Қызылорда қаласы Қалтай Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясы
Ахметова Бану Бекішқызы- экономика пәнінің жоғары санатты мұғалімі
Экономика пәні 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мемлекет валютасы
Сабақтың мақсаттары:
-
Білімділік мақсаты: Оқушылардың білім, білік дағдыларын іс жүзінде шығармашылықпен сауатты қолдана білуге дағдыландыру.Қазақстан және дүние жүзі мемлекеттері , астаналары, валюталарын ажырата біліп, валюта бағамдарын қолданып есептер шығару. Әлем мемлекеттері және Азия мемлекеттері туралы ұғымдарын кеңейту.
-
Тәрбиелік мақсаты: Бірлесіп жұмыс жасауға, өзара пікір алысуға тәрбиелеу. Оқушыларға патриоттық тәрбие бере отырып ұлт экономикасына жанашырлық сезімдеріне тәрбиелеу.
-
Дамытушылық мақсаты:Оқушылардың экономикалық дүние танымдары мен қызығушылықтарын оята отырып, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, шығармашылықпен жұмыс жасау қабілеттіліктерін молайту,қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі:
Интерактивті тақта, слайдтар, , дүние жүзі картасы,валюталар т.б
Сабақтың түрі: Дәстүрлі аралас сабақ.
Сабақтың әдістері: Түсіндіру, әңгімелесу, баяндау,сұрақ- жауап.Сын тұрғысынан ойлау әдістері.Экономикалық іскерлік ойындар. Оқушылардың шығармашылық жұмыстары.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарын сабаққа аударып, үш топқа бөлу.
2. Үй тапсырмасын тексеру. «Ия , жоқ» ойыны арқылы сұрақтарға жауаптар алынады.
Оқушылардың бірге айтатын сөзі:
Мақсатымыз- жақсы оқу.
Міндетіміз- еңбектену.
Табысымыз- 5- ке қол жеткізу. Бүгінгі сабақтағы белсенділігіміз, әрбір дұрыс жауабымыз- қазақ елінің атағы аспандап, экономикасының күн сайын қарыштап дамып бара жатқанын мақтан етіп, туған ел экономикасына қосқан үлесіміз деп білейік.
«Экономикалық сөздік диктанты» Үй тапсырмасын сұрау және жұмбақтау арқылы жаңа сабақтың тақырыбын шығарып аламыз. Оқушыларға сұрақтар оқылады. Дұрыс жауаптар сөздік дәптерлеріне жаздырылады. Соңынан жазылған сөздердің басқы дыбыстарын қосып оқу арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.Әр дұрыс жауапқа ұпай есептеліп отырылады.
Сұрақтар: 1. Ту, елтаңба, ән ұранды бір сөзбен ата.(Мемлекеттік рәміздер).
2.Қазақстанның тұңғыш президентін кім деп атаймыз? (Елбасы)
3. Білім ордасы (Мектеп)
4.Террорист сөзінің қазақша баламасы. (Лаңкестік)
5. Егінші сөзі қай ресурсқа жатады?. (Еңбек ресурсы)
6. Ресурстың түрін ата. (Капитал)
7.Мақалды жалғастыр: Кімнің атын еңбек шығарады? – (Ердің)
8.Тауарлар мен көрсетілген қызметтерді пайдаланушы адам. (Тұтынушы)
9. Елдің айналымда жүрген ақша бірлігі. (Валюта)
10.Барлық тауарлардың құны көрсетілетін зат. (Ақша)
11.Кепілге алтын бұйымдар қойылып, ақша алатын орын.(Ломбард)
12. Заңгер сөзінің синонимі. (Юрист)
13.Саяси дербестік, егемендік. (Тәуелсіздік)
14.Қазақстанда тұңғыш рет өткен спорт мерекесі. (Азиада )
15.Тауарлар мен қызмет көрсетулерді айырбастау. (Сауда)
16. Халықаралық экономикалық ы -----------қ (Ынтымақтастық)
Жаңа сабақ Мемлекет валютасы
Мұғалімнің түсіндіруі:
Әр мемлекет өз ақшасы- валютасын шығаруға ұмтылады. Ұлттық валюта елдің басқа мемлекеттерден тәуелсіздігін көрсетеді. Ұлттық валюта арқылы ел өз экономикасын басқарады: салық жинайды, мемлекеттен ақша алатындармен есеп айырысады, қаржыны қайта бөледі. Осының барлығын елде бірнеше валюта қолданыста жүрсе, жүзеге асыру қиын болар еді. Мемлекет территориясында бір ғана ақша болғандықтан, есептеу жеңіл болады. Халықаралық сауда саттықта валюта бағамы арқылы өзара есеп айырысады. Валюта бағамы-басқа елдердің ақшалай бірлігімен көрсетілген бір ұлттық бірліктің бағасы.
Тапсырмалар
1.Қазақстанның көршілері және ұлттық валюталарын ата.
Ресей-Рубль, Қытай-Юань, Қырғызстан- Сом, Өзбекстан- Сум, Түркіменстан- Манат
2.Бірнеше еуропалық елдер айналымға бір валюта- евроны енгізіп, біртұтас экономикалық кеңістікті құрды. Қалай ойлайсың, бұл не үшін жасалды?
Жауабы: Халықаралық саудада евроны енгізу есептеуге жеңіл болады.
2. Мемлекеттердің аты мен оның валютасын қосып ата.
АҚШ
|
|
Песета
|
Жапония
|
|
Рупия
|
Ұлыбритания
|
|
Доллар
|
Испания
|
|
Иен
|
Үндістан
|
|
Фунт стерлингі
|
3.Қазақстанның Ұлттық банкіндегі валюта бағамы
Валютаның атауы
|
Валюта бірлігіне теңге
|
Доллар (Австралия)
|
110
|
Юань (Қытай)
|
20
|
Евро
|
180
|
Иен (Жапония)
|
15
|
Сом (Қырғызстан)
|
3
|
Рубль(Ресей)
|
5
|
Доллар (АҚШ)
|
130
|
-
Қазақстанның көптеген туристері әлемнің басқа елдеріне барады. Ол жерде тауарға немесе қызмет көрсетуге теңгені емес, жергілікті валютаны төлейді.
13 000 теңге/100$ Осы сомаға қанша евро, иен, юань алуға болады?
13 000 теңге/73 евро
13 000 теңге/867 иен
13 000 теңге/650 юань
-
Қырғызстаннан келген турист Қазақстаннан 700 теңгеге сувенир сатып алса, қанша ұлттық валютасын жұмсайды? Қазақстандық турист Қырғызстан мейрамханасынан 700 сомға түскі ас ішті. Бұл теңгемен қанша болады? Туристердің қайсысы көбірек ақша жұмсады?
700 теңге*3=2100 сом 700 сом/3=234 теңге
Сабақты бекіту: Үш топқа жазбаша тапсырмалар беріледі:
-
ші топ Мемлекет сөзіне ассосация құруы керек.
-
ші топ Валюта сөзіне топтастыру сөздерін құрады.
-
ші топ Қазақстан сөзіне ассосация құрады.
Ауызша орындалатын тапсырма:
1-ші топтың тапсырмасы (жауаптары: лир, Баку, Венгрия,Мадрид, Прага)
Мемлекет
|
Астанасы
|
Валютасы
|
Туркия
|
Анкара
|
|
Азербайжан
|
|
Манат
|
|
Будапешт
|
Форинт
|
Испания
|
|
Песет
|
Чехия
|
|
Крона
|
|
|
|
2- ші топтың тапсырмасы (жауаптары: Кабул, тугрик,вона, Болгария, Тирана.
Мемлекет
|
Астанасы
|
Валютасы
|
|
|
|
Ауғанстан
|
|
Афгани
|
Монголия
|
Улан-Батор
|
|
Корея
|
Сеул
|
|
|
София
|
Лев
|
Албания
|
|
Лек
|
3-ші топтың тапсырмасы: (Берлин, марка; Тегеран,динар, Бухарест, Украина.
Мемлекет
|
Астанасы
|
Валютасы
|
Германия
|
|
|
Иран
|
|
Риал
|
Кувейт
|
Эль-Кувейт
|
|
Румыния
|
|
Лей
|
|
Киев
|
Корбованец
|
Сен білесің бе? Сұрақ- жауап ойыны
1.Алматыдағы 5000 адам сиятын спорт сарайы кімнің атында? (Балуан Шолақ)
2.Елбасымызға қай мемлекетте ескерткіш ашылды? (Туркияның Анкара қаласында)
3.Астана қаласының алғаш рет бас жоспарын құрған сәулетші Кисе Куракава қай мемлекеттің азаматы? (Жапония)
4. «Хан шатыры» сауда және ойын- сауық орталығы жобасының авторы Норман Фостер қай мемлекеттің азаматы? (Англия)
5.Қазақтан шыққан тұңғыш велошабандоз Марат Сатыбалдиев қай мемлекетте әлем
чемпионы атанды?(Франция)
6.Ең көп спорттың 300 түрінен жарыс Сидней олимпиадасында өтті. Бұл қай мемлекеттің бас қаласы? (Австралия)
7..2017 жылғы Экспо-17 қай мемлекетте өтеді? (Қазақстан)
Сабақты қорытындылау:
Тест.Халықаралық саудаға қандай ақшалар қатысады?
Ұлттық валюта мемлекетке керек, себебі- ......
а) елді тәуелсіз етеді;
б) мемлекетке ел экономикасын басқаруға мүмкіндік береді;
в) үкіметке мемлекеттен ақша алатындармен есеп айырысу үшін қаражатқа ие болуға мүмкіндік береді;
г) барлық жауап дұрыс; (Дұрыс жауап)
Елдің ақша бірлігі- бұл ......
а) ақша;
б) валюта; (Дұрыс жауап)
в) қолма-қол ақша;
г) доллар;
Валюталық бағам- бұл .....
а) мемлекеттің саясаты;
б) ақшаны айырбастау мүмкіндігі; (Дұрыс жауап)
в) басқа елдердің ақша бірлігімен көрінетін бір ұлттық ақша;
г)банкі шоттарындағы ақша қаражаттары.
Үйге тапсырма: Мемлекеттің атын, астаналары мен валютасын тауып жазып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |