Абдираманова Нұржамал,
«Бөген» жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Бәйдібек ауданы.
Оңтүстік Қазақстан облысы
Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері
Сабақтың мақсаты: а) білімділігі:
Дала өсімдіктері мен жануарлары, олардың тіршілік жағдайлары, дала тіршілік жағдайлары өзара бір-бірімен байланысты екендігін оқушыларға ұқтыру.
б) дамытушылығы. «Дала өсімдіктері мен жануарлары - табиғи бірлестік», олардың құрғақшылыққа, қалыпты жағдайға бейімділіктері, олардың қорғауға алынған түрлері туралы мағлұмат беру.
в) тәртбиелілігі: Табиғаттың әсем тіршілігін қорғауға, өсімдіктері мен жануарларын сүюге, қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Талдау- талқылау. Жаңа технологияны енгізу.
Сабақтың әдісі: Ішінара зерттеу, өзбетіндік жұмыстар, топтастыру жаңа ақпараттар технологиясы.
Пәнаралық байланыс: Жануартану, математика, бейнелеу музыка.
Сабақтағы педагогикалық технология: «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту»
Сабақтың көрнекілігі: Мультимедия кабинеті, слайдттар ,Гербарийлер буклеттер, қима қағаздар. Әдеби кітаптар, муляждар, карта, тірек сызбалар. «Ол кім, бұл не?» энциклопедия .
Сабақтың жоспары: І.Ұйымдастыру кезеңі
а).Сәлемдесу. (сәттілік тілеу)
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
3 оқушы 1). Улы өсімдіктер
2). Күрең от
3).Инелік, шегіртке туралы айту.
ІІІ.Қорытындылау.
ҮІ.Ой қозғау.
Гербарийлерді көрсетіп тақтаға түсіру Венн диаграммасына дала, үй өсімдіктерін екі топпен жаздыру
Ү.Қызығушылығын ояту.
Жаңа сабақ.
(мультимедия кабинетінде көрсету арқылы түсіндіру)
ҮІ. «Жалғасын тап» топтамасы бойынша жаңа өсімдіктерді орналастыру.
ҮІІ. Кітаппен жұмыс INSERT стратегиясы жүйесін қалыптастыру.
ҮІІІ. Сергіту сәті.
«Қимылдарды топтаңыз» ойыны.
ІХ. «Жұмбақ дүние» (беймәлім) бізге таныс емес жаңалықтар.
а). Өзім айтамын
Суыр туралы
Үй қояны
Сауысқан күрке тауық
Ұлар туралы
Сілеусін
Арқар
Адыраспан
Киікоты
Х. Тестерге жауап. Карточкамен жұмыс.
ХІ. Қорытындылау.
ХІІ. Бағалау. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
б). Қонақтармен сәлемдесу
Қонақ күту- салтымыз,
Келген қонақ сіздерге
Сәлем бердік жалпымыз!
Үй тапсырмасын тексеру сұрау.
1).Шалғынды қандай жерден кездестіруге болады?
-Шалғынды жазықтан, көл жағалары мен тау етектерінен кездестіруге болады.
2).Жаздың шайдай ашық күндерінде шөп арасынан алуан түрлі өсімдікті көруге болады делік, оларды аташы?
-Шалғындық жоңышқа, қылтанақсыз арпабас, шалғындық атқонақ, жұпаргүл, күреңот, тышқанбұршақ тағы басқалар.
3).Пішен дайындалатын шалғынды шабындық дейміз, жазда және күзде мал жайылымы ретінде пайдаланамыз, осында мал жемейтін улы өсімдіктер де кездеседі. Оларды ата?
-Уқорғасын, сарғалдақ, адыраспан, итсигек бұларды бір қара суықтан кейін малдардың өздері тауып жейді.
4).Осындай қым қуат қайнаған далада, бунақденелілер көп болады. Олар көбелектер, қоңыздар, көк шегірткелер, түкті аралар.
-Шалғынды бөденелер кездеседі. Ол немен коректенеді? Неше жұмыртқа туып, неше күнде шығарады?
5).Қалың ұйысқан шөп арасына ұя жасап, 10-20 жұмыртқаны 15-17 күнде шығып, тез өседі. Күзде жылы жаққа ұшып кетеді.
6). «Шалғын-табиғи байлығымыз»- дегенді дәлелде.
-Малдың жайылуы, шөптердің гүлдері тозаңдандыруы. Шұбалшанның қураған қалдықтарды топырақ арасына тасып, қарашіріндіге байытуы мен қуыстар жасауы, айтылады.
3.Жаңа сабақ өту: Жаңа сабақ алдында. Ой қозғау:
Балалардың ынтасын қалташыққа салынған шөптердің түсіне, гүліне қасиетіне тоқтатып өтемін.
Балалар менің қалташықтарымдағы шөптерімнің атын атайық.
-Жусан, жантақ, жоңышқа, адыраспан, киікоты, дермене, жүгері, бидай, мысыққұйрық.
Венн диограммасын сыза отырып, екіге бөлейік.
-Осылардың қайда өсетінін екшелейік тақтаға қарай отырып далада және үйде өсетін өсімдіктерді атайық
Дала өсімдіктері үй өсімдіктері
Жусан жантақ
Жермене боз,
Бетеге, ботакөз
Қызжуа, көкпек.
теріскен мыңжапырақ
Жүгері
арпа
бидай
Жоңышқа
Сұлы
Тары
Күріш
бұршақ
Ауа
Су
Жарық
Топырақ
жылу
Әрқайсысының дәрілік қасиеттеріне тоқталып өту.
-Мінеки, кең даламыздың , байлығы түрлі дәрілік шөптерін, өсімдіктерін екі топқа бөлдік Енді теледидардан сендерге бейтаныс өсімдіктер мен жануарларды көрсетемін. Өтетін жаңа сабағымыз «Дала өсімдіктері мен жануарлары»
Ү. Жаңа сабақ. Қызығушылығын ояту.
/теледидарды қосу/
Ондағы дала өсімдіктері мен жануарларына тоқтала келіп, жайқалған кең даламыздың
Дала
Қуаң дала шалғынды дала
Егістік дала шөл дала
болып бөлінеді. Далаларды сәнге бөлейтін көрікті кез-көктем. Дала өсімдіктері қар суымен, жаңбырмен ылғалданып, қар суымен, жаңбырмен ылғалданып, көктемде көз тартады.
Даланы сары гүлді қазжуалар, жауқазындар жауып кетеді. Дала өсімдіктерінің жапырағы жаз аяғында қурап, пиязшықтары, жуашығы жер астында құрғақ қалпында қалып, қыс бойы сақталады. Бұлармен тышқан, қосаяқ, сарышұнақ , суырлар қоректенеді. Жаздың аяғына дейін гүлдеп жеміс беріп, ұрық шашып, қурап үлгереді. Жаздың аптап ыстығында ешқандай тіршілік нышаны байқалмаған сияқты болған мен бүркіт, бозторғай ұшып жүреді.
Суыр тасбақа, сарышұнақ, тышқан , түлкі , қасқыр , қарсақ , ор қоян, ақбөкендер дала жануарлары болып есептелінеді.
ҮІ. «Жалғасын тап» топтамасы бойынша өсімдіктерді тақтаға жазу.
ҮІІ. Кітаппен жұмыс. INSERT стратегиясы бойынша белгісіз, өзіне беймәлім өсімдіктерді өсімдіктер тобына орналастырамыз.
ҮІІІ. Сергіту сәті.
Сағаттың тіліндей, иіліп оңға бір.
Сағаттың тіліндей, иіліп солға бір
Оң аяқ, сол аяқ, жаттығу, оңай ақ
Орманда жоғары, ағашқа қонады
Тұмсығын балға етіп, тоқ-тоқ-тоқ соғады.
ІХ. «Қималарды топтаңыз ойыны» марапаттау, бағалау.
Х. «Жұмбақ дүние», жаңа ақпараттар мен байланыстыру суыр, үй қояны, сауысқан, күрке тауық, ұлар , сілеусін, арқар туралы түсінік берілетін парақшалар карточкалар беремін.
ХІ. Тестерге жауап алу екі топтан.
Тестік сұрақтар
1.Жойылып кетуге қауіпі бар аң, құс, өсімдік жазылатын «қызыл кітап» қашан шықты?
А.1963ж б.1977ж
Ә.1970ж в.1996ж
2.Қазақстанның ең үлкен көмір бассейіні қай қалада орналасқан?
А.Ақтауда б.Қостанайда
Ә.Қарағандыда в.шымкентте
3.Қазақстанның картадағы жер көлемін ата.
А.2млн.600мын км2
Ә.1 млн.700мың км2
Б.2млн 700 мың км2
В.2 млн.500 мың км2
4.Пайдалы қазбалардың шоғырданған жерін ата.
А.тауда б.далада
Ә. Су түбінде в. Кен орнында
5.Дүние жүзіндегі ірі көлді ата.
А.Балқаш б.Зайсан
Ә.Байкал в.Каспий
6.Құстардың ең кішісін ата
А.қараторғай б.бүркіт
Ә.суықторғай в.калибри
7.Іштегі ағзаға шекке тез әсер ететін дәрілік өсімдікті көрсет.
А.жусан б.қазтабан
Ә.киікоты в.өгейшөп
8.Дүние жүзіндегі ең ұзын шөпті ата
А.банан б.ноқат
Ә.лимон в.алабота
9.26 сантиметрлік көбелек қай елде, кездеседі.
А.Қазақстанда б.Австралияда
Ә.Францияда в.Германида
ХІІ. Қорытындылау .
І топ ІІ топ
Дала жануарлары
Дала
өсімдіктері
Бағалау.
Үйге тапсырма: Дала өсімдіктері мен жануаралары суреттерін салып келу. VTS әдісі бойынша мағлұматтар жинақтау.
Достарыңызбен бөлісу: |