III. Жаңа сабақ.
Мұғалімнің кіріспе сөзі. Міне, біз Ғ.Мүсіреповтың өмірі мен жалпы еңбектеріне тоқталып еске түсірдік.
«Мүсірепов болса қашанда таңдануға лайық тұлға!» - деп,
Әбдіжәміл Нұрпейісов айтқандай, Ғ.Мүсірепов сөз өнерінің зергері. Оның ерекше сүйіп, жырлаған тақырыбы- ана тақырыбы. Жазушыға тән деталь ойнату, символ қолдану ана туралы әңгімелерінде анық байқалады. Ана туралы цикл- Ақлима, Қапия, Нағима, Ұлпан бейнелері ел рухының асқарлығын паш етіп, адамгершілікті қастерлейді. Мүсірепов бейнелеген ана – қазақтың анасы- кәдімгі қазақ даласында өскен: Қапия, Ұлпан, Нағима, Ақлималар. Өздері де, сөздері де өткір, өктем.. Жазушы осы, ана тақырыбындағы туындылары арқылы аса қайратты, қуатты әйел тұлғасын жасады, ана махаббатының жеңімпаз рухын асқақтата әспеттеді. Жыртқыш аң, долы табиғат, жауыз да, батыр да ана жүрегінің алдында бас иеді.
«Бәрінен бұрын тақырып пайда болады. Пайда болады да жазу- шыны азапқа сала бастайды. Тақырып санаға сіңіп, ойға орныққан сайын образдарды, пейзаж жұрнақтары туындап, тұтаса береді»
В. Катаев
Бір сауалдан бір емес, бірнеше жауабы болатын секілді, бір тақырыптан бір емес, бірнеше идея туу мүмкін.
Белинский
Енді бір сәт, әдебиет теориясына тоқталайық.
Тақырып дегеніміз не?
|