Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
|
2- бөлім. Болашақ мамандықтары А. Машанов «Жер астына саяхат»
|
Педагогтың Т.А.Ә.
|
Аймагамбетова А.Ж.
|
Күні:
|
16.01.2023 ж.
|
СЫНЫП: 6 «И»
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Ең жақсы мамандық (6-сабақ)
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары :
|
6.5.Қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді мәтін мазмұнымен салыстыру, қарама-қайшы ақпараттарды анықтау
6.5.1.5 - етістіктің шақтарының (жедел өткен шақ) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану
|
Сабақтың мақсаттары
|
Қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді мәтін мазмұнымен салыстыру, қарама-қайшы ақпараттарды анықтайды;
Етістіктің шақтарының (жедел өткен шақ) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолданады;
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарлаған кезеңдері
|
Педагогтың іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Оқушылардың көңіл-күйлерін сұрау.
Психологиялық ахуал. «Жылы лебіз» әдісі.
Сыныпта жақсы психологиялық атмосфера болу үшін оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-біріне жақсы лебіздерін білдіреді. Осы күнге сәттілік тілейді.
|
Шаттық шеңберін құрып, бір-біріне жақсы лебіздерін білдіреді.
|
|
«Жылы лебіз» әдісі
|
Сабақтың ортасы
|
Жазылым. 7-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлем құра.
Мамандар болжамы, мамандарға сұраныс, тапшылық сезіледі, IT-технолог, бағдарламашылар, оқытушы, дінтанушы.
Дескриптор
Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлем құрайды.
Айтылым. 8-тапсырма. Ақпараттың дұрыстығын анықта.
Дескриптор
Ақпараттың дұрыстығын анықтайды.
Жазылым. Айтылым. 9-тапсырма.
Мәтін мазмұны бойынша 4 сұрақ жаз. Ол сұрақтарды пайдаланып, парталас досыңмен диалог құр.
Дескриптор
Мәтін мазмұны бойынша 4 сұрақ жазады.
Ол сұрақтарды пайдаланып, парталас досыңмен диалог құрайды.
АЙТЫЛЫМ. 11-тапсырма. «Техника алмастыра алмайтын мамандық бар ма?» тақырыбында ойкөкпар (дебат) өткізіңдер. Араларыңнан ойкөкпарды жүргізетін, бағалайтын сыныптастарыңды сайлап алыңдар.
Дескриптор
«Техника алмастыра алмайтын мамандық бар ма?» тақырыбында ойкөкпар (дебат) өткізеді.
|
Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлем құрайды.
Ақпараттың дұрыстығын
анықтайды.
Мәтін мазмұны бойынша 4 сұрақ жазады.
Ол сұрақтарды пайдаланып, парталас досыңмен
диалог құрайды.
«Техника алмастыра алмайтын мамандық бар ма?» тақырыбында ой көкпар (дебат) өткізеді.
|
ҚБ «Бағдаршам»
ҚБ «Бағдаршам»
ҚБ «Бағдаршам»
ҚБ «Бағдаршам»
|
Оқулық
Оқулық
Оқулық
Оқулық
|
Сабақтың соңы
|
13-тапсырма. «Шығу парағын» пайдаланып, төмендегі сұрақтарға жазбаша жауап бер.
Өтілген тақырып бойынша не үйрендің?
Сен үшін қай тапсырма қызық болды?
Тақырып бойынша не білгің келеді?
Тақырып бойынша басқа қандай ақпарат оқисың?
Үй тапсырмасы:
14-бет, 10 – тапсырма.
|
«Шығу парағын» пайдаланып, төмендегі сұрақтарға жазбаша жауап береді.
Күнделікке жазады.
|
|
«Шығу парағын»
Күнделік.
|