Гүлнар Кәрібаева, Жітіқара қ.
№10 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
4 - сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінен сабақ әзірлемесі
Сабақтың тақырыбы: мектеп өмірі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың мектеп өміріне байланысты алған білімдерін жинақтау, жүйелеу;
Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын молайту, дұрыс сөйлей білуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: саналы білім ала білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: алған білімдерін жүйелеу және қорытындылау сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, ақпаратты қолдану, қайталау, іздену, индуктивтік, мақтау-мадақтау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тақта, оқулық, сабаққа керекті слайдтар.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, орыс әдебиеті, қазақ әдебиеті, бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
а/ сәлемдесу;
ә/ түгендеу;
б/ сабаққа деген оқушылардың назарын аудару;
2. Сабақтың мақсат, міндетімен, барысымен таныстыру.
3. Алған білімдерін жинақтау:
а/ слайдта берілген тапсырмалар арқылы оқу құралдарын қайталау;
ә/ оқу құралдарына байланысты берілген тапсырмаларды орындау /дәптерге, бояуға байланысты берілген тақпақты тыңдап, мағынасын түсіну, кітапқа байланысты берілген мақалдың мәнін түсіндіру, қарындаш, қаламға байланысты берілген жұмбақтарды шешу/.
4. Сергіту сәті: «Қонжықты мектепке жинаймыз» ойыны.
5. Алған білімдерін пысықтау:
а/ суреттерге қатысты сөздерді қолданып. 5 сөйлем құрастыру;
ә/ мәтінді түсініп оқып, ат қою;
Біздің мектеп өте әдемі, биік. Мектептің сыныптары кең, жарық, таза. Мектеп екі қабатты.
Бірінші қабатта спорт залы, еңбек кабинеті, асхана бар. Екінші қабатта қазақ тілі, орыс тілі, математика, бейнелеу өнері, шет тілі кабинеттері бар.
Мен өз мектебімді жақсы көремін.
Мектеп қандай?
Мектептің сыныптары қандай?
Мектеп неше қабатты?
Бірінші қабатта не бар?
Екінші қабатта не бар?
б/ фонетикалық жаттығу: көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жазу;
Қар...ндаш, өш...ргіш, к...нделік, к...тап, оқ...шы, қал...м, с...рет, әл...ппе, с...нып, қаб...т.
в/ көру диктантын орындату;
О қу – білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы.
Сергіту сәті: жұмбақтарды шешу;
Т ілі бар, үні жоқ,
Өзін адам түсінген.
Жүрегі бар да, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен.
(...)
Өшірді, сүртті,
Өзгені құртты.
Өзін де құртты.
(...)
Жазу жазып, жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған.
(...)
Достарыңызбен бөлісу: |