Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин «Бір уыс мақта»



Дата30.06.2016
өлшемі53.54 Kb.
#167138
түріСабақ
Сынып: 2

Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин «Бір уыс мақта».

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қазақтың ұлы жазушымен және оның әңгімелерімен таныстыра отырып, әңгіменнің мазмұның қысқаша айтып беруге үйрету.

Сабақтың мiндеттерi: - оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;

- оқушылардың сөздiк қорын байыту;

- оқушыларды ұқыптылыққа, үнемділікке тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: жеке карточкалар, компьютер арқылы басылған сөздік сөздер, суреттер.



Сабақта қолданылатын стратегиялар: Ассоциативтік қатар, Тоқтап оқу, Бес жолды өлең.

Сабақ барысы



Сабақ кезеңдерi

Мұғалiмнiң iс-әрекетi

Оқушылардың iс-әрекетi

1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, отырғызу.




2.Қызықтыру

Ы.Алтынсарин тақырыбы бойынша ассоциативтік қатар келтіру.

Ы.Алтынсарин тақырыбы бойынша сұрақ-жауап өткізу

- Ы.Алтынсарин кім?

- Ол қай жылы туған?

- Ол Қазақстанның қай облысында туған?

- Ол қазақ балаларына арнап не ашқан?

- Өткен сабақта біз қандай әңгімемен таныстық?



Оқушылар дәптерге берілген тақырып бойынша ассоциативтік қатар жазады, содан кейін оқиды,

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.



3.Мағынаны ажырату

Жаңа әңгімемен таныстыру.

«Бір уыс мақта» - тоқтап оқу стратегиясын қолданып, оқушыларды әңгіменің мазмұнын ашу.

Сұрақтар:

  • Әңгіменің бас кейіпкерлері кім?

  • Суретші боп, нені суреттеуге болады?

  • Жалғасы қандай болады?


Сұрақтар:

  • Біздің болжауымыз дұрыс болды ма?

  • Әжесінің сөзін қалай түсінесіз?

  • Жалғасы қандай болады?

.

Сұрақтар:

  • Біздің болжауымыз дұрыс болды ма?

  • Торғай не істеді?

  • Бұл әңгіме бізді неге үйретеді?

Оқушылар мұқият тыңдайды, әр бөлім бойынша мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

Бірінші бөлім:

Бір уыс мақта.

Бір кішкентай қыз әкесінің шапаның жамап отыр екен. Шешесі қасына отырып, ақыл айтты:

- Балам, дүниедегі жаратылған жанды-жансыздардың ешқайсысының да керексіз болып, жерде қалатыны болмайды, - деп.

Екінші бөлім:

- Сол сөзді айтып отырғанда, қыз бала киімін жамап болып, жердегі мақтаның қиқымын терезеден лақтырып, далаға тастады:

- Әже, осы қиқымның ешнәрсеге керегі бола қоймас, - деп.

Шешесі:

- Балам, ол да жерде қалмайды, - деп.

Үшінші бөлім:

- Осылайша сөйлесіп, терезеден қарап отырса, манағы

мақтаны жел көтеріп ұшырды, мұны бір торғай көріп, қуып барып, мақтаны тұмсығына тістеп алып, ұшып кетті.

Қыз әжесіне:

- Манағы мақтаның қиқымын бір торғай алып кетті, оны

неғылады? – деп сұрады.

Әжесі айтты:

- Көрдің бе, балам, күн айналмай, манағы айтқан сөздің

келгенін. Ол кішкентай мақтаны торғай ұясына төсеп, жас балапандарына мамық етеді

4. Ой толғанысы

Бір уыс мақта сөз тіркесіне бес жолды өлең құрастыруға үйрету.

Мектеп сөзіне бес жолды өлең жазу.

1.сөз

2.2 сын есім (қандай?)



3.3 етістік (не істейді?)

4.4 сөзден құрылған сөйлем

5.жалпы мағынасын білдіретін сөз

Мысалы:


Бір уыс мақта

Жұмсақ, ақ

Тастады, алды, лақтырды

Терезеден мақтаның қалдықтарын лақтырды.

Керек нәрсе.

Автор орындығы стратегия арқылы оқушылардың жазған бес жолды өлеңді тыңдау.



Оқушылар тірек сызба бойынша бір уыс мақта сөз тіркесіне бес жолды олең құрастырады және орындыққа отырып оқып береді..

Сынып: 2

Сабақтың тақырыбы: Жабайы аңдар .

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жабайы аңдар туралы білімдерін тереңдету және жаңа танысқан сөздермен сөйлемдерді құрастыруға үйрету.

Сабақтың мiндеттерi: - оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;

- оқушылардың сөздiк қорын байыту;

- оқушылардың табиғатқа сүйіспеншілігін арттыру

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: жеке карточкалар, компьютер арқылы басылған сөздік сөздер, суреттер.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдерi

Мұғалiмнiң iс-әрекетi

Оқушылардың iс-әрекетi

1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, отырғызу.




2.Қызықтыру

Жабайы аңдар тақырыбы бойынша мұғаліммен бірге кластер жасау.

Даланы мекендейтін аңдар



Орманды мекендейтін аңдар



Тауды мекендейтін аңдар











Оқушылар мұғаліммен бірге кластерді құрастырып, тақтаға жазады.

3.Мағынаны ажырату

Жаңа сөздермен таныстыру.

Сөздер:


жабайы аңдар – дикие животные,

дала аңдары – животные степи,

орман аңдары – животные леса,

тау аңдары – животные гор,

мекендейді – проживают,

қарсақ – карсак,

түлкі – лиса,

қасқыр – волк,

қоян – заяц,

сұр тышқан – мышь,

тиін – белка,

елік – косуля,

арқар – горный баран,

барыс – барс,

саршұнақ – суслик,

кірпі – еж,

тау ешкігорный козел,

қорғау – защищать.

Жазбаша жұмыс:

Дәптерге жай сөйлемдерді құрастыру, оқу.

Мысалы:


Жабайы аңдар даланы, орманды, тауларды мекендейді.

Далада қарсақ, сұр тышқан, саршұнақ, кірпі, елік, қоян тұрады.

Орманда қасқыр, түлкі, қоян, тиін, кірпі тұрады.

Тауда барыс, арқар, тау ешкі тұрады. Жабайы аңдарды қорғау керек

Оқушылар сөздерді оқиды, хормен қайталайды, сөйлемдерді құрастырады.

Топпен жұмыс: әр топ жаңа сөздерді қоданып жай сөйлемдерді құрастырады, содан кейін оқып береді.




4. Ой толғанысы

Жабайы аңдар сөз тіркесіне бес жолды өлең құрастыруға үйрету.

1.сөз


2. сын есім (қандай?)

3. етістік (не істейді?)

4. сөзден құрылған сөйлем

5. жалпы мағынасын білдіретін сөз

Мысалы:

Жабайы аңдар



күшті, қызықты

мекендейді, тамақтанады, көмектеседі

Адамдарға оларды қорғау керек.

Жануарлар



Оқушылар бағалау парағы бойынша өздерін бағалайды.

Оқушылар тірек сызба бойынша жабайы аңдар сөз тіркесіне бес жолды өлең құрастырады.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет