Сыныбы: 5 «Б»
Сабақтың тақырыбы: «Өзіңді өзің сыйла, жат бойынан түнілсін»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, әдептілікке, кішіпейілділікке баулу арқылы өз халқының салт-дәстүріне үйрете отырып,жаман әдеттерден аулақ болуға, кішіге қамқор, үлкенге құрметпен қарауға, ізетті болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Әдісі: сұрақ-жауап, әңгіме
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру бөлімі
-
Негізгі бөлім
-
Кіріспе әңгіме
Сабақтың барысы.
Мұғалім: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар және бүгінгі тәрбие сабағымыздың арнайы қонақтары! Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалсын
(Шараның мақсаты мен міндеттері, жүрісі, мазмұны және өту барысы таныстырылады.)
Сынып жетекшісі сөзінен кейін «Балам, анау не?» атты жағдаятты шешуге уақыт беріледі.
“Балам, анау не?” жағдаятын тыңдау, ой білдіру
Мұғалім.... Ертеде бір үлкейген қарт қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп:
- Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін,- депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып, жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті, қас қарайған кезде алдан қарауытқан сұлбаны көрсетіп әкесі:
- «Балам, анау не?» деп сұрапты.
- «Ол - түйе» - деп жауап беріпті. Сәлден кейін әкесі әлгі қарайған нәрсенің не екенін тағы сұрапты. Бала әуелгі жауабын қайталапты. Әкесі осы сауалын үшінші рет қайталап сұрағанда баласы:
- «Ол - түйе, түйе!»Өзім шаршап келе жатқанда, неге сұрай бересің?- деп ренжіпті. Сонда әкесі:
- «Балам, кішкене кезіңде мен ауыр тірліктен шаршап келіп отырсам да, сенің «Анау не, мынау не?» деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын, жігері жасымасын деп үнемі жауап беретінмін. Бұл аурудан емделейін деген ойым жоқ еді, тек бетіңді қайтармайын деп көнгенмін, енді сенен сөз естігенше, үйіме барып, ажалға мойын ұсынғаным артық, мені жерге түсір» депті.
(Оқушылардан осы жағдаятқа орай ата - ананың ақысы дегенді қалай түсінетіндіктері сұралады.)
Мұғалім
«Адамгершілік – асыл қасиет». Осы бір сөздің астарында көп мағына жатыр. Адам бойындағы бар игі қасиеттер отбасында, мектеп қабырғасында қаланады.
Ізетті, сыпайы, мейірімді болу, жақсы жылы сөз айту, адамдарды қуанышқа бөлеу, жақсы сөздерді қолдана алу адамның жақсы қасиетін білдіреді. Адам бойында қандай қасиеттер болады? ( жақсы және жаман )
Бізге ақылдылықты үлкендер үйретеді. Олар біздің ата-аналарымыз, біз оны түсініп ата-баба салт-дәстүрін үйренеміз.Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.
«Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген екен ғұлама Әл-Фараби. Адамның жоғарғы қасиеті – оның адамгершілігі. Адамгершілік қасиет дегенді қалай түсінесіңдер?
Адамгершіліктің қарапайым қағидалары:Қамқорлық, амандасу, тілін сыйлау, мейірімділік, дінін саттау, үлкенді құрметтеу, Отанын қорғау.
Әдептілік қағидалары
Қай жерде жүрсек те бәріміз сыйлы болғымыз келеді. Бірақ біреудің Сізді сыйлауына материалдық табыстар негіз болса, біреуге кішіпейілдігіңіз, өзгелерге талантыңыз маңызды болуы мүмкін. Ал, шын мәнінде сыйлы болу үшін адам нені білуі керек? Төмендегі қағидалар әр адамның өзіне лайық бедел-абыройға ие болуына көмектеседі деп ойлаймыз:
1. Сыйласаң ғана сыйлы боласың. Алдымен басқаларды шын жүрегіңмен сыйлауың керек. Сыйластық ең алдымен басқаларды түсіне білуден бас¬талады. Бұл әр адам¬ға бірдей мөлшерде назар аударып, қолдау көрсете білуді білдіреді. Ал, өзгені сыйлау өзіңді шынайы сыйлаудан басталады. Егер біреу көрсеткен құрметіңді әлсіздік деп қабылдап, абыройыңды түсіргісі келсе, сен де сол деңгейде жауап бере аласың, бірақ бұдан гөрі сыпайы түрде өзіңнің ойыңды мықтап білдіргенің жақсы. Және бұдан былай өзіңді сол адамнан белгілі бір арақа¬шықтықта ұстағаның жөн.
2. Өзіңнің көңіл-күйіңді бір қалыпты кө¬теріңкі деңгейде ұстауға тырыс. Басыңа түскен жағдайдан жақсысын көруге үйреніп, соған сүйенуге тырыс. Сонда жаныңдағылар саған тамсанып, сенің жеке тұлғаңды сыйлай түседі.
3. Достарыңа, отбасыңа және жақындарыңа адал болуды үйрен. Тек өзің қалаған адамдарға ғана емес, барлығына бір шындықты айтатын турашыл мінез қалыптастыруға тырыс. Адал адам – сенімді адам және ол қасиеті аян болса, шала таныс адам¬дар да Сізді жауапты, шынайы деп су¬реттейтін болады. Сыртыңыздан айтыл¬ған жақсы сөз Сіздің беделіңізді одан әрі өсірмесе, еш уақытта түсірмейді.
4. Басқалардың сыртынан ғайбат сөз айт¬па. Жақындарыңа немесе кімге болса да қатысты айтар сын пікірлерің болса, мүм¬кіндігінше ең алдымен өзіне жеке айт. Ол адам өз қателіктерін байқамай қалған неме¬се өзінің кемшін тұсын білмеуі мүмкін. Бірақ сынайтпас бұрын жақсы тұстарын ақкөңіл бөліп, оларды да барынша шынайы, зілді әзілсіз атап өтуге тырыс.
5. Сөзің де, өзің де сыпайы болсын. Біреуді кемсітуден және балағатшылдықтан өзіңді қашық ұстауға тырыс.
6. Киімге де жақсы талғам қалыптастыр. Таза, әдепті және жа¬расымды киін.
7. Кеңпейіл бол, жасандылықтан қаш. Сөз жүзінде бір өмір, іс жүзінде басқа өмір сүріп өзіңді де, өзгені де алдама. Басқалар еліктеуге тырысатын жақсы үлгі бол.
8. Қай кезде сөйлеу орынды екенін біл, бас¬қаларды мұқияттың дауға тырысып, олардан (не екенін айтпасаң да) әлдене үй¬рен¬геніңді білдір. Бәріне мүмкіндігінше қайырымды бол.
9. Уәдеңде тұра алмайтыныңды білсең сөз берме. Қай кезде де сөзіңе сәйкес әрекет жаса. Егер біреу қателігіңді бетіңе басса, сылтауратпай, толық жауапкершілігіңді мойындай біл, сөйте тұра өзіңді бейшара санап, түңіліп кетпей, кішіпейілділік пен алға қарай баса бер.
ІІ бөлім Әдеби – музыкалық монтаж. ”Не деу керек?”
1) Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін, жақсысын
Саған таңдап әперді.
Не деу керек? (Рахмет апа) деу керек.
2) Балалар жүр көшеде,
Естіледі шу - айқай.
Сен де шықтың, көршіңді
Қағып кеттің байқамай.
Мұндайда не деу керек? ( Кешіріңіз!) деу керек.
3) Осы келген бетіңде
Допты қудың, жарыстың.
Көшенің сол шетінде
Кезікті бір танысың.
Ұмыттың сен не деуді? ( Сәлеметсіз бе?) деу керек.
4)Үй артында қоқысты
Жатқан көптен үйіліп
Тазалайды қарт кісі
Белі зорға иіліп.
Не дегенің жөн еді ? (Көмектесейін) деу керек.
5) Кіші үлкенді сыйласа, Кім үлкенді тыңдаса.
Ол қандай бала? (Әдепті)
ІІІ. Мәнерлеп оқу
Диана: Үлкен адамға сәлем беру- кіші адамның міндеті. Кездескен кезде кіші адам үлкен кісіге сәлем бермей кетсе, ол - әдепсіздік, көргенсіздік. Дұрыс тамақтану, мезгілінде ұйықтау, ата-ананы сыйлау- халықтық дәстүр, әдеп. біз осы адамгершілік қағидаларды сақтай білсек, ұлттық әдетті қорғай білеміз.
Дінмұхаммед: Қарсы алдымнан шыға келсе үлкендер,
Қашан да мен үлкендерге жол берем.
Абайсызда қалса біреу сүрініп,
Сол мезетте сүйініш боп қол берем.
Нұрмерей: Өзгелерден өзімді
Санамаймын жоғары
Артық айтып сөзімді
Желпінгенім жоқ әлі.
Мұғалім: Әдепті, ақылды бала қандай болу керек екенін мына өлең жолдарын тыңдайық.
Жібек: Мені үлкендер әдепті деп мақтайды,
Мінезімнен теріс қылық таппайды.
Ал егерсен жалқау болсаңтілазар,
Ондай қылық жақсылыққа жатпайды.
Ақыл әліппесі:
Жанерке: Ата-ананың тілегі
Адам болып өскенің.
Адамдықтың тірегі
Адал болып өскенің.
Даурен: Әдептілік дегенің
Әрқашан да керегің.
Әсемпаздық дегенің
Әуре-сарсаң әлегің.
Ақмарал: Тәртіпті бала сүйеніш
Төбең бір көкке жетеді.
Тәртіпсіз бала күйініш
Төмендеп басың кетеді.
Альбина: Іштарлыққа жол берме,
Бақталастық білдірме.
Мақсат қоймай алдыңа,
Қыдырып құр қаңғыма.
Сыйла үлкен кісіні
Қамқорлыққа ал кішіні.
Мұғалім: Жақсылық жасау- адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге,жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Жақсылық жасау – жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игшілік жасаутарқылы мейірімділік таныту.
Ізеттілік әліппесі.
Әлішер: Атам менің әрқашан Әлішер: Атам менің әрқашан
Кішіпейіл бол деген. Бол дейтұғын бауырмал.
Ақыл сөзі санамда Мынау байтақ ғаламда
Мақтанбауды жөн көрем. Қаншама дос, ауыр бар.
Мұғалім: Адамда асыл, игі қасиеттермен қатар жағымсыз жаман қасиеттері де болады. Олар қандай қасиеттер? ( Ызақорлық,қызғаншақтық,жалқаулық, ұрлық, өтірік айту,ұқыпсыздық, өзімшілдік ).
Енді біз әдепсіз балалар туралы тақпақ айтайық:
Ержан: Кеше ғана қадалған, Арсен: Ілгек түйме жұлынып
Өміртайдың түймесі. Кешке дейін алысар.
Орнында жоқ апыр-ай! Әркімге ір ұрынып
Қайда кеткен, бұл несі? Құспен, шаңмен жарысар.
Мадина: Етек кетер салақтап, Манат: Шашы түсіп көзіне,
Бос жүрісен далақтап. Түсінбей ақыл сөзіне
Дұрыстап сабақ ұқпайды, Мұғаліммен таласар
Өз бетімен алақтап Дәлел тауып өзіне.
ІҮ. Сұрақ-жауап.
-Балалар біз жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіру үшін үлкендердің ақылына құлақ түреміз.
1. Адамға ақыл беретін кімдер? ( ата-ана, дос, ұстаз)
2.Адамның ақылы қайда?
Рамазан: Ханнның ақылы тағында,
Әкімнің ақылы жанында,
Ғалымның ақылы басында,
Ананың ақылы жасында,
Жігіттің ақылы жақсылығында,
Ақымақтың ақылы кім көргеннің қалтасында.
3.Дос табу оңай ма?
Өмірде ақылдыға дос тау қиын, ақымаққа оңай. Ақылдының досы аз, қасы көп. Ақымақтың досы көп болғанымен жақсылығы жоқ.Жақсылығы жоқ адамның қастығы аяқ астында жатады.
4.Үйдегі алтын қазық кім?
Үйдегі алтынқазық – ана. Ана ақылды болса, ала дана болады. Ана тәрбиесі қызға үлгі, әке тәриесі ұлға үлгі. Ана – ақылшың, әке – қамқоршың.
5. Өмір сүру үшін не қажет?
Адам өмір сүруі үшін –су, от,тұз, ақыл қажет. Су тіршіліктің нәрін береді,от өмірдің сәнін береді, тұз астың дәмін келтіреді, ақыл –мәнін береді.
6. Достықты нығайтатын не? Достық пен жолдастықты нығайтатын ынтымақ, ірлік, теңдік, бауырмалдық. Сәлемдесуді білген кешіре де біледі, кешіре білген рақмет те айта алады. Жөн сөз көңіліңді көтереді, жөнсіз сөз өміріңді өшіреді.
Ү. Мақал – мәтелдерді жатқа айту.
- Балалар осы бүгінгі тақырыпқа байланысты кім қандай мақал мәтелдерді біледі? Соны тыңдап көрелік.
Оқушылар кезекпен кезек өздері жаттаған мақалдарды айтады.
Ақылсыз адам айқай келеді.
Жан-жағын жайпай келеді.
Ақылды адам жай-жай сөйлейді,
Жан жағын байқай келеді.
Адам деген ардақты ат.
Адамгершілікке арналған үш сауал бар:
Шөлге құдық қазған бір сауап,
Өзенге көпір салған бір сауап,
Жолға ағаш еккен бір сауап.
Еңбек адамның көркі,
Адам заманның көркі.
Біреу, біреуге сүйеу.
Талабы жоқ жас -
Қанаты жоқ құс.
Ормансыз жер - жалаңаш,
Армансыз ер - жалаңаш.
Адамның күні адаммен.
Адам бір-біріне қонақ.
Ат жақсысын мақта,
Адам жақсысын жақта.
Жасық адам жасына жетпей қартаяр,
Асыл адам жасына жетпей марқаяр.
Он адам жүрген жерде із қалады,
Жүз адам жүрген жер - соқпақ,
Мың адам жүрген жерде жол қалады.
«Құпия хаттарға» жауап беру
Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топқа құпия хаттар жазылған конверттер таратылып беріледі.Жауабын әр топ ойланып , ақылдаса отырып айтады.
Хaттардың мазмұны:
1 хат.Құрметті достар!Менің көршімнің бір баласы бар.Өзі өтірікші көзбе - көз өтірікті айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба?
2 хат.Құрметті достар!Менің де бір досым. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?
3 хат. Құрметті достар!Партада менімен бірге бір бала отырады.Ойнап - ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады. Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады.Мен бермесем, «Сен сараңсың» - дейді. Мен не істеуім керек?
ҮІІ. Ойын «Жалғастыр»
«Не істеуге болмайды?» Осы сөз үлкен етіп жазылып көрсетіледі. Мұғалім басқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек.
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды ...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)
«Не істеу керек?» (бұл да сол сияқты жүргізіледі)
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)
ҮІІІ. Қорытынды.
- Балалар, біз бүгінгі сабағымызда әдептілік, сыпайылық жайлы сөйлестік. Әдепті, сыпайы балалар айналасындағыларға жағымды, сүйкімді екенін түсіндік. Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы сөздерді үнемі айтуға үйрендік. Жақсы мен жаман әдет қалыптарды ажыратуды, жақын адамдарға қамқорлық, оларға көмек көрсету дағдыларын үйрендік.
Сонымен балалар, әдептілік, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық жасау кез келген адамның бойында қалыптасатын ерекше бір қасиет. Жеке басымызды ойлайтын жаман қасиеттерден аулақ болайық! Жақсы қасиеттерді ғана бойымызға дарытайық деп, бүгіні тәрбие сағатын мына өлең шумағы арқылы аяқтағым келіп тұр.
Үлкенге иман керек,
Кішіге иба керек.
Адамдар бірін-бірі
Құрметтеп сыйлау керек.
- Сабақ аяқталды. Назар қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет. Сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |