ШҚО, Аягөз ауданы, «Мыңбұлақ жалпы білім беретін орта мектеп»КММ
Физика-информатика пәнінің мұғалімі
Атығаева Гүлжанат Нұржұманқызының
іс-тәжірибесінен
/8-сынып/
/8-сынып/
Сабақтың тақырыбы: Молекулалық физика негіздері
«Бақытты сәт» интеллектуалдық ойыны
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: І,ІІ,ІІІ тарау бойынша оқушылардың
алған білімдерін тексеру.
Дамытушылық: Оқушыларды осы тарау материалдары бойынша
білімдерін пысықтай отырып, логикалық ойлау,
іздену қабілеттерін арттыру, танымдық белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: Физика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, еңбекке, білімге деген саналы көзқарасқа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жарыс сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, видео-проектор, электрондық оқулық, бейне слайдтар, ойын жабдықтары: бөшке, фишкалар
Сабақтың өтілу жоспары:
-
І гейм “Бой сергіту” / 10 мин/
-
ІІ гейм“Бөшкеден шыққан бас қатырғылар” /10 мин/
-
ІІІ гейм “Жұмбақтас” /5 мин/
-
ІV гейм “Сен- маған, мен –саған” /5мин/
-
V гейм “Көсемдікке ұмтылу” / 5мин/
-
Оқушыларды бағалау , топты марапаттау рәсімі
-
Үйге тапсырма.
І топ-«Диффузия»
ІІ топ -«Конвекция» Топ капитандары сайланады.
І гейм “Бой сергіту” сұрақтары:
Ітоп «Диффузия» тобы:
-
Жылуөткізгіштік дегеніміз не?
/ Ішкі энергияның дененің көбірек қыздырылған бөлігінен азырақ қыздырылған бөлігіне тікелей немесе аралық денелер арқылы берілу құбылысы жылуөткізгіштік деп аталады./
-
Конденсация құбылысы дегеніміз не? /будың сұйыққа айналуы/
-
Судың қайнау температурасы? /1000С/
-
Заттың қатты күйден сұйық күйге көшу процесі?
/ балқу , зат қай температурада балқыса, сол температурада қатаяды./
-
Жылу мөлшері дегеніміз не?
/ Жылу берілу кезінде дененің алатын немесе жоғалтатын энергиясы жылу мөлшері болып табылады Q. –деп белгіленеді. Жылу мөлшері заттың тегіне, массасына, температурасының өзгеруіне тәуелді. /Q=cm (t2-t1)/
6. Сәуле шығару дегеніміз не?
/ Сәуле шығару деп электромагниттік толқындар көмегімен бір денеден екінші денеге энергияның берілуі/
7. Қаныққан бу дегеніміз не?
/Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу/
8. Термодинамиканың ІІ заңы? / Жылу құбылыстарының қайтымсыздығы, макроскопиялық жүйелердегі энергетикалық айналулардың бір бағыттылығы туралы заң.Бұл заң ішкі энергияның механикалық энергияға айналуына шек қояды, яғни бір дененің салқындау есебінен ғана жұмыс істейтін машина жасау мүмкін емес. Екінші реттті «мәңгі» қозғалтқыш жасау мүмкін емес!/
9. Көлем тұрақты, V=const ал T – температура мен P-қысым өзгеретін термодинамикалық процесс. / изохоралық процесс/
10. Іштен жану қозғалтқышының пайдалы әрекет коэффициенті -25% Ол нені білдіреді?
/Отын толық жанғанда бөлінетін энергияның 25% пайдалы жұмысты атқаруға кетеді.Неғұрлым ПӘК көп болса, соғұрлым іштен жану қозғалтқышы тиімдірек болады./
ІІ топ «Конвекция» тобына:
-
Диффузия дегеніміз не?
/Бір зат молекулаларының басқа бір зат молекулаларының аралығына ену құбылысы/
-
Температурасы өлшенетін денемен жылулық байланыста болатын құрал? / термометр/
-
Табиғаттағы ең төменгі шекті температура? / - 273,15 0 С/
-
Дененің ішкі энергиясы дегеніміз не?
/Дене молекулаларының жылулық қозғалысының кинетикалық энергиясы мен өзара әрекеттесуінің потенциалдық энергиясының қосындысын дененің ішкі энергиясы деп айтады./
-
Ауаның ылғалдылығын өлшейтін прибор? /психрометр/
-
Жылу машиналары дегеніміз не? /Жүйенің ішкі энергиясының бір бөлігін механикалық энергияға айналдыратын және соның есебінен жұмыс істейтін құрылғыларды айтады./
-
Конвекция дегеніміз не? / Сұйықтың немесе газдың ағысы арқылы энергияның тасмалдануы барысында жылу алмасу процесі./
-
Затты бір агрегаттық күйден 2-ші агрегаттық күйге қалай көшіреміз?/Оған энергия береміз, не болмаса одан энергияны аламыз./
-
Термодинамиканың І заңы қалай тұжырымдалады және ашылу тарихы?
/ Жүйеге берілген жылу оның ішкі энергиясының өзгерісіне және жүйенің сыртқы денелермен істейтін жұмысына жұмсалады./ Q=U+A/
10. Қысымы тұрақты, ал температура мен көлем өзгеретін термодинамикалық процесс? / изобаралық процесс/
-
ІІ гейм “Бөшкеден шыққан бас қатырғылар” /10 мин/
І топ «Диффузия»тобының есебі
-
Бастапқы температурасы 20 0 С , массасы 10 кг суды ашық ыдыста қайнағанға дейін қыздырып, буға айналдыру үшін қанша жылу мөлшері жұмсалады? ( с= 4200 Дж /кг* 0С , r =2.3* 106 Дж/ кг)
2. есеп
ІІ топ «Конвекция» тобының есебі
-
Массасы 1,5 кг алюминий бакқа массасы 10 кг су құйылған. Бактағы суды 20 0С-тан 100 0С-қа дейін қыздыру үшін қанша жылу мөлшері қажет? (сAl= 920 Дж/кг* 0С , с= 4200 Дж /кг* 0С)
2. есеп
-
ІІІ гейм “Жұмбақтас” /5 мин/
І топ «Диффузия»
-
Диірменнен шыққан ұн жылы, ал пештен шыққан нан ыстық болады. Осы жағдайда ұнның, нанның ішкі энергиясының өсу себебі неде?
-
Стақанның бірінде 200 г салқын су, ал екіншісінде массасы сондай ыстық су бар.
Қай стақандағы судың ішкі энергиясы артық?
ІІ топ «Конвекция» тобы
-
Неге жаздыгүні салқын түнде шық түседі?
-
Өзеннен шомылып шыққанда неге қалшылдап тонамыз?
-
Шәйнектегі су қайнағанда неліктен оның қақпағы қозғалады?
Осы жағдайда энергияның қандай түрленуі жүреді?
-
ІV гейм “Сен- маған, мен –саған” /үй тапсырмасы /5мин/
Екі команданың жасырған суреттері бойынша физикалық құбылысты түсіндіруі. /Бейне сюжет/
-
V гейм “Көсемдікке ұмтылу” / 5мин/
Мұғалім жасырған құрылғы бойынша бір оқушы шығып түсіндіреді.
-
Оқушыларды бағалау , топты марапаттау рәсімі
-
Үйге тапсырма. Қайталау
Бағалау парағы
І топ-«Диффузия»
топ
|
І гейм
|
ІІ гейм
|
ІІІ гейм
|
ІV гейм
|
V гейм
|
Қорытынды
|
Бағалау критерийі
|
«5»-9-10
«4»-8-7
«3»-5-6
|
«5»-2
«4»-1
|
«5»-3
«4»-2
«3»-1
|
«5»
«4»
«3»
|
|
|
|
1
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
|
|
5
|
|
|
|
|
|
|
6
|
|
|
|
|
|
|
7
|
|
|
|
|
|
|
8
|
|
|
|
|
|
|
9
|
|
|
|
|
|
|
10
|
|
|
|
|
|
Дұрыс жауап саны
|
|
|
|
|
|
|
Баға
|
|
|
|
|
|
|
Бағалау парағы
І топ-«Конвекция»
топ
|
І гейм
|
ІІ гейм
|
ІІІ гейм
|
ІV гейм
|
V гейм
|
Қорытынды
|
Бағалау критерийі
|
«5»-9-10
«4»-8-7
«3»-5-6
|
«5»-2
«4»-1
|
«5»-3
«4»-2
«3»-1
|
«5»
«4»
«3»
|
|
|
|
1
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
|
|
5
|
|
|
|
|
|
|
6
|
|
|
|
|
|
|
7
|
|
|
|
|
|
|
8
|
|
|
|
|
|
|
9
|
|
|
|
|
|
|
10
|
|
|
|
|
|
Дұрыс жауап саны
|
|
|
|
|
|
|
Баға
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |