Сабақтың тақырыбы мен мазмұны Сағат саны Өтілетін мерзімі Қолданылатын әдіс-тәсілдер



бет21/25
Дата27.06.2016
өлшемі2.06 Mb.
#160945
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

Сабақтың өтілетін мерзімі: 6- сынып Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Одағай сөздер туралы түсінік. Сабактың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға одағай, одағайдың түрлері жайлы толық мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабактың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар. Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу. Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтын барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.

  2. Кезекші мәлімдемесі.
    З.Журнал бойынша түгелдеу.
    4.Жаңа сабаққа дайындық.


б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта «Одағай сөздер туралы түсінік» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Толық мағынасы жоқ, сондықтан затты, құбылысты, әрекетті нақты білдірмей, тек адамның әр түрлі көңіл күйін, сезімін білдіретін немесе жан-жануарларға қаратылып айтылатын сөздер одағай сөздер деп аталады.

Одағай сөздер таңырқау, қуану, шаттану,ұнату, ренжу, түңілу, өкіну, шошыну, жекіру, күрсіну сияқты көңіл күйін білдіреді немесе жан-жануарларды, малды шақыру, қуу үшін қолданылады. Мысалы, Япырым-ау, қайда сол күн-дер?! (А.) Қап, барлығының еңбектері далаға кетеді-ау! (Ғ. М.) Ау-хау-аухау деп кешкі тымық даланы басына көтерді. (С. М.) Берілген мысалдарда япырым-ау, қап деген одағайлар армандауды, өкінгендікті білдіріп тұрса, аухау-аухау деп сиырды шақыру үшін айтылады.

Одағайда, біріншіден, лексикалык (негізгі) мағына болмайды. Екіншіден, сөйлемде одағайлар басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспей, оқшау айтылады. Сондықтан да одағай сөйлем мүшесі бола алмайды.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырманы ауызша түрде орындатамын: 314-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Одағайларды тауып, қандай мағынада жұмсалып тұрғанын көрсетіңдер.

Келесі тапсырма: 315-жаттығу жұмысының орындалу шарты төмендегідей: Алақай, бәрекелді, әттең, құрау-құрау, қош-қош, пай-пай деген одағайларды кірістіріп сөйлем құраңдар.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

  3. Үйге тапсырма: өзіндік жұмыс: одағайларды қатыстырып 10 сөйлем құрап жазып
    келіңдер.



Сабақтың өтілетін мерзімі: 6- сынып қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Одағайдың түрлері. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға одағай, одағайдың түрлері жайлы толық мәлімет беру.

ә) дамытушылык: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік корын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар. Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу. Сабактың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.

  2. Кезекші мәлімдемесі.
    З.Журнал бойынша түгелдеу.
    4.Жаңа сабаққа дайындық.


ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.

  2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.

  3. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта «Одағайдың түрлері» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Одағайлар ойға үстейтін мәніне қарай үш түрге бөлінеді.

1 . Көңіл күй одағайлары шаттану, таңырқау, аңсау, қуану, ұнату, ренжу, түңілу, өкіну, шошыну, назар аудару сияқты мәнді білдіреді. Олар: пәлі, оппырай, алақай, пай- пай, бәрекелді, түу, уһ, аһ, эй, еһе, әттец, өп, оп, қап, әттеген-ай,беу, ау, т. б.

  1. Жекіру одағайлары жекіру, тыйым салу, бұйыру сияқты мәнді білдіреді. Олар:
    тәйт, тек, жә, т. б.


  2. Шақыру одағайлары мал, ит, құсты шақыру, қуумен байланысты мәнді білдіреді.
    Олар: құрау-құрау, шөре-шөре, көс-көс, айт, қош-қош, моһ-моһ, күр-күр, кә-кә, пырс, т. б.
    Одағайлар сөйлемдегі ойға қатысты болғанмен, ондағы жеке сөздермен грамматикалық
    байланысқа түспей, оқшау айтылады. Әрі одағайдың толық мағынасы болмайды, олар
    сөйлем м.үшесі қызметін атқара алмайды.


Одағай сөйлемнің басында да, ортасында да, соңында да қолданыла береді. Одағай

сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады. Мысалы: Япырм-ау, осы сізге түсер

пайда бар ма? (М. Әуезов)

Одағай сөйлемнің ортасында келсе, оның екі жағынан үтір қойылады. Мысалы: Тұрсам, о

тоба-ай, айнала көк шалғын! Сізге, тәйірі, со да сөз болып па?!

Одағай сөйлемнің соңында келсе, оның алдынан үтір қойылады. Мысалы: Мұны бастаған

кім, ә! Соны айтшы, бәсе!

Әдетте одағайлы сөйлемнің соңынан леп белгісі қойылады. Мысалы: Пай-пап! Шіркін,

қазақтың келіндері-ай!

Қайталанып айтылған одағайлар дефис арқылы жазылады: құрау-құрау, пай-пай, әй-әй, құр-құр, т. б.

Одағай сөздер өзінің мәніне сәйкес, яғни әр түрлі көңіл күйін, жекіру мәнін білдіруге байланысты диалогта, көркем әдебиетте жиі қолданылады. Диалогта кейде одағайлар осы мәндеріне лайық бір сөйлемнін орнына да жұмсала береді. Мысалы:

  • Жаңа бір күш біткендей болды.

  • Бәрекелді!

  • Япыр-ай, э!

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 316-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Одағайларды тауып, түрлеріне қарай ажыратыңдар.

Келесі тапсырма: 318-жаттығу жұмысьшың орындалу шарты мынадай: Одағайларды тауып, қандай мағынада қолданылып тұрғанын және қай түріне жататынын ажыратып талдап, жоқ жеріне тыныс белгісін қойып көшіріңдер.

Жаттығу жұмыстарын орындап болған соң «Одағай» тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеру мақсатында қосымша сұрақтар қоямын:

  1. Одағай нені білдіреді?

  2. Одағай сөздерде толық (лексикалық) мағына бола ма?

  3. Не себепті одағайлар сөйлемде оқшау айтылады?

  4. Одағайдың сөйлем мүшесі бола алмауының себебі неде?

  5. Одағайдың қандай түрлері бар?

  6. Одағайлы сөйлемде қандай тыныс белгілері қойылады?
    Сабақтың қорытындысы:





  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

  3. Үйге тапсырма: 317-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін. Өздерің оқып жүрген көркем әдебиеттен одағайдың түр-түріне мысал келтіріп, тыныс белгісін түсіндіріңдер.

Одағай сөздер өзінің мэніне сэйкес, яғни эр түрлі көніл күйін, жекіру мэнін білдіруге байланысты диалогта, көркем эдебиетте жиі қолданылады. Диалогта кейде одағайлар осы мэндеріне лайық бір сөйлемнін орнына да жүмсала береді. Мысалы:

  • Жаңа бір күш біткендей болды.

  • Бэрекелді!

  • Япыр-ай, э!

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жүмыстарын орындатамын. Алғашқы орьшдалатын тапсырма: 316-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Одағайларды тауып, түрлеріне қарай ажыратыңдар.

Келесі тапсырма: 318-жаттығу жұмысьшың орындалу шарты мынадай: Одағайларды тауып, қандай мағынада қолданылып түрғанын жэне кай түріне жататынын ажыратып талдап, жоқ жеріне тыныс белгісін қойып көшіріңдер.

Жаттығу жүмыстарын орындап болған соң «Одағай» тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеру мақсатында қосымша сүрақтар қоямын:

  1. Одағай нені білдіреді?

  2. Одағай сөздерде толық (лексикалық) мағына бола ма?

  3. Не себепті одағайлар сөйлемде оқшау айтылады?

  4. Одағайдың сөйлем мүшесі бола алмауының себебі неде?

  5. Одағайдың қандай түрлері бар?

  6. Одағайлы сөйлемде қандай тыныс белгілері қойылады?
    Сабақтың қорытындысы:





  1. Сүрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

  3. Үйге тапсырма: 317-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін Өздерің
    оқып жүрген көркем эдебиеттен одағайдың түр-түріне мысал келтіріп, тыныс белгісін
    түсіндіріңдер.


Тексердім:


Сабақтың өтілетін мерзімі: 6- сынып Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Көмекші есімдер. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға көмекші есімдер жайлы толық мәлімет беру.
ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл


мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,.
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.

  2. Кезекші мәлімдемесі

3. Журнал бойынша түгелдеу. 4.Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.

  2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.

  3. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта «Одағайдың түрлері» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Лексикалық мағынасынан айырыла бастап, сөйлемде екінші бір сөздің жетегінде ғана қолданылатын зат есімдер бар. Мысалы, сырт, іші, маң, түс, алд(ы), арт(ы), аст(ы), үст (і),қас (ы) сияқты сөздер сөйлемде екінші зат атаулының жетегінде жұмсалады: Ауылдың жаны терең сай. (Абай) Осындай сөздер көмекші есім деп аталады. Әдетте көмекші есім тәуелдік жалғауында тұрып, негізгі зат есіммен тіркесіп, сөйлемнің бір ғана мүшесі болады.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 319-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Мәтінді оқып шығып, көмекші есімдерді табыңдар. Оларды тіркесіп тұрған сөздерімен бірге теріп жазыңдар да, сөйлемнің қай мүшесі қызметін атқарып тұрғанын айтыңдар.

Келесі тапсырма: өткен сабақта қосымша әдеби кітап әкеліңдер деп тапсырма берілген болатын. Әр оқушы өзі әкелген сол әдеби кітаптан көмекші есімдерді табады.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

  3. Үйге тапсырма: өзіндік жұмыс: Көмекші есімдер қатысқан 10 сөйлем жазып келу.


Сабақтың өтілетін мерзімі: 6- сынып Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Көмекші етістіктер. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға көмекші етістіктер жайлы толық мәлімет беру.
ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл


мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.

  2. Кезекші мәлімдемесі.
    З.Журнал бойынша түгелдеу.
    4.Жаңа сабаққа дайындық.


ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.

  2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.

  3. Оқушылардың берген жауаптарына карай білімдерін бағалау.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта «Көмекші етістіктер» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Етістіктер білдіретін мағынасына, соған сәйкес сөйлемде атқаратын қызметіне қарай екі түрлі: негізгі етістік және көмекші етістік болып бөлінеді. Мысалы: Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады. (Ы. Алтынсарин) Әсемпаз болма әрнеге, өнерпаз болсаң, арқалан. Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар, қалан. (Абай) Берілген екі сөйлемде бірнеше етістік қолданылған: келе және жатып, сұрады, болма, болсаң, арқалан, тап, бар, қалан. Білдіретін мағынасы жағынан және соған (мағынасына) байланысты атқаратын қызметі жағынан бұл етістіктер бірдей емес. Кел, сұрады, арқалан, тап, бар, қалан деген етістіктер лексикалық мағынасы бар сөздер, сондықтан олар тікелей сұраққа жауап бере алады және сөйлем мүшесінің қызметін де атқара алады: басты қимыл -келу, сұрау, арқалану, табу, бару, қалану: не істеп? - келе (жатып), не істеді? - сұрады, не істе? - арқалан, тап, бар, қалан -бәрі де баяндауыш. Ал жатып, болма, болсаң деген етістіктердің лексикалық мағынасы толық сақталмаған: әрі келіп, әрі жатуга болмайды ғой, бұл жерде әңгіме жатуда емес, келуде. Сондай-ақ болма, болсаң дегендер бір жерде тұру емес. Бұлар жеке тұрып сұраққа жауап бере алмайды, сөйлем мүшесі де бола алмайды. Сөйтіп, бұл сөздер лексикалық мағынасынан айырылып, екінші сөздің жетегінде ғана қолданылады: жатып - келе жатып, болма - әсемпаз болма, болсаң - өнерпаз болсаң түрінде қолданылған.

Сөйтіп, жеке тұрып сұраққа жауап бере алатын және өз алдына сөйлем мүшесі бола

алатын толық мағыналы етістіктер негізгі етістік деп аталса, өз алдына жеке тұрып сөйлем мүшесі бола алмайтын, толық мағынасы жоқ, тек негізгі етістіктермен, есім сөздермен тіркесіп қана қолданылатын етістіктер көмекші етістіктер деп аталады. Қазақ тілінде етістіктердің біразы әрі негізгі, әрі көмекші етістік мәнінде қатар жұмсала береді. Жоғарыда берілген сөйлемдерде жатып, болма, болсаң дегендер көмекші етістік болса, Қонақтар жатып қалыпты. Сен үйде болма. үйде болсаң, жұмыс істе деген сөйлемдерде олар - негізгі етістіктер. Керісінше, айтқым келеді. Таудан асып барады дегенде келеді, барады - көмекші етістік те, айтқым, асып — негізгі етістіктер.

Қазақ тілінде тек төрт етістік қана: е (еді, екен, емес), жазда, ет, де (деп, десе, деген, дер) көмекші етістік мәнінде пайдаланылады. Бұлар негізгі етістік болып жұмсалмайды, жұмсалса да, өте сирек қолданылады. Өйткені бұлар - лексикалық мағынасынан бүтіндей айырылып қалған етістіктер. Мысалы: Оны әлі күнге өз ырқынан шығаған емес. (М. Әуезов) Асан қуанып, жұмыртқаны алайын деп еді. (Ы. Алтынсарин) Тәңірі қосқан жар едің сен, Жар ете алмай кетіп ем. (Абай)

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 320-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Мәтінді оқып, етістіктерді табыңдар, олардың қайсысы негізгі, қайсысы көмекші екенін айтып беріңдер.

Келесі тапсырма: 321-жаттығу жұмысының орындалу шарты мынадай: Негізгі және көмекші етістіктерді ажыратып, олардың сөйлемдегі қызметін анықтаңдар.

Келесі тапсырма: 322-жаттығу жұмысының шартын түсіндіремін: Негізгі етістік пен көмекші етістіктерге тұлғалық талдау жасап, олардың қалай түрленіп тұрғанын айтыңдар.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

  1. Үйге тапсырма: өзіндік жұмыс: көркем әдебиеттерден 10 сөйлемнен тұратын мәтін жазып, негізгі етістіктердің астын бір сызықпен, көмекші етістіктердің астын екі сызықпен сызыңдар.


5. Сабақтын өтілетін мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Сын жүмысы.

Табиғатпен сырласу. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін тексеру эрі
сауттылыққа баулу мақсатында сын жұмысын жүргізу.


э) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мэдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тэрбиелеу.


Сабақтың түрі: сын сабағы.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сүрақ-жауап, мәнерлеп оқу, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау. Сабақтың көрнекілігі: диктанттар жинағы.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жүмыс жүргізу. Сабақтың типтері: үйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, Сабақтың барысы:

а) Үйымдастыру кезеңі.

  1. Сэлемдесу.

  2. Кезекші мэлімдемесі.
    З.Журнал бойынша түгелдеу.
    4.Жаңа сабаққа дайындық.


э)Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру мақсатында сын жүмысын жүргіземін.

Оқушыларға сын жүмысына арналған дэптерлерін таратып шығамын да, сын жүмысының тақырыбымен таныстырамын. Бүгінгі күнді, мэтін тақырыбын тақтаға жазып шығамын да мэтін мазмүнын мэнерлеп оқып шығамын, Мэтін 106 сөзден түрады. Содан кейін мэтіннің эрбір сөйлемін жеке оқып мэтінді жаздыруға кірісемін.

Табиғатпен сырласу

Табиғат! Сен элемдегі барша байлықтардың анасы, сүлу атаулының данасысың. Сенің жүпар ауаң, аппақ қарың, мөл суың, жасыл кілемге көмкерілген ну қайыңды орманың, өскен аң мен қүсың — бэрі-бэрі керемет! Ол - сенің ғана сүлу бейнең. Осындай эсем де кең қүшағыңда дуниеге келген адамзат баласы қандай бақытты! Мен де бақыттымын!

Мен сенің топырағыңнан жаралдым, табиғат ана. Біздің бірімізді энші, бірімізді жыршы, бірімізді жазушы, бірімізді суретші ететін де сенсің. Өз басым табиғаттың эсемдігін анамның аялы алақанындай көремін. Егер мен ақын болғанымда өмір бойы сен туралы ғана жыр жазар едім. Сенің әрбір тасың, топырағың, қүпияға толы сырлы элемін — бәрі-бэрі таусылмас жыр (Э.Ежанова "Үлан" 106 сөз)

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сүрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

  2. Сын жүмысына арналған дэптерлерін жинап аламын.

  3. Үйге тапсырма: «Табиғатым—байлығым» тақырыбында шығарма жазып келу.

Тексердім:

Сабақтың өтілетін мерзімі: 6- сынып Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Шылау сөздер туралы түсінік. Сабактың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға шылау сөздер, оның түрлері жайлы толық мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабак.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытыыдылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар. Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу. Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.

  2. Кезекші мәлімдемесі.
    З.Журнал бойынша түгелдеу.
    4.Жаңа сабаққа дайындық.


ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Өткен сабақта өтілгеи ережені сұрау.

  2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.

  3. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта шылау сөздер тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Тілімізде толық лексикалық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздер бар. Ондай көмекші сөздер шылаулар деп аталады. Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ-барды, ертегіні термек үшін. (А.) Жомарт қазіргісі мен келешегін салыстырып тұр. (Ғ. Мұст.) Абай қажымап, жалықпай, ылғы ғана ынтышп тыңдайтын. (М. Ә.) Бүл мысалдардағы үшін, мен, ғана деген сөздердің толық мағынасы жоқ, бірақ сөйлемде олар өзі қатысты сөздерге қосымша мән үстеп, белгілі бір қызмет атқарып тұр. Бірінші сөйлемде үшін шылауы ермек және (ертегіні) термек сөздеріне мақсат мәнін үстеп, ол сөздерді жазбаймын сөзіне бағындыра (сабақтастыра) байлаыыстырып тұрса, екінші сөйлемде мен шылауы қазіргісі деген сөз бен келешегі деген сөздерді ыңғайластық мәнде бір-бірімен салыстыра байланыстырып, олар сөйлемнің бірыңғай мүшесі екенін көрсетіп тұр. Үшінші сөйлемде ғана шылауы ылғи деген мезгілдік мағынадағы сөзге шектілік, күшейткіш мән үстеп тұр.

Сөйтіп, шылаудың басқа сөз таптарынан мынадай айырмашылықтары бар.

  1. Шылаудың толық лексикалық мағынасы болмайды.

  2. Сөйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола алмайды.



  3. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет