Аты-жөні: Мустафина Нагима Муратовна
Қала: Астана
Мектеп: Шәкәрім атындағы №56 мектеп-лицейі
Пән: география
Индекс: Сарыарқа ауданы Z10H8P3, ескісі-010000
Мекен жай: Ш.Қосшығұлұлы 21, 66 пәтер
«ҚҰРЛЫҚТАР ГЕОГРАФИЯСЫ» АТТЫ ГЕОГРАФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША 7-8 СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЫ
Педагогтің аты-жөні
|
Мустафина Нагима Муратовна
|
Күні:
|
|
Сынып:
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Еуразия
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
Сабақта меңгерген білімдері мен дағдыларың күнделікті заттарға басқаша қарауға ықпал етіп, көптеген қызықты шығармашылық идеяларға жетелейді. Алған білімдерін өмірде қолданады.
|
Сабақтың барысы.
|
|
Сабақтың кезең
уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Басы
|
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Сиқырлы айналу» жылулық шеңбері. «Мен және аспан»
Педагог балалардың назарын аспанның әдемілігіне аударады.Балалар аспандағы бұлттарды түрлі заттарға ұқсатып айтады;үлпілдік ақша бұлттаға,жауар бұлттай түнерген аспанға,мейірімді жылы күнге,ай мен жұлдыздарға,қарлығашқа,бозторғайға,шымшыққа,бүркітке т.б.айналады.
Жұмыс ережесін келісу
Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
Уақытты үнемдейміз!
Нақты,дәл жауап береміз!
Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)
|
Психологиялық ахуалға берілген психогиялық жаттыңуларды орындау арқылы жаңа сабаққа назар аудару.
Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды.
|
ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау.
|
Психологиялық ахуал.
Алдыңғы білімді еске түсірутапсырмалары.
|
Ортасы
|
Еуразия – дүниежүзіндегі ең ірі материк. Еуразияны екі дүние бөлігі Еуропа мен Азия құрайды. Еуропа мен Азия арасындағы шартты түрдегі шекара Орал тауларының шығыс етегі, Жайық өзені арқылы Каспий теңізінің солтүстік жағалауы, Азов, Қара теңіздері арқылы өтеді.
Материктің аты көкжиек тұстарының бағытына байланысты шыққан.
Ежелгі финикиялықтардың "эреб" – батыс, "асу" – шығыс деген атауларынан Еуропа, Азия сөздері шыққан. Еуразия материгінің ауданы аралдарымен қоса есептегенде 54 млн шаршы шақырымды құрайды, ол бүкіл құрлықтың 1/3 бөлігін алып жатыр. Дүниежүзіндегі ең биік тау шыңы – Гималай тауындағы Джомолунгма шыңы, оның биіктігі 8848 метр. Джомолунгма шыңы Непал мемлекетінің аумағында орналасқан. Джомолунгма непал тілінен аударғанда "таудың ана құдайы" деген мағына береді. Джомолунгма шыңы Гималай тауында орналасқан. Гималайда биіктігі 8000 метрден асатын 11 шың бар. Гималай сөзі непал тілінен аударғанда «қар мекені» деген мағына береді Бұл шыңды бірінші рет адам баласы 1953 жылы, ал қазақстандық Қ.Уәлиев басқарған Қазақстан альпинистері 1982 жылы бағындырған.
Жер шарындағы теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жер Арабия түбегінің солтүстік батысындағы Өлі теңіз орналасқан Гхор ойысы, оның деңгейі – 403 м.
Еуразияда орналасқан Шығыс Сібірдегі Оймякон елдімекенінде -71° C температура тіркелген. Сондықтан оны солтүстік жарты шардың суық полюсі деп атайды. Жер шарындағы жауын-шашынның ең көп түсетін ауданы Гималай тауының оңтүстік шығыс беткейіндегі Черапунджи елді мекені, мұнда жылына 12000 мм жауын-шашын түседі.
Еуразияның ішкі аудандары туралы мәліметтер ұзақ уақыт бойы зерттеушілер үшін жұмбақ болып келді. Биік таулармен қоршалып, ұшы қиырсыз шөлдермен көмкерілген Орталық Азия жеріне саяхат жасау ғалымдардың арманы болды. Орталық Азияның табиғатын зерттеу мақсатында XIX ғасырда экспедициялар құрыла бастады. Орталық Азияның ішкі аудандарын зерттеуде орыс саяхатшылары Н.М. Пржевальский, П.П. Семеновтың, қазақтан шыққан тұңғыш географы Ш.Уәлихановтың үлесі зор. Н. Пржевальский өмірінің он бес жылын Орталық Азияны зерттеуге арнаған. Осы аймаққа жасаған төрт саяхаты нәтижесінде Тибет, Гоби шөліндегі бірнеше жоталарды анықтап, Хуанхэ мен Янцзы өзендерінің бастауын тапқан. Өсімдіктер мен жануарлардың белгісіз жаңа түрлерін жабайы жылқы мен жабайы түйені анықтаған.
Алғашқы адамдардың Еуразия жерін қоныстануы Жерорта теңізі маңынан басталған. Осы жерде тұңғыш рет географиялық түсініктер қалыптасып, географиялық ұғымдар жинақталған.
Еуразияның жер бедері алуан түрлі. Еуразияның теңіз деңгейінен орташа биіктігі 840 м, оның ауданының жартысынан астамын таулар құрайды. Памир тауында Еуразиядағы ең ірі Федченко мұздығы орналасқан. Мұздықтың ұзындығы 77 шақырым. Тау басындағы мұздықтардан ірі өзендер бастау алады.
Еуразиядағы ең биік сөнбеген жанартау Ключи Шоқысы, оның биіктігі 4750 м. Камчатка түбегінде орналасқан. Камчаткада әйгілі Гейзерлер аңғары орналасқан. Адамдар Камчатка мен Исландиядағы гейзер суын үйлерді жылытуға пайдаланады.
Дескриптор:
Берілген тақырыпты меңгереді, алған теориялық білімдерін практикада қолдана алады
Математикалық сауаттылықтарды дамиды
|
Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды.
Белсенді оқу тапсырмалар
|
Форматив
ті бағалау.
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.
|
Оқылым, жазылым тапсырмалары.
|
Бекіту
|
Оған семантикалық карталар пайдаланамын.
1.«Адасқан обьектілер»,2.«Өзендер»
3.Жасырын өзендер;Солтүстік мұзды мұхит алабы,Атлант мұхиты алабы,
І.1)Енисей,2)Лена,3)Обь; ІІ.1)Дунай, 2)Рейн, 3)Висла;ІІІ.
«Еуразияның физикалық картасын пайдалана отырып, кестені толтыру»
5.
Солтүстік мұзды мұхит алабы Атлант мұхиты алабы
Обь Дунай
Ангара Рейн
Лена Висла
Мен –Өзенмін ойыны. «ДҰРЫС-БҰРЫС» ОЙЫНЫ
1.Сырдария және Амудария өзендері Атлант мұхит алабына жатады? ( Бұрыс)
2.батпақтар жауын шашын көп түсетін аудандарда кең тралған? (Дұрыс)
3.Еуразия материгі су қоры жөнінен Оңтүстік Америкадан кейін екінші орында алады? (Дұрыс)
4.Еділ мен Жайық өзендрі Арал теңізіне құяды? ( Бұрыс)
5.Байкал көлі дүние жүзіндегі ең терең көл? (Дұрыс)
6.Қазақстанда жер астысуының мол қоры бар? (Дұрыс)
7.Арал теңізі тектоникалық көлге жатады? (бұрыс)
8.Дунай,Висла,Рейн, Атлант мұхиты алабына жатады?(дұрыс)
9.Солтүстік мұзды мұхит алабымен қыста кемелер қатынайды? (Бұрыс)
10.Елбасымыз қолдап отырған кіші арал жобасы болашақта толығымен аяқталған кезде ,кіші Арал теңізі суға толды? (дұрыс)
|
Оқулықтағы қосымша тапсырмалар.
|
ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.
|
Топтық тапсырмалар.
|
Кері байланыс
|
«Білім шыңы» кері байланыс.
|
Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, суретін жібереді.
|
«Білім шыңы»
|
Кері байланыс тақтайшасы.
|
Достарыңызбен бөлісу: |