«Курчатов қаласының №1 жалпы білім беретін орта мектебі»КММ
Тақырыбы: «Электротехникалық жұмыстар. Электр тізбегі»
Пән: Технология
Сынып: 5 «Ә»
Мұғалім: Кобеев Медет Ризабекович
2014-2015 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Электротехникалық жұмыстар. Электр тізбегі.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Тізбектегі электр тоғының көздерімен, оны тұтынушылармен таныстыру. Тізбектелген электрсхема жүйесімен оның элементтері туралы түсінік беру. Схемадағы электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерімен таныстыру. Қарапайым электр тізбегін жинастыруды үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардын танымдық пен қызуғышылығын, ой-өрісін және ойлау қабілетін дамыту. Қарапайым электр тізбегін жинай білуге,тұрмыстық электр құралдарын ақауларын жөндеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Электротехникалық жұмыстарды орындағанда ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаттықтыру сабағы
Сабақтың әдісі: Түсіңдірмелі-иллюстративтік
Пәнаралық байланыс: Физика, География,Тіл дамыту
Сабақтын корнекілігі: Интерактивті тақта, электрконструкторлар, қауіпсіздікті сақтау ережелері.
Өткізу орны: мектеп шеберханасы.
Сабақтын барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
1.Сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа дайындығын және оқу құралдарын тексеру
3.Сабақтың тақырыбы және мақсаттарымен таныстыру
ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау
Өткен сабақта біз шартты белгілермен таныс болғанбыз.
Ең қарапайым электр тізбегі неше элементтен тұрады? Олар қандай элементтер?
Тақтада берілген элементтердің жанына шартты белгілерін дұрыс орналастыру керек.
Ток көзіне не жатады?(аккумулятор, генератор..)
Электр қабылдағыштарға не жатады?(эл.шамы, қондырғылар...)
Электрарматураның қандай түрлерін білесіңдер?(ажыратқыш)
Өткізгіштер қандай материалдан жасалады?(мыс, аллюминий)
Электр қауіпсіздік ережесін қайталап өтейік.
ІІІ. Жаңа сабақ
Осы шартты белгілермен көрсетілген жүйелерді электр схемасы деп атайды. Бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз – «Электр тізбегі»
Адамның өмірінде қолданылып жүрген энергияның ең ыңғайлысы және арзаны электр энергиясы болып табылады. Өндірісте қолданылатын көптеген машиналар, аппараттар, қондырғылар электр энергиясының күшімен жұмыс істейді. Оны алу үшін электр энергиясының көзі болу керек. Ток көзі ретінде гальваникалық элемент, аккумулятор немесе генератор пайдаланады. Машинаға аккумулятор не үшін қажет? (от алдыру үшін). Қалған функцияның түгелін генератор атқарады.
Ал енді ойланып көрейікші, электр тогы біздің қаламызға, үйлерімізге қайдан келеді?
Қандай электр станция түрлерін білесіңдер?
Енді тақтаға назар аударайық. (слайд көрсету)
Жылу электр станциясы, мұнда негізгі шикізат таскөмір, яғни жылу қазандықтары арқылы электр энергиясын өндіреді.
Су электр станциясы, өзіміздің облыс аумағындағы Шүлбі электр станциясын мысалға алуға болады. Яғни су арқылы электр энергиясын өндіру.
Атом электр станциясы. Осы орайда атап айтсақ, өзіміздің қаламызда келешекте АЭС салынбақ. Яғни осы ірі өндірістік жоба арқылы электр энергиясын өндіру және қамтамасыз ету.
Сондай-ақ, табиғи жолмен электр энергиясын өндіру де тиімді, атап айтсақ күн электр станциясы және жел электр станциясы өте пайдалы.
Елімізде 2017 жылы өтетін EXPOкөрмесінің басты тақырыбы жасыл энергия, яғни табиғат көздерінен электр энергиясын өндіру.
Ендігі алдымыздағы мақсат электр шартты белгілерін дұрыс қосу арқылы электр тізбегі алынады.Ток көзі мен электр тұтынушыны өткізгішпен қосу арқылы электр тізбегі алынады. Тізбек қосылған кезде онымен ток жүреді, ал егер оны кез келген жерден үзіп тастаса ток тізбек арқылы жүрмейді. Токты жүргізу үшін тізбекті қосу керек, ал оны тоқтату үшін үзу керек. Тізбекті қосып, үзу үшін арнайы электр ажыратқыш қолданылады. Ең қарапайым электр тізбегі 4 элементтен тұрады: ток көзі, ажыратқыш, электр өткізгіш және қабылдағыш.
Тізбектелген электр схемасы: Параллель электр схемасы:
Мысалы: гирлянда көрсету Люстра көрсету
Дәптерге электр схемасын салу
IV. Практикалық жұмыс
Қауіпсіздік ережесімен таныстыру , электромонтер мамандығымен таныстырып өту.
Кезекшілер электр конструкторлар таратады.
1-тапсырма: бір электр шамын қосу;
2- тапсырма: екі электр шамын қосу;
3-тапсырма: үш электр шамын қосу;
4-тапсырма: параллель электр тізбегін жинау (бағдаршам)
V.Сабақты бекіту
1.Қандай электр тізбектерімен таныс болдық?
2.Олар қандай?
3.Қарапайым электр тізбегі неше эллементтен тұрады? Оларды атап өтіндер.
VI.Бағалау
Қателеріне тоқтап талдау жасау
VII. Үйге тапсырма беру
Дәптерлеріне өз пәтерлерінің электр тізбегін сызып келіндер.
V. Кері байланыс «Мадақтау сэндвичі»
1 бөлік – позитивті комментарий, не ұнады; не ұнамады;
2 бөлік – жаңадан не үйрендіңіз;
3 бөлік – бүгінгі сабақтан алған әсеріңіз.
VIII. Конструкторларды тапсырып жұмыс орнын жинау.
Достарыңызбен бөлісу: |