Сабақтың тақырыбы: Химиялық қару. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға химиялық қарудың ұрыстық қасиеттерін түсіндіру



Дата29.06.2016
өлшемі63.16 Kb.
#164745
түріСабақ
«Бекітемін»

______________ ______________

Мектеп директоры


  1. Сабақтың тақырыбы: Химиялық қару.



  1. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға химиялық қарудың ұрыстық қасиеттерін түсіндіру.



  1. Уақыты: 45 мин.



  1. Өткізілетін орны: 11 сынып, АӘД бөлмесі.



  1. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, химиялық улағыш заттар.



  1. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.



ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 мин.

  • Түйдектелген зақымдаулар неге негізделеді?

  • Ядролық жарылыстан жеке құрамның зақымдану дәрежелері қандай?

  • Ядролық жарылыстан қару-жарақ пен әскери техниканың зақымдану дәрежелері қандай?

  • Фортификациялық құрылыстардың қирау дәрежесі туралы айтыңдар.

  • Қару-жарақ және әскери техникалар төсемінің бетін бүлдіретін басты зақымдаушы факторды атаңдар. Неге олай болатынын түсініңдер.

б) Негізгі бөлім – 23 мин.
Химиялық қару.

Химиялық қаруұрыстық улы химиялық заттарды (ҰУХЗ) қолдануға негізделген жаппай зақымдау құралының бірі.

ҰУХЗ улағыш заттар мен уыттылар жатады, ол адам мен жануарлар ағзасын зақымдауға арналады, сондай-ақ ҰУХЗ өсімдіктердің әр түрін зақымдау үшін қолданылатын фитотоксиконттар да жатады.

Химиялық қаруларды объектілерге жеткізу үшін авиация, ракеталар, артиллерия мен инженерлік және химиялық әскери заттар қолданылады.

Химиялық қарудың ұрыстық қасиеті мен өзіне тән белгілеріне мыналар жатады:



  • УЗ мен токсиндер өте улы болады, азғантай дозаның өзінде ауыр және өлім қаупін тудыратындай зақымдайды;

  • ҰУХЗ-дың тірі организмді зақымдау әрекетінің биохимиялық механизмі;

  • УЗ мен токсиндердің қару-жарақ пен ұрыс техникасына, ғимараттарға, құрылыстарға өтіп, ондағы қорғалмаған тірі күшін зақымдау қабілеті;

  • ҰУХЗ-дың белгілі бір уақыт бойы жергілікті жерді, қару-жарақты, ұрыс техникасы мен атмосферадағы өзінің зақымдау күшінің әрекет ету ұзақтығы;

  • қарсыластардың ҰУХЗ-ды қолдану фактісін және оның типін дер кезінде табудың қиындығын белгілеу;

  • тірі күшті зақымдау дәрежесі мен сипатын басқарудың мүмкін болатындығы;

  • химиялық қару зардаптарынан қорғану және оны жою үшін химиялық барлаудың, жеке және ұжымдық қорғану, газсыздандыру, санитарлық өңдеу, антидот және т.б. әр түрлі кешендер шарасын қолдану қажеттілігі.

Химиялық қаруды қолдану нәтижесінде ауыр экологиялық және генетикалық зардаптар болуы мүмкін. Химиялық қаруды қолданудың экологиялық зардабы ҰУХЗ-дың жануарлар мен өсімдіктер әлеміне, сондай-ақ топыраққа, суға, ауаға тигізетін әсерімен байланысты, одан қоршаған ортаның жағдайы шиеленісіп, адамның өмір сүруін қиындатады. Генетикалық зардаптар келешек ұрпақтың дамуында жағымсыз із қалдырады.

Ұрыстық улағыш химиялық заттар (ҰУХЗ) әрекеттері жөнінен:



  • жүйке жансыздандыратын әрекетті УЗ - VХ (ви-икс), зарин, заман;

  • тері-іріңдік әрекетті УЗ – иприт, люизит;

  • тұншықтырғыш әрекетті УЗ – фосген, дифосген;

  • жалпы улы әрекетті УЗ – синил қышқылы, хлорциан;

  • тітіркендіргіш әрекетті УЗ – СS (си-эс), СR (си-ар);

  • психохимиялық әрекетті УЗ – ВZ (би-зет) деп бөлінеді

Химиялық қарудың зақымдаушы факторларына ҰУХЗ-дың әр түрлі ұрыстық күйі жатады. ҰУХЗ-дың ұрыстық күйінің түрлері: бу, аэрозоль және тамшылар.

Бу – газ тәрізді түрде болатын зат,

Аэрозольдар – ауада тұратын және сұйық бөлшектерден құралған дисперсті гетерогенді (біртектес емес) жүйелер.

Тамшылар - өте ұсақ бөлшектер.

Бу және жұмсақ дисперлі аэрозоль қалпындағы химиялық зат ауаны уландырып, дем алу арқылы тірі жанды зақымдайды (ингаляциялық зақымдану).

Қатты дисперлі аэрозоль және тамшы түріндегі ҰУХЗ жергілікті жерді, қару-жарақты, әскери техниканы, әскери киімді, қорғану құралдарын, суларды зақымдап, қорғалмаған тірі жанды оның тері бетінде бөлшектердің түскен кезінде де, олардың зақымданған жер бетінің булану нәтижесінде түсу немесе тірі жанның зақымданған жермен түйісу жасағанда да зақымдауға қабілетті.

Тірі жанның зақымдануы зақымданған тамақ өнімдері мен суды қолдану кезінде де болуы мүмкін.

Химиялық зақымдану құралдарын әскери мақсатта ішінара пайдалану барлық соғыстар тарихында өз орнын тапқан.

Химиялық қаруды пайдаланбау туралы 1899жылы және 1907жылы халықаралық Гаагада өткен конференцияларда улағыш заттарды әскери мақсатта қолдануға тиым салатын келісім-шарттар қабылданды.

1914 - 1918 жылдардағы дүнйежүзілік соғыс кезінде Германия қабылданған шешімдерді бұза отырып, тітіркендіргіш-уландырғыш заттары бар артиллериялық химиялық снарядтарды қолданды. 1915 жылдың сәуірінде Ипра ауданында (Бельгия) неміс әскерлері алғашқы газ баллонды қолданып шабуыл жасады, нәтижесінде алғашқы сағаттарда 6 мың адам өліп 15 мыңдайы әр түрлі дәрежеде зақым алды.

1914-1918 жылдары 180 мың тоннадай әр түрлі УЗ шығарылды, оның 125 мың тоннадайы ұрыс алаңдарында қолданылды. Тек Германияның өзінде 34 млн-дай химиялық снарядтар дайындалды. Дүниежүзілік соғыста УЗ-дан зақымданғандардың жалпы саны 1 млн 300 мың адамдай болды.

1925 жылдың 17 маусымында 37 мемлекеттің өкілдері Женевада «Соғыста тұншықтыратын улы немесе басқа да тәрізді және бактериялогиялық заттарды қолдануға тиым салу туралы хаттамаға» қол қойды. Кеңестер Одағы бұл хаттамаға 1927 жылы қол қойып, оны 1928 жылы мақұлдады. Қысқа мерзім ішінде Женева хаттамасын әлемнің көптеген елдері мақұлдады. Кейбір ірі мемлекеттер, мысалы АҚШ пен Жапония, оны мақұлдаудан бас тартты. Тек 50 жыл өткеннен кейін ғана АҚШ бірнеше ұсыныстар енгізе отырып, бұл хаттаманы мақұлдауға мәжбүр болды.

Бірақ тарихта Женева келіссөзіне қарамастан, басқыншылық соғыста химиялық қаруды қолданғаны туралы деректер бар. Мысалы, 1935-1936 жылдары Эфиопиямен соғыста итальяндықтар жаппай химиялық шабуылды 19 рет жүргізді. 760 мыңдай әскер мен Эфиопия тұрғындарының 30%-дайы химиялық қарудан қаза тапты. Химиялық қаруды Жапония 1937-1943 жылдары Қытаймен болған соғыста қолданды.

АҚШ халықаралық келіссөздерді бұзып, 1951-1952 жылдары Кореядағы ұрыс қимылдары кезінде химиялық қаруды қолданды. Көптеген жылдар бойы американдық агрессорлар Вьетнамға және Үндіқытайдағы басқа мемлекеттерге қарсы соғыста химиялық қаруларды кеңінен қолданды. Тек Вьетнамның өзінде 100мың тоннадан астам химиялық заттар жұмсалды. Одан 2 миллиондай адам зардап шегіп, химиялық заттар әсерінен 360 мың гектар өңделген жер және 0,5 миллион гектар ормандағы өсімдіктер жойылды.

Соғыста химиялық қаруды қолданудың бүкіл адамзат ұшін қауіптілігін ескере отырып, әлем қауымдастығы бүкіл армия арсеналынан химиялық қаруды шығарып тастау, оған толық тиым салу үшін күрес жүргізеді.



в) Қорытынды бөлім – 9 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Ххимиялық қару дегеніміз не?

  • Химиялық қарудың ұрыстық қасиеттері туралы айтыңдар.

  • Ұрыстық улағыш химиялық заттар (ҰУХЗ) әрекеттері жөнінен қалай бөлінеді?

  • Ұрыстық улағыш химиялық заттардың (ҰУХЗ) ұрыстық түрлері туралы айтыңдар.

  • Химиялық қаруды қолдану тарихы туралы айтыңдар.

Бастапқы әскери даярлық пәнінің

ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет