Сабақтың тақырыбы Үй,аула,мектептегі қауіпсіздік Сабақтың мақсаты



бет1/2
Дата02.04.2023
өлшемі20.02 Kb.
#471621
түріСабақ
  1   2
5 сынып. Қауіпсіз үй, аула, мектеп


Қысқамерзімді (сабақ) жоспары-17



Бөлім:

Тіршілік қауіпсіздігі

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Маратқызы Гүлім

Күні:

13.03.2023 ж

Сынып: 5 «а»

Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Үй,аула,мектептегі қауіпсіздік

Сабақтың мақсаты

Үйде өзін қауіпсіз ұстаудың қарапайым ережелерін білу және төтенше қызметтердің телефондарын білу.

Бағалау критерийі

Үйдегі қарапайым қауіпсіздік ережелерін, жедел қызмет телефон нөмірлерін атай алады. Үйдегі қарапайым қауіпсіздік ережелерін қолдана алады.

Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық, тарихи тәжірибе мен оның сабақтарын ұғыну


Сабақтыңбарысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтіңәрекеті

Оқушыныңәрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Жағымды көңіл күй орнату.
«Менің отбасым» ойын жаттығуы
Балалар шеңбер бойымен микрофонды (немесе микрофонды ауыстыратын затты) бір-біріне беріп, «Менің үйім...» (көңілді, бақытты және т.б.) Деген сөз тіркесін жалғастырады.
Әңгіме
Әр отбасында ересектер өздері тұратын үйдің қолайлы, таза әрі сенімді болуы үшін көп күш жұмсайды. Алайда үй қаншалықты мықты әрі сенімді болғанымен, ата-аналар әсіресе оларды үйде жалғыз қалдыруға тура келгенде балаларының денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін қатты алаңдайды.
– Ата-аналарды балаларын үйде жалғыз қалдыруға тура келгенде не алаңдатады, оларға қандай қауіп төнуі мүмкін? Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Оқушы өз ойларын ортаға салады.
Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»



Тақырыптық суреттер
сілтемеде
суреттер

Сабақтың ортасы

Ойын жағдаяты: «Үйде жалғыз».
Бала өзін үйде жалғызбын деп сезінеді. Сырттан келген бөтен адам баланы есікті ашуға үгіттейді. Осындай рөлді ойын барысында қандай жағдайда да есікті ашуға болмайтынын түсіндіреді.
Педагог балалардың есіне «Жеті лақ» ертегісін салып, қасқыр қалайша үйге кіргенін талқылауды ұсынады.
Әліппе-дәптермен жұмыс.
– Әркез үлкендер үйден кетер алдында балаларға не жайында ескертпе жасайды?
Педагог ақпараты: Көпқабатты үйлердегі балкон немесе Лоджия – демалуға арналған орын. Адамдар балконға шығып, таза ауа жұтады, айналаға қарайды. Кейбір балалар терезе немесе балконның жақтауына асылып, еңкейіп қараймын деп өз дене салмағымен жоғарыдан құлап кетуі мүмкін.Отбасындағы үлкендер балаларды қараусыз қалдырмай, кездейсоқ, қауіпті жағдайлар жайлы ескертіп отыруы керек.
Адамға медициналық көмек қажет болған жағдайда жедел жәрдем шақырылады.
Жедел жәрдемнің нөмірі – 103.
Кейбір тынымсыз балалар басын балкон торының арасынан шығарамын деп, басы тордың арасына қысылып қалуы мүмкін. Осындай және басқа кездейсоқ жағдайларда құтқару қызметіне жүгіну керек.
Құтқару қызметінің нөмірі – 112.
Газ қызметі – 104,
Өрт сөндіру қызметі – 101
Қауіпсіздік ережелері:
Егер сен үйде жалғыз болсаң, ашық тұрған терезеге, балконның жақтауына асылып қарауға, орындыққашығуға болмайды. Балконның торына басыңдытықпа.
Адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төнгенжағдайда жедел жәрдемге (103) немесе арнайы құтқаруқызметіне(112) хабарласу қажет.
Әліппе-дәптермен жұмыс. (Жалғасы)
– Үйде тағы қандай қауіпті жағдайлар орын алуы мүмкін және тұрмыстық заттар мен жиһаздардың балалар үшін қандай қаупі бар
Слайд 2.
Педагог ақпараты: Үлкен жиһаздар да қауіпті. Кейде балалар үстіңгі сөреден қажет затын алуға қолдары жетпегенде тартылып, бар салмағын салады. Шкаф баланың үстіне құлап кетуі мүмкін. Кейде балалар жасырынбақ ойнап жүріп тоңазытқыштың ішіне кіреді. Оның есігі бекітіліп қалса, ішінен ашылмайды. Оны тапқанша, балаға ауа жетіспей қалуы мүмкін. Кіржуғыш машинаның үстіне шығуға да болмайды.
– Ванна бөлмесі қауіпті болуы мүмкін бе?
Педагог ақпараты: Ванна бөлмесінің қабырғалары, едені жылтыр кафельмен өңделген. Ылғалды еден тайғанақ болуы мүмкін. Құлап қалмас үшін еденге кілемше төсеу қажет.
Ваннаның іші де тайғанақ болуы мүмкін. Сондықтан ваннаға төсейтін арнайы резеңке кілемшені қолдану қажет. Кейде балалар ваннаның шүмегін жабуды ұмытып кетеді. Ваннаға толған су еденге ағып, төмендегі көрші үйді су басуы мүмкін. Сондай-ақ ванна бөлмесінде тазалауға арналған тұрмыстық химия сақталады. Тұрмыстық химия адам ағзасына түссе, уландырады.
Сондықтан балаларға өз бетінше тұрмыстық химияны қолдануға тыйым салынады.
Әліппе-дәптермен жұмыс. (Жалғасы)
– Үйде дәрі-дәрмек қайда сақталады? Неге дәріні қауіпті дейміз
ЕБҚ: оқушыға жеке жұмыс кезінде қасындағы сыныптастары және мұғалім диалог арқылы қолдау жасайды
Педагог ақпараты: Балалар үйде дәрі-дәрмек салынған қорапты қайда сақтайтынын біледі. Бірақ оған рұқсатсыз тиісуге болмайды. Ауырған кезде дәріні ережесін сақтап мөлшермен қабылдаса, ем болады. Мөлшерсіз, себепсіз ішкен дәрі уға айналады. Тіпті пайдалы дәрумендердіңөзін қатаңмөлшерменқабылдауқажет.Жасылдәрі,йодтәрізді жарақатқа арналған заттар жеке қорапта тұруы керек.
Көптілділік: дәрі-дәрмек – лекарство – medicaments


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет