Сабақтың тақырыбы: Әліппе- білім анасы Сабақтың мақсаты: Оқу- білімге тәрбиелеу



Дата05.07.2016
өлшемі82.33 Kb.
#179006
түріСабақ
Садирова Лаура ,

БҚО облысы, Қазталов ауданы,

Бостандық кенті, Бостандық бастауыш

жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі



Сабақтың тақырыбы: Әліппе- білім анасы

Сабақтың мақсаты: 1.Оқу- білімге тәрбиелеу.

2.Шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3.Сауат ашу пәнінен алған білімдерін қорытындылау.

Көрнекілігі: Шарлар,гүлдер, нақыл сөздер, Ы. Алтынсарин портреті, мақал-мәтелдер.

Тәрбие сағатының барысы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар.

Балаларымыздың білім шаңырағына басқан алғашқы қадамдары құтты болсын. Әліппе бітіру мерекесіне арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Армандасаң да, қиалдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені,биік асуға беттеген аяулы ғұмыр , ғажайып өмір осынау бал күлкілі

балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер де өміріне өшпес із қалдырған Әліппемен қоштасқалы отыр. Ендеше,өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата- аналарына өзт өнерлерін көрсетуге дайын.

Бала деген, шіркін-ай, балдай екен,

Тәттілігі жая мен жалдай екен.

Арып- ашып даладан келгеніңде,

Бал иісін таттырып алдайды екен- деп Кенен Әзірбаев атамыз айтқандай кішкентай бүлдіршіндеріміздің бал тіліне құлақ салайық.

Ернар:Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би билеп, әнде бүгін шырқарар.

Әліппемен қоштасу тойы құтты болсын.

Дәурен:Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Мерижан: Бар білімнің бастауы,

Бар ғылымның бастауы,

Жас балаға нұр шашқан,

Қандай кітап тіл ашқан?

Хормен: Әліппе

Мұғалім: Олай болса,өзіңіз алғаш рет қолымызға ұстаған аяулы әліппені ортаға шақырайық.

Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе

Ортаға әліппе келеді.

Әліппе: Армысыздар, жас дастар

Армысыздар, ата-аналар

Балашаққа жол бастар

Әліппе келді ортаға,

Білім деген ғажайыптың,

Әлпібиін меңгерген,

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден.

Ал балалар,Әліппе жайлы не, білесіңдер? Кәне ортаға салайық.

Нүрбек: Әке-шеше атын сен

Бізге үйреттің Әліппе

Бізге жақын нағыз сен

Сенен білдік әріпті

Ернар: Үйретіп мұғалім алғаш бізге Әліппені,

Мұғалім ғылымға жол салып берді.

Адамның ой- арманы, мақсаттары

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

Ән: Жарқын жүзді ұстазым.

Ойын :Адасқан әріптер

Мерижан: Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріп те.

Оқимыз қазір ертек те

Үйреттің оны Әліппе.

Енді біз жаза аламыз,

Әріпті қосып әріпке.

Ырза боп саған жүреміз,

Қош бол,сүйікті Әліппе!

Дәурен: Әліппем менің, Әліппем!

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

Ернар: Бұл мектептің әлі де

Аты шығар әлемге.

Сондықтан да еңбекпен

Қиындықты жеңбек деген

Оқытатын талаппенен Айтыңдарш, бұл кім?

Нүрбек: Ертеңге есік ашатын

Алты қырға асатын

Ертегілер елінен де

Бүгін міне, келдім менде

Бұл есіктің кілті міне,

Айтыңдаршы, бұл не?

Ән: "Мектебім"

Сахынада көрініс: "Р"Қиын әріп.

Ернар:Сол дыбыстың қиыны- ай

Нүрбек:Бағлан "тары"деші

Ернар: "Жем"

Нүрбек: Күліп "Дәрі"деші

Ернар: Ем.

Нүрбек: Неге олай дейсің – ей?

Ернар: "Л"деу оңай дейсіңбе?

Мерижан: Жақсы кітап әліппе,

Үйретеді әріпке.

Қуыршақпен қоштасып,

А – дан бастап үйретті,

Түгел маған танытты.

Ашыла берді алдымнан,

Кең дүние есігі.

Соғылған сомдап алтыннан

Әліппе білім бесігі.

Дәурен: Өтті оқу, сан сабақ

Бүгін үлкен салтанат.

Басқа оқулық достаспақ

Әліппемен қоштассақ.

Нүрбек: Әліппе деген даңғыл жол,

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес, ауыр жол,

Тырысып бақ намысқа.

Мерижан: Жақсы білім көрімдік,

Болсын бізге халайық.

Не үйрендік, не білдік,

Кәне ортаға салайық.

Ән: "Әнші балапан"

Көрініс:"Бала мен білмесбек"

Мұғалім: Балалар, Ы.Алтынсарин атамыз сендерге қандай өсиет қалдырды?

Балалар: Кел, балалар оқылық,

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық.

Мұғалім: Өзімізге таныс әріптерден жұмбақ шешейік.

1.Ұстап әкеп шеңберді,

Байлап қойдым бағбанға. (Ю әрпі)

2.Есепке де кіремін;
Әріп те боп жүреміз. (З Әрпі мен 3саны)


3.Екі "С"кеп күресті

Арқаларын тресті.(Х әрпі)

4. Қос бүйірін таянып

Тұратұғын қай әріп.(Ф әрпі)

5.Қосылса 1 мен 3 арасы,

Қандай әріп қарашы. (В әрпі)

Ән:"Қош бол құтты әліппем"

Бүгін гі күндері Отанымыздың сендер сияқты мыңдаған балалар Әліппе оқулығымен қаштасып жатър.

Мқуды көп ойладуқ(

ҚЋзығына тоймадыҚ.

Әріптерді үйреніп,

Сауат аштық, тойладық.

Әлѐпбилер шығыңдар,

Орындарыңа тұрыңдар!

Бастайық кәне айтысты

Жіберейік намысты.

А: " А" дегенің ана ғой,

Ана деген дана ғой.

Ә: Әжем әнге басады,

Әтеш ұйқы ашады.

Б "Б" дегенің бала ғой,

Жұмсаса апаң бара ғой.

Г: " Гу " деп алғаш бөбектер,

Гуілдейді ақырын.

Ғ: Ғалым, ғалым, ғасырды

"Ғ" білімге асырды.

Д: Дүлділ аттар баптаған,

Дәркенді жұрт мақтаған.

Е: Елге есті ер керек,

Ер жет өсіп ертерек.

Ж: Жан, жақсылық, жаңалық,

Жатыр " Ж"- дан таралып.

З: Зауза ұшады зыңылдап,

Зымыранша зырылдап.

К: Кекілік- ау, кекілік,

Кетіп қалма секіріп.

Л: Лашын биікке самғайды,

Лашын көкті шарлайды.

М: Мектеп берген біліммен

Марқайасың, жас ұлан!

Н: Наурыз айы келгенде

Наурыз тойы тойлансын.

Би: Өзбек

Р: Роза шықса ән салып,

Риза болған бар халық.

С: Сыйламаған жолдасын,

Сыйлай алмас өз басын.

И: Игі іске батыл бол,

Игілікке жақын бол.

Т: Тырау , тырау, тырналар

Тамаша әнін тыңдап ал.

Ұ: Ұлытауға " Ұ " шығыпты,

Төбесінде" Ү " шынықты.

Я: Мен Я ең соңғы әріп,

Менен әрі барып көр.

Даурықпаңдар әріптер,

"Я" – ны кей жұрт дәріптер.

"Бұл " қай" әріп?" ойыны ойналады.

Ата- аналар, балаларыңыз тек Әліппені ғана игеріп қайған жоқ, математика деген пәнмен танысып сауаттанды.

Бір: Мені келсе білгің,

Мен таяқша бірмін.

Барлық санға жол ашып,

Ең басында тұрмын.

ЕКі: Бірден кейін тұрағым,

Бірден кейін тұрамын.

Бірді бірге қосқанда

Мен шығамын, шырағым.

Үш: Екіден соң әрқашан

Үш саны мен тұрамын.

Орныма барамын,

Екі айшық саламын.

Төрт: Үш сызықтан таяғым,

Оқушылар қояды.

Төрт дегенің- баяғы

Төрт түліктің аяғы.

Бес: Төрттен кейін бесті,

Білу оңай десті

Санашы бір қолыңның саусағын,

Оңай табасың бесті.



Алты: Мен өзімді қатарға

Бестен кейін қоямын.

Басым бірден басталып,

Нөлден бітер аяғым.



Жеті: Қара иына қызықты,

Көсеуді кім ұмытты?

Жеті болам бір тартсаң

Бел ортамнан сызықты.



Сегіз: Менің атым- сегіз,

Жетіден соң деңіз.

Жазылғанда қос дөңгелек

Мен боламын сегіз.



Тоғыз : Сегізден кейін тоғыз,

Алтыны төбесінен тұрғыз,

Сонда боламын тоғыз.

Он: Он дегенім – Отан,

Отан – ұлы атаң.



Ән: Санамақ.

Әліппе: 42 әріпті игердің,

Әріптен буындап сөз тердің.

Ризамын,балалар,сендерге,

Рахмет айтар кезкелді.

-Рахмет,балалар!Әріпті танып,тақылдап сөйлей аласыңдар.Енді сауатты жазуға мәнерлеп оқытатын досыммен таныстырайын.Ол – Ана тілі!

Ана тілі: Мен сендермен танысқаныма өте қуаныштымын.Енді сендер бұрынғыдан да көп оқисыңдар.

Ақын – жазушы ертегі- әңгімелерін ынта қойып оқыңдар.Сонда сендер көп нәрсені үйренесіңдер.

Ана тілі - пәнніңмін,

Ана тілі –ұраның.

Ана тілі –құралыңмын.

Ана тілің болмаса

Болмас еді Отаның.

Мен сендерді Ана тілін жақсы оқиды деп сенемін.

Жұмбақ жасырайын шешіп көріңдер.

  1. Қабат- қабат қаптама,

Ақылың болса аттама.

(Кітап)

2)Қолы жоқ сурет салады

Тісі жоқ тістеп алады.

(Аяз)

Ана тілі: Сендер аз уақыттың ішінде көп нәрсені үйреніпсіңдер,осының бәрін үйреткен кім?

Хормен: Мектеп,мұғалім,Әліппе,Ата-ана .

Ата- ананың құттықтау сөзі.

Құрметті: ұстаздар,ата-аналар бүгінгі 1-сынып оқушыларының "әліппе - білім анасы "атты ертеңгілігі өз мәресіне жетті.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп- көп рахмет.



Садирова Лаура Кадеревна

Батыс Қазақстан облысы

Казталов ауданы

Бостандық бастауыш жалпы білім беретін мектебі

Садирова Лаура Кадеревна

Батыс Қазақстан облысы

Казталов ауданы

Бостандық бастауыш жалпы білім беретін мектебі

Бостандық бастауыш жалпы білім беретін мектебі.



Тақырыбы: "Әліппе – білім анасы".

Орындаған: Садирова.Л.К.



2014 -2015 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет