Сабақтың тақырыбы: Әлем тыныштығы ел тыныштығының кепілі



бет1/3
Дата18.04.2024
өлшемі367.05 Kb.
#499174
түріСабақ
  1   2   3
№ 8 Әлем тыныштығы – ел тыныштығының кепілі.


Бөлім: Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік

Мектеп:

Сыныбы: 9

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Пәні: қазақ тілі

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Әлем тыныштығы – ел тыныштығының кепілі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.2.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастыру;
9.4.4.4 аралас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, қолдану.

Сабақ мақсаттары:

«Әлем тыныштығы – ел тыныштығының кепілі» тақырыбындағы мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастырады; аралас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, қолдану.

Ойлау дағдыларының деңгейі

түсіну, қолдану

Бағалау критерийлері:

  • мәтінде көтерілген мәселені анықтайды;

  • оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастырады;

  • аралас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын біледі;

  • аралас құрмалас сөйлемдерді орынды қолданады.

Құндылықтарға баулу

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы (6-құндылық)

Пәнаралық байланыстар:

тарих

Алдыңғы білім

«Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік» тақырыбындағы білімдерін, аралас құрмалас сөйлем туралы білімдерін тереңдетеді.

Сабақтың барысы:




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту


Сабақтың ортасы:


І. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру. Топқа бөлу.
Қызығушылықты ояту.


  • Суреттерде не бейнеленген?

  • «Тыныштық», «бейбітшілік» деген сөздердің мағынасын ашыңдар.

  • Ел қауіпсіздігінің құны қаншалықты қымбат?

Оқушылар суреттерге байланысты өз пікірлерін білдіреді.
Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлерін анықтайды.
ОҚЫЛЫМ АЛДЫ.
Берілген даналық сөздердің мағынасын ашыңдар.
«Халқының ынтымағы жоқ, дұшпанының алдауына сенген, арбауына көнген, інісі мен ағасы дауласқан, бегі мен қарашасы жауласқан ел елдігінен айырылады».
Күлтегін
«Бірлік түбі – береке»
Майқы би
«Бейбіт елде сән бөлек, бүлінген елде дау бөлек»
Төле би
ІІ. ОҚЫЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ
Оқулықтағы оқылым тапсырмасын «Көрсетімдік оқылым» стратегиясы бойынша негізгі ойды анықтаңдар. Азат жолдарға тақырыпшалар қойыңдар.
(Көрсетімдік оқылым - берілген материалды жүйеліп
қарап шығып, оның не туралы екенін қысқаша
анықтап беру, оның тақырыбын айқындау, ең басты
мәнін, ерекшелігін танып көрсету.Мұнда оқырман барлық материалды ежіктеп оқымаса да, оның тарауларын, абзацтарын, ережелерін, тұжырымдарын жеке-жеке қарап шығып, оларға қатысты негізгі ойды көрсетеді, тақырып
қояды).

5-тапсырма. ӘТН. Әлем тыныштығы, ел тыныштығы туралы құрмалас сөйлемдер құрастырып, кестеге жазыңдар.

Салалас құрмалас

Сабақтас құрмалас

Аралас құрмалас










Бағалау критерийі

Дескриптор


  • мәтінде көтерілген мәселені анықтайды;

  • оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастырады;

  • аралас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын біледі;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет