы С.М. Киров (қазіргі әл-Фараби) атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Алғаш еңбек жолын «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер болып бастаған. Кейіннен осы бас газеттің бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. Ал 1983-1987 жылдары республикадағы осы беделді газеттің бас редакторы болды. Ол – жазушылық пен журналистікті қатар алып жүрген қаламгер сол жылдары Қазақстан Журналистер одағы басқармасының төрағасы болды.
26-бет. 5-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.
1. Мәтінде кім туралы айтылған?
2. Кейіпкердің мамандығы кім?
3. Мәтінде қандай тәуелдік жалғаулары қолданылған?
4. Мәтінде қандай күрделі сөздер кездеседі?
5. Тыңдалған мәтін қай стильге жатады?
Жасалған жұмысты мұғалімнің электронды почтасына немесе WhatsApp номеріне жазыңыз.
­29-бет. 1-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
1. Қазақстандағы теміржолдың ұзындығы қанша?
2. Алғашқы теміржол қашан, қайда салынды?
3. «Отарба», «шойынжол», «қара бұқа» деген сөздер қандай мағына береді? Олардың пойызбен, теміржолмен қандай байланысы бар?
29-бет. 3-тапсырма. Суретке қара. Сұрақтарға жауап бер.



Рефлексия.

1. Бүгін не үйрендіңдер?
2. Сабақ бойынша қандай сұрақтарың бар?
3. Келесі сабақта қандай мәселелерге баса назар аудару керек?

Үй жұмысы

25-бет. 3-тапсырма. Ақпарат көздерінен суреттің авторы мен осы тарихи оқиғаға қатысты материалдарды тауып, шағын мәтін құрап жаз
30-бет. 4-тапсырма. Тірек сөздерді пайдаланып, суреттегі көріністі баяндайтын шағын мәтін құрап жаз.
Тірек сөздер: темір жол салу, күрекпен қазу, топырақ лақтыру, ұйымшыл, жұмысшылар, жүк тасу, паровоздың түтіні, еңбексүйгіш
33 бет. 15 тапсырма. Кестеге қарап «Қазақ стан теміржолының тарихы» тақырыбында мәтін құрап жаз.



Әзірлеушілер: Кдырова Г.Г.



Пән:
Қазақ тілі
сынып: 10

Сабақ
3

Күні


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет