Сабақтың тақырыбы Мәтін есептерді шығару



Дата02.01.2022
өлшемі24.51 Kb.
#453305
түріСабақ
2 5188317766263769473


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы

Мәтін есептерді шығару.







Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.2.1 мәтін есептерді квадрат теңдеулердің көмегімен шешу

Сабақтың мақсаты

мәтінді есептерді квадрат теңдеудің көмегімен шешеді. мәтінді есептерді квадрат теңдеудің көмегімен шығару жолдарын талдайды.

Бағалау критерийі

  • мәтінді есептердін шығару алгоритмін құрастырып, квадрат теңдеудің көмегімен шығарады.

Тілдік мақсаттар


Тілдік мақсаты: есептің мәтінінде берілген шамалардың арасындағы тәуелділікті анықтау үшін есептің шартын түсіндіреді; мәтінді есептердің шығару алгоритмін тұжырымдайды.

Пәндік лексика мен терминология: квадрат теңдеу, алгоритм, қанағаттандыратын шешім, өрнек, түбір, бір айнымалысы бар теңдеу, екі айнымалысы бар теңдеу.

Диалогқа/ жазылымға қатысты тірек сөздер

квадрат теңдеу дегеніміз..., квадрат теңдеулердің түрлерін айтыңыз..., квадрат теңдеулердің шешу тәсілдерін айту.Мәтінді есептердін шығару алгоритмін тұжырымдаңыз.



Құндылықтарға баулу

«Қазақстан тәуелсіздігімен Астана» идеясы бойынша оқушылардың бойына патриоттық, адамгершілік,өзара сыйластық және қарым-қатынасты дамыту.

Пәнаралық байланыс

математикалық сауаттылыққа байланысты есептер беріледі.

Алдыңғы білім

Квадрат теңдеуді шешеді, квадрат теңдеулерді шешу әдістерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

Үй жұмысын тексеру

«Ашық микрофон» әдісі арқылы оқушылардан үй тапсырмасы сұралады

«Конверттегі сұрақтар»

ширату жаттығу арқылы өткен сабақты қайталау мақсатында оқушыларға сұрақтар қою үшін осы әдісті қолданамын. Бұл әдіс теориялық сұрақтарды бағалауға,тілдік мақсаттардың орындалуына көмек береді.

1.Квадрат теңдеу дегеніміз не?

2. ах2 +вх+с=0 теңдеуінің в немесе с нөлге тең болса, қандай түрлері болады?

3.Квадрат теңдеуінің шешудің қандай әдістерін білесіңдер?

4. Дискриминанттың формуласы

5. Виет теореманы айт.

6. Биквадрат теңдеулер деп қандай теңдеулерді айтамыз?

Тапсырма

Мәтінді есептерді квадрат теңдеулер арқылы шығару келесі алгоритмдер бойынша орындалады:

1.Шамалар арасында тәуелсіз айнымалыны анықтау үшін берілген мәтін есепті мұқият оқимыз.


  1. 2.Ізделінді шаманы айнымалымен белгілейміз.

  2. 3.Ізделінді шаманы берілген шамалар арқылы өрнектейміз.

  3. 4.Теңдеуді құрастырамыз, яғни бір шаманы өрнектейтін екі өрнекті теңестіреміз.

  4. 5.Алынған теңдеудің түбірлерін табамыз.

  5. 6.Теңдеуден шыққан түбірлердің есептің шартына сәйкестігін тексереміз.

  6. 7.Жауабын жазамыз.

  7. Мәтінді есептерді қандай теңдеулермен шешеміз?

  8. ОМ анықтау.

Қағаздар


Сабақтың ортасы


Топтық жұмыс

«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі арқылы оқушылардың топтық білімді жинақтауда, ынтымақтаса жұмыс жасай отырып өз ойларын еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге ықпал етеді.

1 топ


1. Біреуі екіншісінен алтыға үлкен екі натурал санның көбейтіндісі 187 – ге тең. Осы сандарды табыңыз.

2. Тіктөртбұрыштың ені ұзындығынан ұзындығынан 4 см кем. Егер тіктөртбұрыштың ауданы 12 болса, онда оның ені қандай?

3. Тізбектей алынған екі жұп санның көбейтіндісі 48 ге тең. Берілген сандар ретін табыңдар

2 топ


1.Бір сан екіншісінен 6 – ға артық, ал олардың көбейтіндісі 160. Осы сандарды табыңыз.

2. Ені ұзындығынан 4 см артық, ал ауданы 60 см2 тік төртбұрыштың периметрін табыңыз.

3.Екі тақ санның көбейтіндісі 15ке тең болса, осы сандардың ре, осы сандардың ретін табыңдар.

3 топ

1. Егер екінші сан біріншісінен 3 ке артық және олардың көбейтіндісі 40- қа тең болса, онда осы сандардың кіші оң санын анықтаңдар.



2. Тік бұрышты үшбұрыштың катеттерінің біреуі гипотенузадан 3 см кіші, ал екіншісі гипотенуздан 6 см кіші. Гипотенузаны табыңыз

3. Екі тізбектес санның көбейтіндісі олардың қосындысынан 109 – ға артық. Осы сандарды табыңыз.

Дескриптор:


  • есептің мәтінде берілген шамаларды арасындағы тәуелділікті анықтайды;

  • бастапқы шаманы әріппен белгілейді;

  • квадрат теңдеу арқылы құрастырады;

  • түбірін табады;

  • табылған түбірлерді қайсысы қанағаттандыратын тексереді.

«Жұлдызшалар»__Жұптық_жұмыс'>ҚБ «Жұлдызшалар»

Жұптық жұмыс

Quizlet сайтынан тест жұмысын орындау. Терминдердің ағылшынша және қазақша баламасына байланысты орындалады.

ҚБ «Басбармақ» әдісі
Жеке жұмыс

Дескриптор:


Қ.Б. Оқушылар өз жұмыстарын саралау, басқалармен салыстыру мақсатында «Пайыз » әдісін пайдалана отырып өздеріне бағалайды.


https://bilimland.kz/upload/platform_lessons/L_11470/13.pdf?v1530605550477

Сабақтың соңы


Рефлексия «Мұғалімге смс хат»
Үйге тапсырма :№ 12.1,12.3



Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау




.1-тапсырмада саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілімен кейбір оқушыларға жан-жақты әрі нақты көмек беріп, ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтар қояды. Бұл әдіс арқылы сөзбен қолдау көрсете отырып, ынталандырады.

2-тапсырмада саралаудың



«Бағалау» тәсілі үнемі

бағаланады, қажеттіліктеріне қарай түзетіліп отырады және

оқушыны оқытуға қарай жылжытады.

3-тапсырмада саралаудың «Қарқын» тәсілі бойынша кейбір оқушылар басқаларға қарағанда жылдам жұмыс істейді,сондықтан оларға жеке тапсырмалар беріледі.



«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалау. Бұл әдіс өзгені бағалау арқылы өзінде жоқты табу немесе өзгенің жетістігі арқылы өз кемшілігін тауып оны түзетуге бағыттау мақсатында білімдерін жетілдіреді.

«Жұлдызшалар» арқылы бағалау. Бұл әдіс оқушының материалды меңгергенін немесе толық түсінбегенін анықтап, ойын еркін білдіруіне негізделген.

«Бас бармақ» әдісін пайдалана отырып оқушылар өз-өздеріне баға береді.



Денсаулық және

қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау. Сабақта белсенді оқыту әдіс-тәсілдері қолданылатындықтан, оқушылар сыныпта еркін қозғалады.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет