«Математика» сабағы 4-сынып
«Математика 4-сынып»электронды оқулығы
Ә.Ахметов орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Бейсенбаева.А. С
Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Аудан, көлем және өлшем бірліктері туралы оқушылардың білімін тиянақтау.
Теңдеуді шешудің әр түрлі тәсілдерін қарастыру .
Ауызша, жазбаша, есептеу дағдыларын жетілдіру
Дамытушылығы: Оқушылардың ақыл –ойын, ой өрісін ,ойлау, зейін, таным қабілетін , тез есептеу дағдысын дамыту. Тапқырлыққа ,ізденімпаздыққа, алғырлыққа баулу. Пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелігі: Өз бетімен жұмыс жасай отырып , өзінің де , өзгенің де еңбегін қадірлей білуге , ұқыпттылыққа баулу.
Туған елін, жерін сүйетін , парасатты тұлға тәрбиелеу
Типі: бекіту сабағы
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: ойландыру, көрнекілік , ойын, сұрақ –жауап, карточкамен жұмыс
Көрнекілігі: интерактивті тақта , электронды оқулық , кестелер , қажетті дидактикалық материалдар , үлестірме қима қағаздар .
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
Бүгінгі сабағымызда ел ордасы Астанаға саяхатқа шығамыз
Мақсатымыз Астанаға саяхаттап бару және саяхат барысында ауызша, жазбаша, есептеу дағдыларын қалыптастырып , шапшаң ойлау қабілетімізді жетілдіру
- Тәуелсіз , Егеменді елдің ұрпақтары қандай болу керек? (ақылды, білімді, алғыр)
- Ал барлық білімнің патшасы қай пән ? (Математика)
- Біздің ұранымыз:
Математиканы оқимыз,
миымызға тоқимыз
-
Балалар, Астанаға көліктің қай түрімен барамыз?- Автобуспен
-
Жүргізушіміз кім болады? (Сайланған жүргізуші қағаздан жасалған автобустың суретін жылжытып отырады)
-Енді , жолдың бағытын белгілеп алайық.
«Матақ» «Ащы су» «Бұқар жырау» Қарағанды» «Теміртау » « Осакаровка » «Май» «Астана»
ІІ үй тапсырмасын тексеру
Үй берілген тапсырманы ауызша тексеру, жауабы ғана айтылады .
10821, 63054, 10004, 11003
20040,48018, 11670, 5005
ІІІ. Оқулықпен жұмыс
І-аялдама . «Матақ» ауылына жету үшін , біз мына өрнектердің мәнін табуға, қалдықпен бөлуге мысалдар шығаруымыз керек. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп аталарымыз айтқандай , барлық тапсырмаларды топқа бөлініп орындаймыз
І топ 5000-11764:4=2059
68109:4 =17027 (1 қ)
ІІ топ 7040*4+96024 =124184
39473:5=7894(3қ)
ІІІ топ
793255:5-99908=58743
17729:8=2216 (1қ)
(Автобусты жылжыту)
ІҮ. Тақтамен жұмыс
2-ші аялдама «Ащы судан»өту үшін оқулықтан тапсырмалар орындау
І топ
А)х+420=567420
х=567000
ІІ топ
Б) а*5=54135
а=10827
ІІІ топ
В) а*6=42024
а=7004
(Автобуспен жылжыту)
Ү. Карточкамен жұмыс
3-ші аялдама «Бұқар жырау» елдімекенінің үстімен өту үшін мынандай тапсырмалар орындайық.
І топ
Шаршының қабырғаларының ұзындығы 8 см
Шаршының S- ? тап S=8*8 P=8?4
P-?тап S=64 см Р = 32 см
ІІ Топ
Тік бұрышты параллелепипедтің
Ұзындығы -6 дм V= 6? 4 ?3
Ені -4 дм V= 72 дм 3
Биіктігі -3 дм
ІІІ топ
Текшенің өлшемдері 5 см, 5 см, 5 см
V=5?5?5
V= 125см 3
VІ Сергіту сәті. «Орамал тастамақ»
1. Көбейту кестесіне 3, 4 сұрақ , санның квадратын табу
2. Санның кубын табу . 3,5,4,7,6,9
3. Сантиметрмен ,армен өрнекте
4. Сағат ,жыл , минутпен өрнекте
VІІ Тез есепте!
Дәптермен жұмыс №4 тапсырма
4-ші аялдама «Қарағанды»
І топ 35м46 см=3546см
19мин35с=1175с
ІІтоп
5сағ45 мин=345мин
3456кг =3456кг
ІІІ топ
65376кг=65т 376кг
587мм=58см 7мм
VІІІ Есеп шығарайық
5-ші аялдама . Теміртауға жету үшін электронды оқулықты,пайдаланып интерактивті тақтадан есептер шығаруымыз керек
Ітоп.№1 тапсрыма
Қабырғалары 9 см және 4 см болатын тік төртбұрыштың ауданын тап
ІІтоп.Ауданы 30 см2 тіктөртбұрыштың ұзындығы 6 см . Оның енін тап
ІІІтоп. Аудан өлшем бірліктерін салыстыр
< > =
ІХ . Өзіндік жұмыс
6-ші аялдама Астанаға баратын жолға түстік , автобустың ішінде зерікпеуіміз үшін, №6 мысалдарды орындау . (жауаптары ауызша тексеріледі)
Х. Кім жылдам ?
7-ші аялдама Май қызметкерлері жол тәртібін қатаң бақылап тұрады . Содан аман- есен өтіп кету үшін, біз тағы бір тапсырма орындайық
ІІІ топқада кестені толтыру
ХІ . Ойлан,тап!
Логикалық сұрақтар
8-ші аялдама.Астанаға келдік. Логикалық сұрақтарға дұрыс,тез жауап берсек, бізге «Бәйтеректің» есік ашық
Қорытындылау
-
Біз бүгін саяхатқа қай қалаға бардық?
-
Қандай тапсырмалар орындадық ?
Үйге тапсырма: №7
Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |