Сабақтың тақырыбы: Компьютер құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері Сабақтың мақсаты



Дата19.06.2016
өлшемі36.09 Kb.
#147899
Сабақтың тақырыбы: Компьютер құрылғыларының міндеттері мен

мүмкіндіктері

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды дербес компьютермен, оның негізгі блоктарымен және олардың міндеттерімен таныстыру. ЭЕМ мүмкіндіктерін көрсету. Компьютердің негізгі құрылғыларымен таныстыру.

2. Шәкiрттердiң компьютердi одан әрi тереңiрек, оған деген қызығушылығын, жалпы ойлау қабілетін дамыту.

3. Баланы адамгершілікке, үлкенге-құрмет, кішіге-ізет көрсетуге, тазалыққа, жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: (Көрсете түсіндіру, ойын арқылы, тапсырмалар орындау)

Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар: Компьютерлер, интерактивті тақта, үлестірме қағаздар

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, жоқ оқушылардың себебін анықтау, бар оқушылардың назарын тарту, оқушылардың оқу құралдарын тексеру. Смайликтерді пайдаланып оқушылардың көңіл күйлерін білу. Оқушыларды топқа бөлу.


2.Үй тапсырмасын тексеру: «Серпілген сауал» әдісі арқылы өткен тақырыпты еске түсіру. Оқушылар бір-біріне сұрақ қоя отырып жауабын алады.

3. «Ой қозғау» Жаңа сабақтың тақырыбын өткен сабақпен байланыстыру мақсатында «Кім тапқыр», «Ауыстырмақ» сайыстарын өткізіледі.

1- кезең. «Кім тапқыр»


Перне аты

Перненің қызметі

NumLock

Enter


Бос орын

Backspace










Перне аты

Перненің қызметі

F1-F12

Shift


Delete

Caps Lock








2-кезең «Ауыстырмақ». Келесі сайысымыздың шарты бойынша орны ауысқан сөздерден дұрыс сөз құрастыру қажет.
4. Жаңа сабақ «Мағынаны тану» әдісі арқылы бүгінгі жүргізіледі. Жаңа сабақты түсіндіруде жұппен жұмыс істеу тәсілі пайдаланылады.

Компьютер сөзі есептеуіш дегенді білдіреді, яғни есептеуге арналған құрылғы. Компьютер деп ақпараттық процесті жүзеге асыратын құралды айтамыз. Компьютер- деректерді бағдарламалап өңдеуге арналған электрондық құрылғы.

Компьютердің барлық құрылғылары оның артындағы ажыратып қосқыштар арқылы ажыратылады. Компьютердің процессоры мен жедел жадысынан басқалары оның сыртқы құрылғылары болып табылады. Олар: монитор, пернетақта, мультимедиа колонкасы, тышқан, модем. Әрбір сыртқы құрылғы процессормен арнайы блоктар – адаптер немесе контролер арқылы жалғасады.

Тышқан. Қазіргі кездегі компьютерлер тағы да бір ақпараттарды енгізу құрылғысы – «Тышқан» манипуляторымен жабдықталған. Бұдан былай оны тек тышқан деп қана атайтын боламыз. Оның аты тышқан деп бекер аталмаған. Себебі ол-сұр түсті, тышқанның құйрығына ұқсайтын компьютерге жалғанған иілгіш сымы бар қорап. Ол алақанға ыңғайлы және кілемше бетінде еркін жылжитын арнайы құрылғы.

Джойстик. Джойстик деген компьютерлік ойындарда экрандағы жылжитын обьектілерді басқаруға арналған рычагты манипулятор.

Принтер. Ақпараттарды қағазға басып шығаратын құрылғы. Ол дисплейге не шығарылса, соның бәрін қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді. Принтерге мәтіндік, кестелік, графикалық ақпараттарды шығаруға болады. Принтердің үш түрі бар: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік.

Матрицалық принтерлер – бұл қарапайым басу құрылғылары. Деректер қағазға инелердің бояйтын таспа арқылы соғуының нәтижесінде пайда болады.

Лазерлік принтерлер полиграфиялық баспадан кем емес баспа сапасын қамтамасыз етеді.Олар минутына бет баспаға шығу жылдамдығымен өлшенеді. Сия бүріккіш принтерлер. Кескін бояудың тамшыларының қағазға түсуінің нәтижесінде айда болады. Сиябүріккіш принтерлер түрлі түсті баспадан кеңінен қолданылады

Сыртқы жад – сыртқы жад ретінде магнитті диск пайдаланылады. Дискілер қазіргі дербес компьютерлерде ақпарат тасушы болып табылады, олар ақпаратты тұрақты түрде сақтауға арналған. Магнитті дискілердің екі типі болады. Бірінші типке иілгіш, алмалы-салмалы дискілер немесе дискеттер жатады.

Компакт –дискілер. Компакт дискіні лазерлік дискі деп те атайды. Оның сыйымдылығы өте үлкен, олардағы ақпаратты тек оқуға болады. CD-R компакт –дискілеріне басқа жаңа ақпараттар жазуға немесе ақпараттарды қайта жазуға болмайды. Ал CD-RW дискілеріне ақпаратты жазуға, қайта жазуға болады.

Мәтіналғы - қағаздағы кескінді (жазуды , суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы. Оның көмегімен суретті, графикті, мәтіндерді сканерлеуге (түсіріп алуға) болады.
4. «Сергіту сәті». «Кім епті» Оқушылардың әріптерді теру жылдамдығын арттыру мақсатында оларға теруге шағын мәтін беріледі.
Кұлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.

Дүние ойдан шығады,


Өзімді өзім ұмытып,
Көңілім әнді үғады,
Жүрегім бойды жылытып.
5. Бекіту. «АӘБВ» әдісі арқылы сабақты бекіту. Оқушылар дұрыс жауапқа сәйкес келетін карточкаларын көрсетуі керек.

Бағалау: Оқушылардың өзіне, сыныптастарының білімін сыни тұрғыдан қарап үйренуіне жағдай жасалады.

Рефлексия: Оқушылар бүгінгі сабақ ұнады ма? Несімен ұнады?
Үй тапсырмасын беру:. Компьютер құрылғылары міндеттері мен мүмкіндіктері.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет