А)Әр түрлі биіктіктегі арыс жасалатын жаттығуларды жетілдіру.
Ә)Акрабатикалық тепе-теңдік жаттығуларын дамыта үйрету.
Б)Күштілік ептілік икемділік қасеиттерін дамыту.
гимнастикалық қабырға.
Сабақтың әдісі: Жаппай, топпен.
№
|
Сабақтың мазмұны
|
Уақыт
|
Әдістемелік нұсқаулар
|
І Дайындық бөлім
|
15 мин
|
|
1
|
Сапқа тұрғызу, сәлемдесу. Сабаққа қатысқан оқушыларды түгендеу. Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру. Сабақтың мақсатын таныстыру. Саптағы «Оңға!», «Солға!», «Кері айнал!» «Алаңды айналып алға бас!» жаттығулары
|
2 мин
|
Арнайы киімдеріне сабаққа даярлығына және берілген бұйрықтың орындалуына назар аудару. Ара қашықтықты сақтау.
|
2
|
Жүру бағытында орындалатын жаттығулар
Алға жүру:
1.Екі қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру
2.Қол белде өкшемен жүру.
3.Қол желкеде жартылай отыр жүру.
4.Қол тізеде, отырып жүру, секіру.
|
2 мин
|
Қолды бүкпеу, денені тік ұстау.
Кеудені тік ұстау.
Кеуде тік, басты көтеріп ұстау.
Жоғары секіру.
|
3
|
Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулары:
1.Жеңіл жүгіріс
2.Тізені алға көтеріп жүгіру.
3.Қолды артқа қойып, аяқты артқа сермей жүгіру.
4.Аяқтың басын алға сілтей жүгіру.
5.Оң қапталмен қолды алға айналдыру.
6.Сол қапталмен қолды артқа айналдыру.
|
3 мин
|
Ара-қашықтық сақтау.
Тізені алақанға тигізу.
Аяқты алақанға жеткізу.
Барынша жоғары секіріп, қолды толық айналдыру.
|
4
|
Тыныс алу жаттығулары,сапқа 2 қатарға тұрғызу.
|
|
5
|
Жалпы дамыту жаттығулары
|
8 мин
|
|
1
|
БҚ қол ұстасып, бір-біріне қарама-қарсы тұру. Бір қолды екі жаны арқылы жоғары көтеру, сол аяқты артта ұстау.
2.БҚ
3.Екінші аяқпенен де осылай жасау.
|
4-6 рет
|
Барлық оқушылардың бірдей жасауын қадағалау.
|
2
|
БҚ қолдарын төмен ұстап, бір-біріне арқаларын беріп тұрады.
1.Сол аяғын ұшымен жанға қояды, оң қолды жоғары көтеріп, солға еңкейеді.
2.БҚ Екінші жаққа да осылай жасау.
|
6-8 рет
|
Аяқты бүкпей түзу жасауын қадағалау.
|
3
|
БҚ Бір-бірінің иықтарынан ұстап, алға еңкейіп, қарама-қарсы тұрады. Аяқтардың арасы алшақ ұсталады.
1.Алға қарай серіппелі түрде еңкею
2.Солға бұрылу. Екінші жаққа бұрылыс жасай, осылай істеу.
|
6-8 рет
|
Аяқты бүкпеу керек.
|
4
|
БҚ қолдарын жоғары көтеріп ұстап, бір-біріне арқаларын беріп тұрады.
1.Сол аяқпен ілгері аттау, артқа шалқаю.
2.БҚ екінші аяқпен де осылай жасау.
|
8-10 рет
|
Қолдарын жібермеуін қадағалау.
|
5
|
БҚ Қолдарын шынтақтан іліп алып, бір-біріне арқаларын беріп тұру.
1.Жартылай отыру.
2.БҚ келу.
|
10-12 рет
|
Арқаларын түзу болу керек.
|
6
|
БҚ серіктерінің иығына қолды салып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады.
1.Сол аяқты алға-оңға қарай сілтеу.
2.БҚ келу. Екінші аяқпенда осылай жасау.
|
10-12 рет
|
Аяқтарын түзу көтеруін қадағалау.
|
7
|
БҚ табандарын тіреп, аяқтарын тізеден бүгіп, қолдарынан ұстасып, гимнастикалық төсеніште қарама-қарсы отыру.
1.Сол аяқты жоғары көтьеріп, созып ұстайды.
2.БҚ
3-4 Оң аяқпен де осылай жасау.
|
6-8 рет
|
Аяқтарын түзу ұстауын қадағалау.
|
8
|
БҚ табандарын тіреп аяқтарын алшақ қойып бір-біріне қарама-қарсы отыру, оң қолдарымен ұстасады.
1.Біреуі алға еңкейсе, екіншісі шалқайды.
2.БҚ
3.Екінші жаққа еңкейіп шалқаю.
4.Бұл да сондай, бірақ сол қолмен ұстайды.
|
6-8 рет
|
Аяқтарын түзу ұстауын қадағалау.
|
9
|
БҚ арқаларын бір-біріне беріп, аяқтарын тіке жазып отырады. Қолдарын көтеріп басынан ұстайды.
1.«А» алға еңкейеді. «Б» аяқтарын бүге, табанмен еденге тіреле «А»- ның иығына жатады.
2.БҚ
3.Қайталау.
|
6-8 рет
|
Бір жаққа құламай қолдарын басынан ұстауын қадағалау.
|
ІІ Негізгі бөлім
|
25 мин
|
|
6
|
Оқушыларды 1 сапқа тұрғызу.
1.Гимнастикалық скамейкадан секіру;
2.Гимнастикалық төсеніште алға домалау.
3.Ағаш аттан аттау
4.Гимнастикалық төсеніште артқа домалау.
5.Тепе-теңдік сақтап жүру.
6.Гимнастикалық қабырғада мініп-түсу. Жаттығуларын жасату.
7.Демді қалыпқа келтіру жаттығуларын жасатып 3 топқа бөлу.
|
7 мин
|
Оқушылардың тұрып қалмай, дұрыс жасауын қадағалау
|
|
І топ
Әртүрлі биіктіктегі арыста
1.Тартыла секіріп, аяқты ашып міну.
2.Шалқаю
3.Қолын арыстан ұстап жабдықтың үстінде отыру.
4.Қарлығаш жасау.
5.Бұрыш жасап
6.90о-қа айналып секіріп түсу, жаттығуларын жетілдіру.
|
18 мин
|
Жаттығуларды қауіпсіздік ережесін сақтап, сыныптасының, мұғалімнің көмегімен жасауын қадағалау.
|
|
ІІ топ
Акробатикалық жаттығулар
1.Алға домалау
2.Көпір жасау.
3.Артқа домалау
4.Жауырынға тұру.
5.Аяқты басынан асыра жерге тигізіп, алқанын жерге қою.
6.Жарты шпагатқа келіп отыру жаттығуларын жетілдіру.
|
|
Жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау.
Сыныптасының көмегімен жасау.
|
|
ІІІ топ
Тепе-теңдік жаттығуларын
1.Қарлығаш жасау.
2. Қолды жайып, аяқтың ұшымен жүру.
3.Жартылай отырып, өкшені көтеріп бұрылу.
4.Тізені жоғары көтере жүру, жаттығуларын дамыта үйрету. Топтарды жаттығуларын бірнеше рет жасағаннан кейін орындарын алмастыру.
|
|
Сыныптасының көмегімен жасау.
|
ІІІ Қорытынды бөлім
|
5 мин
|
|
7
|
-
Оқушыларды сапқа тұрғызып.
-
Сабақты қорытындылау. Мадақтау.
-
Бағалау.
-
Үйге тапсырма беру. “Акробатикалық жаттығулар’’
|
|
Қателік жіберген оқушыларға ескертіп түзеу.
Оқушылардың реттілікпен киініп, тыныштықпен шығуларын бақылау.
|