Сабақтың тақырыбы: Электр тогының жұмысы мен қуаты. Токтың жылулық әрекеті Джоуль-Ленц заңы



бет1/4
Дата06.03.2024
өлшемі0.55 Mb.
#494603
түріСабақ
  1   2   3   4
Ашық сабақ ҚМЖ. Нұрбек


Таныстым: Апжаппарова Ұ
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Электр тогының жұмысы мен қуаты. Токтың жылулық әрекеті Джоуль–Ленц заңы.



Пәні: Физика

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:


Тұрақты электр тогы

Мектеп: № 59 жалпы орта білім беретін мектебі.

Күні: 15.02.2023 1625 -1705

Мұғалімнің аты-жөні: Маметаева Л, Абдурасулов Н

Сынып: 8 г –сынып

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Электр тогының жұмысы мен қуаты. Токтың жылулық әрекеті Джоуль–Ленц заңы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.2.12 – жұмыс және қуат формулаларын есептер шығаруда қолдану
8.4.2.13 – Джоуль-Ленц заңын есептер шығару үшін қолдану;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Электр тогының жұмысы мен қуаты арасындағы байланысты көрсете отырып, Джоуль–Ленц заңының физикалық мағынасын тұжырымдап есептер шығаруда қолдану.

Оқушылардың басым бөлігі: Джоуль–Ленц заңының формулаларына талдау жасау және керекті физикалық шаманы қорытып есептер шығару.

Кейбір оқушылар: Оқушылар алған білімін тұрмыста қолдана біледі, өз көзқарасын еркін жеткізе алады.

Бағалау критерийі

Электр тогының жұмысы мен қуатының формуласын біледі.

Жұмыс пен қуаттың формулаларын қолданып есептер шығара алады.

Джоуль–Ленц заңының формулаларына талдау жасап, түрлендіріп, еесептер шығара алады.

Тілдік мақсаттар



Тұрақты электр тогы тарауы бойынша негізгі ұғымдары мен шамаларын қолдану арқылы оқушылардың ғылыми тілдік дағдыларын дамыту.
Сөздік қорын толықтыру.
Оқушылар:
Джоуль –Ленц заңына талдау жасап, өз пікірлерін ұсына алады.
Пәндік лексика және терминология:

Ағылшын тілінде

Орыс тілінде

Қазақ тілінде

Work of electric current

Работа электрического тока

Электр тогының жұмысы

Power of electric current

Мощность электрического тока

Электр тогының қуаты

Electric current

Электрический ток.

Электр тогы.

The Law of Joule-Lenz.

Закон Джоуль-Ленца.

Джоуль-Ленц заңы.



Құндылықтарға баулу

«Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығы аясында топтық , жұптық жұмыстар жасау арқылы оқушылардың бойында ықтымақтаса еңбек ету және бірлесіп жетістікке жету дағдыларын дамыту.

Пәнаралық байланыс

Математика, химия

Алдыңғы білім


Электр тогының күші және кернеуін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы
5 минут

Ұйымдастыру бөлімі:

  • Оқушылармен сәлемдесу;

  • Оқушыларды түгелдеу;

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Топтарға біріктіру: «Мозайка» әдісі негізінде жүргізіледі.Оқушылар карточкалар алып,жазылған мәлімет бойынша 3 топтарға біріктіремін.

  1. –топ «Ток»

  2. – топ «Кернеу»

  3. – топ «Кедергі»



Үй тапсырманы тексеру: «Миға шабуыл» әдісі
Мақсаты: Өткен тақырып бойынша оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеру.


Сұрақтар:

  1. Ток күші дегеніміз не? -ток күші дегеніміз кернеудің кедергіге қатынасын айтамыз.

  2. Ток күшінің формуласы қандай? - I=U/R

  3. Кернеудің өлшем бірлігі? -1V

  4. Кедергі дегеніміз не? - Кернеудің ток күшіне қатынасын кедергі деп айтамыз.



Қалыптастырушы бағалау- Балдық жүйе бойынша жүргізіледі


Критерий Кернеудің физикалық мағынасын тұжырымдайды және формуласына сипаттама береді.
Дескриптор

  • Ток күші жайлы баяндайды.

  • Кедергіні анықтайды.

  • Кернеудің формуласына сипаттама береді.



Сабақтың ортасы
10 минут

6 минут


10 минут

Сабақтың соңы


5 минут



I. Жаңа материалды зерттеу.
Сабақтың мақсатын анықтау
Белсенді оқу әдісі - «Кинометафора» әдісі
Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін арттырап, ойлау қабілетін дамытуға бағытталған.

Суреттер бойынша бүгінгі жаңа тақырыбымызға шығамыз.





Оқушылар сұрақтарға жауап береді, ой-пікірлерін білдіреді. Сабақтың тақырыбын ашады.Жаңа тақырыпты қысқаша шолу жасап түсіндіремін.Электр тогының жұмысы мен қуатының формулаларын қорытып түсіндіріп беремін.Кез келген тогы бар тізбектегі электр энергиясы басқа энергияға, мысалы ішкі энергиясына айналады, яғни тогы бар өткізгіш жұмыс жасайды. Оқушылар токпен жұмыс жасайтын құралдарға мысал келтіреді:(вентилятор,миксер,үтік т.б)
Ал, енді сұрақ: электр тогының жұмысы неге байланысты?
Тақтадағы электр тізбегі бойынша демонстрациялық тәжірибе көрсетемін.



Нені байқадыңыз?Оқушылар 2-ші схемада электр шамының 1-шіге қарағанда бәсеңдеу екенін көріп, ток күшінің жұмысы кернеуге байланысты екеніне көздері жетеді. Мұғалім тақтаға A~U белгілеп қояды, оқушылар дәптерлеріне белгілейді.


Тағы токтың жұмысы неге байланысты екен, ол үшін тақтадағы схема бойынша тізбек құрамыз,

Реостаттың көмегімен ток күшін азайтып көбейте отыра, оқушылар вольтметр көрсеткіші өзгергенін байқап, токтың жұмысының ток күшіне тура пропорционал екеніне көзі жетеді. Қорытынды: A~I Сондай-ақ токтың жұмысының уақытқа тәуелді екенін де айта кете A=I·Ut формуланы қорытып шығарамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет