Ихсанова Жадыра Ұзақбайқызы
І санатты физика пәні мұғалімі
№42 «Ақ ниет» гимназиясы
Орал қаласы
Физика. 10 сынып.
Сабақтың тақырыбы: «Электростатика» тарауын қайталау
Сабақтың мақсаты:
1.Сыныптың оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау, білімдерін тексеру, тиянақтау.
2.Оқушылардың белсенділігін арттырып, өзіне-өзі баға беруге, өз жетістіктерін сезініп, әлсіз жақтарына сын көзбен қарауға үйрету, іскерліктерін, білім сапасын арттыру.
3.Еңбекке баулу, ғылымға қызығушылығын арттыру, өз бетімен ізденуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: іскерлік ойын сабағы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Мұғалімнің сөзі: Оқушылар, бүгінгі сабақта арнайы ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс істейді. Оның құрамында анықтама бюросы, тарихшылар, есептеу орталығы, ойлы орталық және эрудиттер бар. Сабақтың мақсаты: электростатика тарауын қайталау. Іске сәт, жұмыстарыңыз жемісті болсын.
I.Анықтама бюросы.
Берілген сұрақтар бойынша анықтамалар айтылады.
1.Электр өрісі.
2. Электрлеу.
3. Нүктелік заряд
4. Кернеулік.
5. Потенциал
6. Потенциалдар айырымы.
7. Эквипотециал бет
8. Өткізгіштер.
9. Диэлектрик.
10. Заряд бірлігі.
11.Электрсыйымдылық.
12.Электрсыйымдылық бірлігі.
13. Конденсатор.
14.Конденсатор энергиясы.
II.Тарихшылар
Электростатиканы зерттеген, жаңалықтар мен заңдар ашқан ғалымдар туралы айтады.
1.Джозеф Джон Томсон. 1856-1940 жылдары өмір сүрген, ағылшын физигі.
Манчестер қаласына жақын орналасқан Читем-Хиллде дүниеге келген. 1880 жылы Томсон Кембридж университетін бітірген. 1884 жылы осы университеттің физика профессоры атанған. ХІХ – ғасырдың соңындағы ең маңызды жаңалықтың бірі- электронның ашылуы болды. Бұл уақытқа дейін ғалымдар арасында заттың ең кіші бөлшегі атом деген пікір кең таралды. ХІХ- ғасырдың екінші жартысында табиғаты белгісіз катод сәулелері ашылды. Катод сәулелері зарядталған бөлшектердің ағыны деген болжам ұсынылды. Ағылшынның атақты ғалымы Томсон катод сәулелерінің электр және магнит өрісінде ауытқуын зерттей келе, бұл сәулелер сол кезде ең кіші саналған сутегі атомынан да ұсақ бөлшектер ағыны деген қорытынды жасады. Бұл бөлшектердің массасы сутегі атомының массасынан 2000 есе аз болды және бұл бөлшектердің теріс зарядталғаны анықталды. Сөйтіп 1897 жылы ағылшын физигі Томсон электронды ашты.
Достарыңызбен бөлісу: |