Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді және аралас сандарды салыстыру



Дата10.05.2024
өлшемі1.1 Mb.
#500840
түріСабақ
Ашық сабақ жай бөлшектерді салыстыру, аралас сандарды салыстыру (1)







Мектебі

Ш. Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған мектеп гимназиясы







Пәні

Математика







Сыныбы

5 «В»







Бөлімі:

Жай бөлшектерге амалдар қолдану







Педагогтің аты-жөні:

Әбдрасулла Мадияр







Күні:

08.11.2023ж







Сабақтың тақырыбы:

Жай бөлшектерді және аралас сандарды салыстыру







Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5.1.2.16 жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру,жай бөлшектерді,аралас сандарды салыстыру;







Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар істей алады: Жай бөлшектерді және аралас сандар туралы ойларын пайымдайды
Көптеген оқуышылар істей алады:Жай бөлшектерді және аралас сандарды салыстырады
Кейбір оқушылар істей алады:Жоғары деңгейлі сұрақтарды түсіндіреді







Бағалау критерийлері



Аралас сандардың түрін ажыратады;
Бөлшектерді қысқартуды және оларды ортақ бөлімге келтіруді біледі
Бөлімдері де, алымдары да әр түрлі бөлшектерді салыстыруды біледі
Аралас сандарды салыстыруды біледі.




Сабақ кезеңі/
Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы
3 мин

Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу
Үй тапсырмаларн тексеру
Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Оқушылар
Оқушылар 1 дегенде «бір» дейді
2 дегенде шапалақ ұрады
3 дегенде аяғымен тепкілейді




15 мин.


Жаңа сабақ

1. АD және АС кесінділерінің ұзындықтарын жазыңдар


2. АD және АС кесінділерінің ұзындықтарын салыстырыңдар
3. Бөлімдері бірдией бөлшектердің қайсысы үлкен, қайсысы кіші екенін салыстырыңдар
Бөлімдері бірдей екі бөлшектің қайсысының алымы үлкен, сол бөлшек үлкен болады

Координаталық сәуле бойында үлкен бөлшек оң жағында, кіші бөлшек сол жағында кескінделеді
Алымдары бірдей екі бөлшектің қайсысының бөлімі кіші, сол бөлшек үлкен болады.
Алымы да, бөлімі де әртүрлі бөлшектерді салыстыру үшін бөлімдерін ең кіші ортақ бөлімге келтіреді. Бөлімдері теңескен бөлшектердің қайсысының алымы үлкен сол бөлшек үлкен болады.
Аралас сандарды салыстырғанда алдымен бүтін бөлігін салыстырамыз. Қай санның бүтін бөлігі үлкен сол сан үлкен болады.
Бүтін бөліктері тең болса, онда бөлшек бөліктері салыстырылады.
Қай санның бөлшек бөлігі үлкен сол аралас сан үлкен болады.

Интерактивті тақтада көрсетілген суретке мән береді.


Көрсетілген тапсырмаларды орындайды
Жаңа тақырыпты түсініп тыңдайды



Слайдтар

слайд




Сабақтың ортасы
5 мин

Сергіту сәті

Оқушылар сілтеме бойынша өтіп, есептер шығарады

https://wordwall.net/ru/resource/63435881

10 мин

Оқулықпен жұмыс
№479, 480, 482



Оқушылар алымдары бірдей жай бөлшектерді салыстырады, бөлімдері бірдей жай бөлшектерді салыстырады, Алымы да, бөлімі де әртүрлі бөлшектерді салыстыра алады, аралас сандарды салыстырады

Оқулық, дәптер

Сабақтың соңы.Рефлексия


5-мин

10 мин
Үй тапсырмасы



 Рефлексия:

  1. Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қалай салыстырамыз?

  2. Алымдары бірдей жай бөлшектерді қалай салыстырамыз?

  3. Алымы да, бөлімі де әртүрлі бөлшектерді қалай салыстырамыз?

  4. Аралас сандарды қалай салыстырамыз?

Сабақты қорытындылау
№481;487



Әр оқушы ойларын жазады, сұрақтарын жауабымен бірге түсіндіреді

Өз пікірлерін айтады


Кері байланыс
Не білдім?
Нені білемін?
Нені білгім келеді?
Оқушылар сілтеме арқылы өтіп, өз пікірлерін жазады



Интерактивті тақта

https://padlet.com/madiyardaryn/padlet-t8ud5jvn4bqyqv7y






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет