18. Бүтін сандар Паскаль тілінде қандай типке жатады?
А) integer; Ә) real; Б)array(l..n)of real; B)array(l..n) of integer;
19. Көмекші программа дегеніміз не?
А)Программаныңадамның түсінуі мен қабылдануына ыңғайлы жүргізуге бағытталған тәсілдер жиыны
Ә)Белгілі бір ат қойылып,жеке программа түрінде бөлек жазылған,қажет кезінде оны қайталап пайдаланып отыруға болатын негізгі программаның арнайы бөлігі
Б)Программадағы операторлардың немесе олардың топтарының жазылу реттелігімен тізбектеле орындалуы
В)Белгілі бір әрекеттерді орындау мақсатында алдын ала бекітілген аты бойынша шақырылып орындалатын программаның тәуелсіз бөлігі
20. Процедура деп нені айтады?
А) Программадағы операторлардың немесе олардың топтарының жазылу реттелігімен тізбектеле орындалуы
Ә) Белгілі бір ат қойылып,жеке программа түрінде бөлек жазылған,қажет кезінде оны қайталап пайдаланып отыруға болатын негізгі программаның арнайы бөлігі
Б) Белгілі бір әрекеттерді орындау мақсатында алдын ала бекітілген аты бойынша шақырылып орындалатын программаның тәуелсіз бөлігі
В) Жұмысының нәтижесі бір ғана мән болатын программа
21. IF [шарт] THEN [ 1-серия ] ......
А) Шартсыз көшу операторы Ә) Шартты көшу операторы Б) Баспаға шығару операторы
В) Операторды енгізу операторы
22. tgх функциясының Паскаль тілінде жазылуы
А) TAN(x); Ә) TG x; Б) Atan(x) B) SIN(x)\Cos(X);
23. Паскальда түбір алу амалын көрсетіңіз.
А) SQR; Ә) SQRT; Б) ASQRT; B) EXP(x);?
24. FOR I=l to n do
А) параметрсіз цикл Ә) параметрлі цикл
Б) Енгізу операторы В) шығару операторы
25. read және readln операторлардың айырмашылығы неде?
А) read- мәндер клавитурадан енгізіледі
readln – тізімінде меншіктеу операторы жазылу мүмкін
Ә) read – мәндерді бір жолға енгізу
Readln- әр бір мән келесі жолға енгізу
Б) read – қарапайым айнымалылар мәндері енгізіледі
Readln- массив мәндер енгізіледі
В) read- константа жазылады
Readln- матрица мәндер жазылады
26. Паскальда “;” expected мәлімдемесі қай кезде шығады?
А) “;” артық жазылғанда
Ә) “;” қойылмай кеткенде
Б) “;” алдында бос орын қойылмай кеткенде
В) “;” қоймау керек
27. Файлдың атын өзгертіп сақтау үшін..... командасын орындау керек.
А) FILE-SAVE Ә)FILE-SAVE as..; Б)EDIT-SAVE В)EDIT-SAVE
28. Бар файлды ашу үшін...... командасын шу керек.
А) FILE- NEW Ә) FILE- OPEN Б) EDIT- NEW B) EDIT-OPEN
II нұсқа
1. Паскаль тілі қай жылдарда жасалды?
А) 1965-1968 Ә) 1985-1987 Б) 1968-1971 В)1963-1971
2. c=a+b,мұндағы a,b –ың типі integer с-ның типі....болады.
А)integer Ә)real Б) var B) conct
3 . Паскаль тіліндегі енгізу операторын көрсет
А) PRINT Ә) WRITE Б) OUTPUT B) READ
4. WRITE және . WRITELN операторларының айырмашылығы неде?
А) WRITE – нәтижелер бір жолға шығады. WRITELN- келесі жолға түседі.
Ә) WRITE-нәтижелер толық формат арқылы шығады.
нәтижелер зоналық формат арқылы шығады
Б) WRITE –қарапайым нәтижелер шығады.
WRITELN –массив нәтижелері шығады
В) ) WRITE-қарапайым шешім шығады. WRITELN- матрица нәтижелері
шығады
5. CONST қызметші сөзі не үшін қолданылады?
А) тұрақтыларды сипаттау Ә) белгілерді сипаттау Б)тұрақтыларды сипаттау В) программа тақырыбы
6. Айнымалыларды сипаттау операторын көрсет
А) char Ә) const Б) var B) label
7. b=a, мұндағы а бүтін сан болса, b-нің типі... болады.
А) real Ә)integer Б)string В)character
8. IF [ шарт] THEN [1-серия] ELSE [2-серия ] ......
А)Шартсыз көшу операторы Ә)Шартты көшу операторы Б) Баспаға шығару операторы В) Программаның басы-соңы операторы
9. LENGTH S функциясының қызметі
А) S жолдық айнымалысының символдарының санын есептеу Ә) S символдық айнымалысының кері кету
Б) S символдық айнымалысының кері кету В) S символдық айнымалының символдарын кеі кету
10. Келесі баяндаулардың арасында дұрыс варианттын көрсету керек ъ
А) МАССИВ ARRAY [ 1..N ] OF ВЕКТОР; Ә) МАССИВ ARRAY [ 1..N ] OF REAL;
Б) МАССИВ ARRAY [ 1..N ] ; B) МАССИВ ARRAY [ 1..N ] REAL;
11.Паскаль тіліндегі шартсыз көшу операторы...
А)Саse of… Ә) GO TO [метка] Б)ІF [шарт] Then [1-серия]; В) FOR і=1 TO n NEXT.
12.Қосалқы программа дегеніміз не?
А) Программаның адамның түсуі мен қабылдауына ыңғайлы жүргізуге бағытталған тәсілдер жиыны.
Ә)Программадағы операторлардың немесе олардың топтарының жазылу реттілігімен тәзбектеле орындалуы.
Б) Белгілі бір ат қойылып, жеке программа түрінде бөлек жазылған,қажет кезінде оны қайталап пайдаланып отыруға болатын негізгі программаның арнайы бөлігі.
В) Белгілі әрекеттерді орындау мақсатында алдыг ала бекітілген аты бойынша шақырылып орындалатын программаның тәуелсіз бөлігі.
13.Функция деп нені айтады?
А)Жұмысының нәтижесі бір ғана мән болатын операторлар тізбегі
Ә)Белгілі бір ат қойылып, жеке программа түрінде бөлек жазылған, қажет кезінде оны қайталап пайдаланып отыруға болатын негізгі программаның арнайы бөлігі.
Б)Белгілі бір әрекеттерді орындау мақсатында алдын ала бекітілген аты бойынша шақырылып орындалатын программаның тәуелсіз бөлігі.
В)Жұмысының нәтижесі бір ғана мән болатын процедура
14.Х санының модулі...
A)SQR(x) Ә) SQR(x) Б)MOD(x) Б) ABS (x)
15.Х санының квадраты...
A)SQR(x) Ә)SQRT(x) Б)MOD(x) Б) ABS (x)
16. Х санының квадрат түбірі....
A)SQR(x) Ә )SQRT(x) Б)MOD(x) Б) ABS (x)
17. Нақты сандар Паскаль тілінде қандай типке жатады?
А) integer Ә) real Б) array(1..n) of real; B) ) array(1..n) of integer
18. Қай өрнекте қате бар?
A) (x1\x2)*y; Ә)sqrt(p)*q\r; Б) b+(a-(c\3)) B) (a-(b\(c(d\)e*f)))))
19. FOR I=l TO N DO ….
А) Параметрсіз цикл Ә) Параметрлі цикл Б) Енгізу операторы B) Шығару операторы
20. Массивті баяндау қай түйінді сөзден басталады?
A) String; Ә) Record; Б) Array; В) While;
21. Паскаль тілінде тұрақтыны қалай анықтаймыз?
А) const n=5; Ә) const n=:5 Б) const n=5 of integer; B) const n=;5
22. Паскаль тілінде «а» айнымалысын енгізу операторы.......
A) Read (a); Ә) Write (a) Б) Input a; В) Print a;
23. Write операторы...
А) Параметрсіз цикл ә) параметрлі цикл б) енгізу операторы в) шығару операторы
24. read және readln операторлардың айырмашылығы неде?
А)read – мәндер клавиатурадан енгізіледі;
rеadln – тізімінде меншіктеу операторы жазылуы мүмкін;
Ә)read – мәндерді бір жолға енгізу;
readln – әр бір мен келесі жолға енгізу;
Б)read – қарапайым айнымалылар мәндері енгізіледі;
readln – массив мәндері енгізіледі;
В)read – константа жазылады:
readln – матрица мәндер жазылады;
25. and, or, not қызметші сөздері не үшін қолданылады
А) құрама шартта ә) жай шартта б) таңдау операторында в) көмекші операторында
26. Жиым дегеніміз - ...
А) бір атаумен белгіленіп біріктірілген біртекті элементтер жиымы.
ә) бір атаумен біріктірілмеген біртекті элементтер жиымы.
Б) әртүрлі программалау тілінде жиымдарды жазу ережесі.
В) мәліметтерді ұйымдастырудың кестелік тәсілі.
27. Паскальда ";" expected мәлімдемесі қай кезде шығады?
А) ";" артық жазылғанда; ә) ";" қойылмай кеткенде;Б) ";" алдында бос орын қойылмай кеткенде б) ";" қоймау керек
Тест жауаптары
І нұсқа
|
ІІ нұсқа
|
1
|
Ә
|
16
|
В
|
1
|
Б
|
16
|
Ә
|
2
|
Ә
|
17
|
В
|
2
|
А
|
17
|
Ә
|
3
|
А
|
18
|
А
|
3
|
В
|
18
|
В
|
4
|
В
|
19
|
Ә
|
4
|
А
|
19
|
Ә
|
5
|
Б
|
20
|
Б
|
5
|
А
|
20
|
Б
|
6
|
Ә
|
21
|
Ә
|
6
|
Б
|
21
|
А
|
7
|
А
|
22
|
В
|
7
|
Ә
|
22
|
А
|
8
|
А
|
23
|
Ә
|
8
|
Ә
|
23
|
В
|
9
|
Б
|
24
|
Ә
|
9
|
А
|
24
|
Ә
|
10
|
Ә
|
25
|
Ә
|
10
|
Ә
|
25
|
А
|
11
|
Ә
|
26
|
Ә
|
11
|
Ә
|
26
|
А
|
12
|
Ә
|
27
|
Ә
|
12
|
Б
|
27
|
Ә
|
13
|
А
|
28
|
Ә
|
13
|
А
|
|
|
14
|
А
|
|
|
14
|
В
|
|
|
15
|
А
|
|
|
15
|
А
|
|
|
Үйге тапсырма: 4 – 6 тарауды қайталау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
________________
Оқу ісінің меңгерушісі
«___________» ________20 ж
Пән аты: Информатика
Класы: 9 «А», 9 «Б», 9 «В», 9 «Г»
Сабақтың тақырыбы: Графикалық режимге көшу адаптерлері. CRT модуліндегі
адаптерлердің мәтіндік мүмкіндіктері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Паскаль тілінің мүмкіндіктерімен таныстыру. Графикалық режимге көшу адаптерлері, CRT модуліндегі адаптерлердің мәтіндік мүмкіндіктері туралы толық мағлұмат беру;
Дамытушылық: Оқушыларға графикалық режимге көшу адаптерлері, CRT модуліндегі адаптерлердің мәтіндік мүмкіндіктері туралы толық мағлұмат бере отырып Паскаль тілінен алған білімдерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: теориялық сабақ
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
2.Өткен материалдарды қайталау
3.Жаңа сабақты түсіндіру
4.Сабақты бекіту
5.Үйге тапсырма
Өткен материалдарды қайталау сұрақтары
* Құрылымдық программалау дегеніміз не? Ол не үшін қолданылады?
* Қандай негізгі логикалық құрылымдарды білесіңдер және олардың қандай ерекшеліктері бар?
* Қосалқы программа дегеніміз не?
* Стандартты және бейстандарт функциялар дегеніміз не?
* Параметр дегеніміз не?
* Стандартты және бейстандарт функциялар дегеніміз не?
* Формалды параметрдің нақтылы параметрден айырмашылығы неде?
* Функция дегеніміз не?
* Процедура мен функцияның қандай ұқсастығы және айырмашылығы бар?
Жаңа сабақты түсіндіру
Дисплей экраны нүктелер жиыны болып табылатын төртбұрышты аймақ болып табылады. Ол графикалық және мәтіндік режимдерде жұмыс атқара алады. Графикалық режимде экранның әрбір нүктесін түрлі түске бояп, сол түстер арқылы сызық, мәтін және әр түрлі бейнелер кескіндеуге болады.
Графикалық программалау процесі тиімділігін арттыру мақсатында Borland International фирмасы GRAPH арнайы программалар кітапханасын жасап шығарған болатын, онда қазіргі кездегі мониторлардың барлық типтерімен жұмыс істейтін, экранға түрлі мөлшердегі қаріптер шығара алатын драйверлер жиыны бар.
Экранға мәлімет шығаруды аппараттық жағынан сүйемелдеу екі модуль – бейнеадаптер және бейнемонитор арқылы қамтамасыз етіледі. Бейнемонитор немесе дисплей - мәтін және графикалық бейнелер шығарылатын құрылғы, ол электрондық сәулелік түтікшеден немесе сұйық кристалды тақтадан тұрады. Дисплей теледидар сияқты жұмыс істеп, экрандағы бейне секунд сайын 25 рет жаңаланып отырады. Экрандағы бейнелер кішкене нүктелерден (пиксельдерден) тұратын қатарларға біріктірілген. Сондықтан экранның басқарылатын ең кіші элементі пиксель болып табылады. Экрандағы кез келген бейне осы пиксельдер арқылы салынады.
Экран бетіндегі қатарлар саны бір қатардағы нүктелердің саны пайдаланылатын бейнеадаптердің жұмыс режиміне байланысты болады. Бейнеадаптер – экранды басқару блогы, оны дисплей адаптері немесе адаптер деп те атайды. Бейнеадаптер екі бөліктен – электрондық – сәулелік түтікше контроллерінен (CRT контролері ) және бейнебуферден тұрады.
ІВМ РС тәрізді компьютерлерде адаптерлердің бірнеше стандарты пайдаланылады. Алғашқыда тек қарапайым ақ – қара түсті мәтіндік ақпараттарды өңдеуге арналған адаптерлер қолданылған. 1982 жылы Hercules фирмасы HGC адаптерін шығарды. Кейіннен түрлі түсті (CGA) және жетілдірілген графикалық адаптерлер (EGA) шықты.Соңғы кезде VGA және SVGА типіндегі адаптерлер кең пайдаланылып келеді.
Қажетті драйверлерді қолдану арқылы кез келген адаптерді графикалық режимде пайдалануға болады. Драйверлер деп дербес компьютердің техникалық құрылғыларын басқаратын арнайы программаны айтады.
Турбо Паскальдің мәтіндерді енгізіп – шығаруды жетілдіретін бірнеше стандартты мен процедуралары бар, олар кітапханалық GRT (Cathode ray tube Display – электрондық сәулелік түтікшедегі дисплей) модулінде жинақталған.Мәтіндік режимде процедураларды пайдалану үшін алдымен GRT модулін іске қосу керек. Ол үшін программа тақырыбынан кейін арнай жол жазылуы тиіс:
Program <программа аты>;
Uses grt:
GRT модулін пайдалана отырып, экранға шығарылатын символдардың түсін, мөлшерін, экранның түсін де өзгертуге болады.. Сонымен бірге экранда терезе жасауға, оны өшіруге, курсорды автоматты түрде жаңа орынға көшіруге, оның жаңа орнын анықтауға, жолдарды өшіруге және жалғастыруға т.б. көптеген әрекеттер істеуге мүмкіндігі бар.
Мәтіндік режимді орнату үшін Text Mode (Mode:word); процедурасы пайдаланылады.
Экранға шығарылатын символдың түсін ТехtСоlor (Color:Byte);ал экранның түсін өзгерту үшін (ТехтBackground Color:Byte); процедурасы пайдаланылады.
Графикалық экранның мүмкіндігі дегеніміз – бұл экранға шығарылатын бейненің дәлдігі. Мысалы, экранға графикалық бейнелерді шығару мүмкіндігі қаншалықты жоғары болса, функциялардың графигін соншалықты дәл тұрғызуға болады.
Палитра (бояулар) дегеніміз – бұл графикалық режимге арналған түстер жиынтығы. Режимге арналған бірнеше палитралар бар, бірақ әдетте стандартты 16 түс пайдаланылады.
Black -0 -қара DrackGray - 8 -қара - сұр
Blue -1 - сұр LightBlue -9 - ашық көк
Green - 2 - жасыл LightGreen -10 - ашық жасыл
Cegan -3 - көгілдір LightCegan - 11 - ашық көгілдір
Red -4 - қызыл LightRed -12 - алқызыл
Magenta -5 - күлгін LightMagenta -13 - таңқурай
Brown -6 - қоңыр Yellow - 14 - сары
Light Gray -7 - ақ – сұр White -15 - ақ
Экранды тазалайтын процедуралар:
ClrScr – экранды немесе терезені тазалап, курсорды экранның сол жақ жоғарғы бұрышына көшіреді, тек мәтіндік режимде ғана жұмыс атқарады;
ClrEol – курсордан жол соңына дейінгі символдарды өшіреді;
DelLine – курсор орналасқан жолдағы символдар түгел өшіріледі де, төмендегі жолдар бір қатар жоғары көтеріледі;
InsLine – курсор орналасқан позицияға жаңа жол енгізіледі де, төменгі символдар бір қатарға төмен түседі.
GotoXY(x,y:byte); - курсорды координаталары X,Y келетін экран нүктесіне көшіреді. Х сол жақ шеттен оң жаққа қарай, ал Y жоғарыдан төмен қарай берілген қашықтықтар бірлігін көрсетеді. Егер экран толық ашылған терезе деп қарастырылса, онда 25 жолдан және әр жол 80 символдан тұратын дисплей адаптерлерінің мәтіндік режимінде X=1..80, Y=1..25 мәндеріне сәйкес келеді. Экранның сол жақ жоғарғы бұрышының координаталары – (1,1), оң жақ төменгі бұрышы үшін (80,25) болып келеді.
Window (x1,y1,x2,y2:byte); - экранда терезе құру процедурасы Х1,Y1,X2,Y2 – терезе төртбұрышының сол жақ жоғарғы және оң жақ төменгі төбелерінің координаталары.Ең кіші терезе бір символды ғана қоршаса, ең үлкен терезе (1,1,80,25) мөлшерінде бүкіл экранды алып тұрады.
Мысалы:
Program tereze;
Uses crt;
Var k:integer;
begin;
textbackground (5);
window (4,3,36,18); textcolor (14);
for k: 1 to 100 do writln:
goto XY (8,8);writeln (‘Enter пернесін басыңдар’);
readln;
textbackground (12); textcolor (15);
window (39,3,71,18);
for k:= 1 to 100 do writeln;
gotoxy (3,8);
wrіteln (‘Жақсы Enter – пернесін басыңдар’);
readln;
textmode (Co80)
end.
Сабақты бекіту сұрақтары
* Бейнемонитор қандай құрылғы? * Пиксель дегеніміз не? * Бейнеадаптер қандай құрылғы?
* GRT модулінің қызметі қандай? * Драйвер деп нені айтады?
Үйге тапсырма: 7.1, 7.2 тақырыптарды оқу
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
________________
Оқу ісінің меңгерушісі
«___________» ________20 ж
Пән аты: Информатика
Класы: 9 «А», 9 «Б», 9 «В», 9 «Г»
Сабақтың тақырыбы: Графикалық процедуралар мен функциялар. Графикалық объектілерді құру процедуралары. Графикалық режимде мәтін жазу процедуралары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Паскаль тілінің мүмкіндіктерімен таныстыру. Графикалық процедуралар мен функциялар. Графикалық объектілерді құру процедуралары. Графикалық режимде мәтін жазу процедуралары туралы толық мағлұмат беру;
Дамытушылық: Графикалық процедуралар мен функциялар. Графикалық объектілерді құру процедуралары. Графикалық режимде мәтін жазу процедуралары туралы толық мағлұмат бере отырып оқушылардың Паскаль тіліндегі алған білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, патриоттыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
2.Өткен материалдарды қайталау
3.Жаңа сабақты түсіндіру
4.Компьютермен жұмыс
5.Сабақты бекіту
Өткен материалдарды қайталау сұрақтары
* Бейнемонитор қандай құрылғы?
* Пиксель дегеніміз не?
* Бейнеадаптер қандай құрылғы?
* GRT модулінің қызметі қандай?
* Драйвер деп нені атайды?
* Курсорды экранның кез келген нүктесіне қалай көшіреміз?
* Мәтіндік режимде экранда қалай терезе құруға болады?
* Экранды немесе экран бетіндегі бір жолды қалай тазартуға болады?
* Экрандағы мәтін жолдары арасына жаңа жол енгізу үшін не істеу керек?
Жаңа сабақты түсіндіру
Қазіргі дербес компьютерлердің графикалық ақпараттарды енгізу, шығару,және өңдеуге арналған техникалық құрылғылары бар. Графикалық ақпаратты енгізу үшін – сканер, ал шығару үшін дисплей экраны және плоттер пайдаланылады.
Графикалық программалау процесі тиімділігін арттыру мақсатында Borland International фирмасы СRAPH арнайы программалар кітапханасын жасап шығарған, онда қазіргі кездегі мониторлардың барлық типтерімен жұмыс істейтін, экранға түрлі мөлшердегі қаріптер шығара алатын драйверлер жиыны бар.
Дисплей экраны нүктелер жиыны болып табылады. Ол графикалық және мәтіндік режимдерде жұмыс атқара алады. Екі режимде де пиксель деп аталатын дисплей экранының режимде экранның әрбір нүктесін түрлі түске бояп, сол түстер арқылы сызық, мәтін және әр түрлі бейнелер кескіндеуге болады.
Графикалық режимде графикалық нүктелердің өзінің «координаталар жүйесі» енгізіледі.
Экрандағы графикалық бейне графикалық экранның буферінің күйіне байланысты графикалық нүктелердің жарықталуынан құралады. Экран буфері дегеніміз – бұл графикалық экранда әрбір пиксельдің жарықталыну түсі мен белгісі кодталған оперативті жадының бөлігі. Пайдаланылған графикалық экранның режиміне, дисплейдің типіне және жадының көлеміне тәуелді графикалық экран үшін бір немесе бірнеше буфер ұйымдастырылуы мүмкін. Мұндай буферлер графикалық экрандық беттер деп аталады. Дербес жағдайда, физикалық экран тек бір ғана бетпен байланысты болуы мүмкін. Графикалық ақпаратты сол мезетте шығаруға бағытталған буфер активті бет (буфер) деп аталады.
Графикалық режимді алғаш рет іске қосу (инициализациялану) үшін INITCRAPH («драйвер», «режим», «жолы» ) процедурасы қолданылады. Мұндағы, «драйвер» - графикалық драйверге арналған integer типті айнымалы, «режим» - адаптердің жұмыс режиміне арналған integer типті айнымалы (тағайындалатын графикалық режимінің нөмірі), жолы – графикалық драйвердің файлына баратын жолды көрсететін string типті өрнек.
Графиктік режимнен шығу үшін Closegraph процедурасы пайдаланылады.
GetGraphMode:Integer; функциясы адаптердің, яғни графикалық ағымдағы режимінің мәнін береді;
SetGraphMode (Mode;integer) – графикалық режимді тағайындайды, тазартады, мұндағы Mode – орнатылатын режимнің коды
MoveTo (X,Y:integer) – процедурасы курсорды көрсетілген координатаға орналастырады;
MoveRel (DX,DY:integer) – курсорды тұрған нүктесінен әрі қарай DX бірлігіне көлденең (оңға), DY бірлігіне тіке (төмен) бірлікке орын ауыстыру;
RestoreCRTMode процедурасы графикалық режимнің алдындағы режимді қалпына келтіреді. Оның CloseGraph процедурасынан өзгешелігі – қойылған графикалық режимдерді өшірмейді, буферді тазаламайды;
GetX және GetY функциялары курсордың ағымдағы координатасын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |