Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
|
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сынып оқушылары түгенделеді. Сабақ мақсаты хабарланады.
Жағымды психологиялық ахуал.
ТЫҢДАЛЫМ АЛДЫ. Суретке назар аударыңдар. Картадағы аймақтардың осылайша (жасыл, сары, сарғыш, қызыл, қою қызыл) белгілену себептері туралы өз болжамдарыңды айтып, сыныптастарыңмен ой бөлісіңдер.
Әлемдік қақтығыстардың көбеюінің себептері неде? Кім кінәлі (сол елдің ішкі саясаты, сыртқы күштер, алпауыт елдер, қару-жарақ саудасымен айналысатындар т.б.)? Өз пікірлеріңді ортаға салыңдар.
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өз пікірлерін білдіреді. Сабақ тақырыбы мен мақсатын айқындайды.
ТЫҢДАЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ.
Мәтінді тыңдап, берілген кестені толтырыңыз.
Мәтін бөліктері
|
Мақсаты
|
Мәтіннің негізгі ойы
|
Кіріспе
|
|
|
Негізгі бөлім
|
|
|
Қорытынды бөлім
|
|
|
Соғыс болып жатқан елдер
Қазіргі уақытта әлемде түрлі қақтығыстар орын алып жатыр. Қантөгіс тыйылар емес. Қақтығыстар барған сайын өрши түсуде. Араны ашылған ұлы державалар текетіресі ешкімді аяп жатқан жоқ. Геосаясат тақтасындағы олардың «ойыны» жер бетіндегі айрандай ұйып отырған миллиондаған адамға таудай қайғы-қасірет әкеліп жатыр: бүтіндей бір елдерді ұзақ жылдар бойына дамуын тежеп, кедейшіліктің жойылуына жол бермеуде. Ең сорақысы, одан қарапайым халық зардап шегіп отыр. Мысалы, БҰҰ-ның мәліметі бойынша, бүгінгі күні жер шарында әрбір оныншы адам аш, яғни 1 миллиардқа жуығы. Оның шамамен тең жартысы Азия елдерінің халықтары.
Бір кездері баршаның назары Украинада болды. Кейбір шетелдік басылымдарда келтірілген деректер бойынша, Украинадағы әскери қақтығыс кезінің бес айында Ресей АҚШ-тың Иракпен соғысындағы 12 жылда қаза болған әскерлерімен бірдей жауынгерінен айрылса, РФ-ның КСРО-ның Ауғанстан жеріндегі 9 жылда құрбан болған үштен бір
бөлігімен тең келетіндей адамы қаза тапқан екен. Қысқасы, Украинадағы қарулы қақтығыстың зардабы Ауғанстан жеріндегі соғыс қасіретімен бірдей сұрапыл соғыс. Бұл енді жай шиеленіс емес» дейді сарапшылар. Соңғы ақпарат бойынша (қыркүйек айы)
Украина экономикасына 620 миллион доллар шығын әкелген екен, яғни күніне 6 миллион доллар. Ал Ресейдегі жағдай тіптен мүшкіл.
БАҚ арқылы Украина мен Ресей арасындағы соғысқа қатысты жиі-жиі пікір айтып жүргендердің бірі – Қазақстанның әуе тасымалы ауымдастығының бастығы В.Куропатенко былай дейді:
-Украинадағы жағдай қарулы қақтығысты қолдан жасап отырған есі ауысқандардың ақымақтығы. Соншама бейбіт адамның қаны оларды жібермейді.
Иә, бейбіт өмірдің діңгегін ырғап отырған үстемшіл державалардың миллиондаған жазықсыз жандардың қанын жүктеп отырғандары рас.
Әлемде болып жатқан қарулы қақтығыстардың себептері әртүрлі: жер дауы, азаматтық соғыс, тәуелсіздік үшін күрес, билікке наразылық, жікшілдік т.т. Сонымен қатар аймақтардағы саяси тұрақсыздық кей елдерде қиын жағдайда тұрса, кейбіреуінде әскери
қақтығыстар аракідік. Қалай дегенмен де, соғыстың үлкені мен кішісі болмайды.
Дескриптор:
ҚБ
ЖАЗЫЛЫМНАН КЕЙІН. ӘТН
6-тапсырма. Дескриптор:
үш жай сөйлемнен тұратын аралас құрмалас сөйлемдерге мысал келтіреді.
Аралас құрмалас сөйлемнің құрылымын біледі.
ҚБ
|
Оқушылар түгенделіп, сабаққа назары аударылады.
Оқушылар суреттерге қарап, тақырыпқа болжам жасайды.
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өз пікірлерін білдіреді.
Мәтінді тыңдап, берілген кестені толтырыңыз.
Мәтін бөліктерінің жазылу мақсаттарын көрсетеді;
мәтіннің негізгі ойын анықтайды.
Грамматикалық тақырыпты меңгереді.
Үлгілерді негізге алып, үш жай сөйлемнен тұратын аралас құрмалас сөйлемдерге мысал келтіріңдер.
|
«Смайлик»
Өте жақсы Жақсы Орташа
Қалыптастырушы бағалау
«Нысана»
Қалыптастырушы бағалау
«Нысана»
Қалыптастырушы бағалау
«Нысана»
|
9-сынып «Қазақ тілі» оқулығы
https://massaget.kz/blogs/oy_tolgaular/19114/
|