Дүниетану 4-сынып
Сабақтың тақырыбы: Жерасты сулары. Өзен,көлдер.
Сабақтың мақсаты: 1.Жерасты сулары,құдық,бұлақ,тұма,өзен,көлдер және олардың адамға тигізер пайдасы туралы білімін қалыптыстыру.
2.Байқағыштық ,танымдық қабілеттерін дамыту,өздігінен қорытынды шығара білуге дағдыландыру.
3. Дүниетанымдарын кеңейту, экологиялық тәрбие беру.
Пәнаралық байланыс: ана тілі,қазақ тілі.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс,ізденушілік,сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы,суретті плакат,сызба плакат.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардан тақырыпты сұрап шығу.
1.топ: Судың қасиеті.
2 топ: Судың маңызы.
3 топ: Сусыз тіршілік.
Қосымша сұрақтар: Судың табиғаттағы күйі
Судың күйі неге байланысты болады.
Табиғаттағы су айналымы деген не?
Жаңа сабақ : Таулардан өзен ағар сарқыраған
Айнадай сәуле беріп жарқыраған
Жел соқса ,ыстық соқса бір қалыпта
Аралап тау мен тасты арқыраған. Деп кім жазған?
(Ы.алтынсарин )-өліңімен су туралы келесі тақырыпты ашқалы отырмын біздің ғаламшардың көп жері көглідір түске боялған.Ол су.Яғни мұхиттар,теңіздер,өзендер.Су-жер бетінің төрттен уш бөлігін алып жатыр.
Су туралы келесі тақырыбымыз Жерасты сулары. Өзен, көлдер.
(балалар қолдарына қарындаш алады)
Оқушылар мәтінді тізбектей оқып шығады.
-Тақырыптан түсінбеген сөздерің бар ма?
Жаңа сабақты түсіндіру.
Жерасты сулары дегеніміз жердің терең қабатында су бар.Адамдар артезиян құдығын немесе қолдан жерді 3-4 метрге дейін қазып құдық жасайды.Одан алынған суды ішуге ,шаруашылыққа пайдаланады.
Жерасты суының жер бетіне шыққан жерін бұлақ дейді.
Бұлақ жылғалармен ағып барып өзендерге қосылады.Ал ірі өзен сулары көлдер мен теңіздерге құяды.
Өзөн дегеніміз -өзі салған арнамен ағатын су ағыны.Өзеннің ағып шыққан жері оның бастауы деп аталады. Өзендер екіге бөлінеді: тау өзені және жазық өзендер.
Тау өзені тік жартасты ,сарқырамалы және терең болады.Жазық жерлермен ағатын өзендердің ағысы баяу ,тарең емес және олардың ені бірнеше километр болады. Жазықтағы өзендер кеме қатынастары үшін қолайлы.Өзеннің теңізге ,көлге құятын жерін өзен сағасы деп атайды. Әлемдегі ең ұзын көл –Мысырдағы Ніл өзені. Оның ұзындығы -6670 км. Ең қысқа өзен –АҚШ-тағы Ди өзені , оның ұзындығы 37 метр
Қазақстанда 85 мыңға жуық өзендер мен бұлақтар бар.Ертіс, орал,Іле, Еділ,Жайық,Сырдария, Амудария, Тобыл, Қаратал, Бұқтырма өзендерінің бойымен кеме жүзе алады. Ірі өзен маңында су электр станциялары салынады. Су электр станциялары елдер мен өндіріс орындарын арзан электр энергиясымен жабдықтайды.
Ертіс---Семей,Павлодар, Өскемен.
Сырдария—Қызылорда
Іле------------Алматы
Жайық------Орал
Тобыл-------Қостанай
Есіл----------Астана
Талас--------Тараз
Шу-----------Тараз
Біздің Қазақстанда қандай көлдер бар?
Каспий----Ақтау,Атырау
Арал------- Қызылорда
Балқаш-----Алматы
Зайсан-----Өскемен
Көлдер. Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды көл деп атайды. Көлдер жазықта да тауда да кездеседі. Көлдердің ауданы мен тереңдігі әртүрлі болады.Үлкен көлдер теңіз деп аталады.Көл суы ағынды ,ағынсыз болады.Ағынды көлден өзен ағып шығады.Көлге тұз жинақталады,ол өзен суымен ағып кетеді.Сондықтан ағынды көлдің суы тұщы болады.Каспий –ағынсыз көл. Көлдердің шаруашылыққа пайдасы зор.Олардың ең бірінші байлығы –тұщы су.Көлдер кеме қатынасы үшін пайдалы. Мысалы Каспий көлі арқылы Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Түркменстан, Иран мемлекеттерімен байланысып тұрады.Каспий теңізінен балықтардың түр-түрін аулайды.
Арал –көлемі жөнінен жер шарындағы үшінші орын алатын көл болатын. Бірақ оған құятын Амудария мен Сырдария өзендерінің суын жер суаруға көп жұмсағандықтан ,соңғы кезде Аралдың деңгейі күрт төмендеп кетті.Оның көлемі 40 % -ға қысқарды.
Суы тартылған теңіз түбіндегі тұз құрғап ,одан көтерілкен шаң мен тұз бораны айналадағы ауаны ластады. Табиғаттың күрт нашарлауынан халық арасында түрлі қауіпті аурулар тарады. Міне, өзен мен көл суларын ойланбастан ,ретсіз пайдаланудың неге апарып соғатынын осыдан-ақ көруге болады.
Дәптермен жұмыс жүргізу
-Венн диаграммасын құрайық:
Өзен: ағады ,тұщы, СУ, Көл: ащы, терең
Бұлақ, бастау, ӨЛІ ТАБИҒАТ, өзен, бұлақ
Жерасты сулары, АДАМҒА ҚАЖЕТ, тұйық, тұйық емес
Балықтар БАЙЛЫҚ балықтар
1-қатар:
РАФТ-стратегиясын қолданайық: 2-қатар: 5- жолды өлең құрастыру
Р-----------әкім Каспий- сөзі.
А----------тұрғындар
Ф----------үндеу
Т----------Өзен, көлдерді қорғайық.. 3-қатар: Картамен жұмыс.
-Балалар, алдарыңда бағалау парағы жатыр. Бүгін сабаққа қалай қатыстым деп өзімізге баға қоямыз.
Үйге тапсырма: Жерасты сулары. Өзен, көлдер.
Өзен,көлдерді картадан табу.
Достарыңызбен бөлісу: |