Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын) Ұстазым ұлағатым Сабақтың мақсаты



Дата09.03.2023
өлшемі42.63 Kb.
#470530
түріСабақ
Ұлағатты ұстаз


Тәрбие сағаты

Ұстазым — ұлағатым



Күні

26.09.2022

Сынып жетекші:

Мейркулова А.Б.

Сынып: 10 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

Ұстазым — ұлағатым



Сабақтың мақсаты:

Ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дамыту әрі дарыту.

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары



Сабақтың барысы

Тексерілді:

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар



Ұйымдастыру кезеңі

Саабақтың басы

Сабақтың ортасы


Қайырлы күн оқушылар. Бүгінгі ұстаздар мерекесі қарсаңында өткелі отырған. «Ұстазым — ұлағатым» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Ұстаз еңбегі- ұлы еңбек. Сондықтан да ұлы ақын Абай атамыздың:


Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға, — деп айтуында терең мағына жатыр.
Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі – ұстаз. Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде көп мағына жатыр. Өмірдегі қоғам қайраткерлері, небір данышпан адамдар – бәрі-бәрі бір адамға қарыздар. Ол – ұстаз. Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Жан дүниеңді түсінетін, қиындық кезінде сүріндірмей құтқаратын ұстаз екені анық, өйткені ол диқан сияқты. Адамның жанына ақыл, білім дәнін сеуіп, аялап, көңілін де табады.

“Ұстаз”- деген ардақты, киелі үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін.


“Білім” атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайыңнан сипайтын адам.


Егер әр адамның жүрегңнде ізгілік сәулесі болса, ол – мұғалімнің еңбегі. Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төкті десеңізші! Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ шығар сірә?!


1-оқушы: Білім берген баршаға,
Ұстаздарым, шаршама.
Сіздерге тілек тілейтін,
Шәкірттерің қаншама.
Дамир. 2-оқушы: Алғаш рет оятқансың санамды,
Алғаш рет ұстатқансың қаламды.
Сол үшінде мәңгі сыйлап өтермін
Түсіндірген жақсы менен жаманды.
Ботагөз. 3-оқушы: Ұстаз бізді білім беріп өсірген
Қатемізді әрқашанда кешірген
«Өмір жолы-қиын жол» деп әрдайым
Тәрбиелеп, ақылды ғып өсірген.
Гауһар. 4-оқушы: Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышпен жарқын тілек білдіріп,
Құттықтаймыз ұстаздарым баршаңды.
Жанарыс. 5-оқушы: Ақыл құйған санама,
Жеткізер ол данаға.
Білім берген біздерге,
Алғыс айтамыз сіздерге.
Хормен: Ұстаздарға мың алғыс!
Мұғалім: Біз ата-анамызды қалай қадірлеп құрметтесек, ұстазды да солай құрметтеу — парызымыз. Ұстаз туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар!
Ән: «Ұстазым».
ұғалім: Фото бойынша сұрақ. «Қандай қызық оқушылық — алтын шақ»
Өз анасын табу;
Бұл қай кезде түскен фото сурет;
Демек сендердіңде ата-аналарыңыз сіздер сияқты оқушы болған. Олардыңда ұстазы бар. Олай болса ата-аналарыңыз өз ұстаздарына деген шын жүректен сөздерін тыңдайық.
Қорытынды: О, ұстаздар, басымды ием сіздерге,
Күллі әлемнің мұғалімдер күнінде.
Жүрегімнің лүпілінен шыққан сөз,
Сая тапсын ұлы ұстаздың жүрегінің түбінде.
Ұстаздар: Бүгінгі күн құшақтарыңыз гүлге толсын,
Дендеріңіздің саулығы мықты болсын, еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілейміз! Әрдайым ел иелігі үшін еңбек етіп, егемен еліміздің ертеңі болатын өрелі өрендерді өсіріп, тәрбиелеп, ұяларыңыздан ұшыра беріңіздер!

Ұстаз ақыл-ойы мен күш-қуатын балаларға арнап, жан аямай еңбек етеді. Өйткені ол, оның көкірек көзін ашып, дүниетанымен кеңейтіп қияға қанат қақтырады. Сондықтан болар кейбір дарынды ойшылдар да, тіпті арман қуған балалар да ұстазды ерекше пір тұтып қадірлейді. Сондықтан ұстазды қадірлейік, ренжітпейік деген қорытынды жасай келе бүгінгі тәрбие сағатымызды тәмәмдаймыз.


Источник: https://www.tarbie.kz/6848

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.
Оқушылар өзіне белгілеген уақытта өлең жолдарын оқиды


Компьютер
Интер белсенді тақта

Источник: https://www.tarbie.kz/6848



«Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебі»КММ






««Ұстазым — ұлағатым»»
10 « В»сынып

Өткізген: Мейркулова А.Б.

2022-2023 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет