Жоспар: 1тур Бәйге



Дата27.09.2023
өлшемі43 Kb.
#478821
Зерек оқушы-2017ж. 5-сынып


Ойынның мақсаты: ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары интеллектуалдық ойыны оқушылардың дарынын ашу, белсенділіктерін арттыру, білімдерін көтеру.
БАРЫСЫ

ЖОСПАР: 1тур - Бәйге





2тур – Жұмбақ сандық
3тур – Жеті жұрттың тілін біл...
4тур – Ақтық мәре
5тур – Көшбасшы


ҚАТЫСУШЫЛАР:





Армысыңдар, құрметті қонақтар
Ағайын мен халайық
Көпшіл болған ер дана
Достары көп ер бала
Өнерліден үлгі алып,
Салдырар сәнді мол қамал
Өнерлімен дос болсаң,
Қиялыңды қорғайды

- демекші, бүгінгі ХХІ ғасыр көшбасшысы атты интеллектуалдық ойынымызды бастаймыз!

ӘДІЛҚАЗЫЛАРДЫ САЙЛАУ, ТАНЫСТЫРУ


І бөлім – Бәйге
Бөлімімізді бастайық. Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда – демекші, қане, көреліік, алғашқы бөлімімізде ойыншыларымыз өздерін қалай ұстар екен...
Ойын шарты:
Берілген сұрақтарды мұқият тыңдап алып, қолдарыңызды көтересіздер. Бірінші болып көтергеніңіз жауап бересіздер. Жауабыңыз дұрыс болмаса, келесі ойыншы жауабын айтуына болады. Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады,
1 – Жылқының пірі /Қамбар ата/
2 – Жылдан құр қалған жануар /Түйе/
3 – Жер бетінің қағаз бетіне кішірейтіліп түсірілген бейнесі/Карта/
4 – Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазмды тұлға/Президент/
5 – Ұя салмайтын құс /Көкек/
6 – Білім министрі /А.Аймағамбетов/
7 – «Қысқы жолда» өлеңінің авторы /Ахмет Байтұрсынов/
8 – «Бала Шоқан әңгімесіндегі мүсіндер жасайтын бала» /Мысық/
9 – Ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстар/дауысты дыбыстар/
10 – Ең үлкен уақыт өлшемі /Ғасыр/
Әдлқазыларға сөз береміз, ұпайы аз ойыншы ойыннан шығады.

Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі – демекші сайысымыздың ІІ бөлімі – Жұмбақ сандық деп аталады. Ойыннын шарты мынадай: өздеріңіз таңдап алған сұраққа жауап бересіздер. Сандықшаға назар аударыңыздар. Жеңіл сұрақ таңдағыңыз келсе, 20 балдық сұраққа жауап беру арқылы ала аласыз, 30 балл орташа деңгейдегі сұрақтар. Ал, ең күрделі сұраққа дұрыс жауап беру арқылы 40 балдан жинақтауға болады. Ұпайы аз ойыншы бастасын.




40 40 40 30 30 30 20 20 20


Қазақ тілі арнайы сұрақ – 40 сол жақ: 3 жұрт - өз, нағашы, қайын жұртың


3 арсыз - ұйқы, күлкі, тамақ арсыз
3 қуат - ақыл, жүрек, тіл

Математика – 40 оң жақ: Тік бұрыштың ауданын қалай табамыз?


Ұзындығы мен енін табамыз.

Қазақстан тарихы – 40 ортасы: Қобыланды батыр қай ханның билік құрған


тұсында өмір сүрген? Әбілхайыр ханның

Қазақ тілі - 30 оң жақ: Буын түрлері


Ашық, тұйық, бітеу буын
Қазақ әдебиеті – 30 ортасы: Менің атым Қожа повесінің авторы кім?
Бердібек Соқпақбаев

География – 30 сол жақ: Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал


Компас

20 – оң жақ: ОЛЖА

Биология – 20 ортасы: Дәм сезу мүшесі Тіл

Қазақ әдебиеті 20 сол жақ: Абай Құнанбаевтың әжесі Зере

Әділқазыларға сөз береміз, ұпай саны төмен ойыншымен қоштасамыз.

ІІІ тур: Жеті жұрттың тілін біл (5 ұпайдан)


Ендігі соңғысы жеңімпаздар кезеңіміздің атауын, Жеті жұрттың тілін біл атадық. Мұнда сіздер қазақша, орысша, ағылшынша тілде дұрыс сөйлеумен қатар, қатесіз жазуларыңыз тексеріледі, жазғандарыңызды тексеретін арнайы маман бар. Ендеше бастайық
1. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі.
(Көктем - весна - spring)

2. Мұрты бар, иегінде сақал жок,


Тон бар, киетін шапаны жок,
Пайдасы үй ішінекн табылған соң,
Далаға кіріп шығар сапар жоқ.
(Мысық - кот - cat)

3. Футболшының алаңдағы ойын заты


(Доп - мяч - ball)

4. Жеті қазынаның бірі, адамды қорып жүретін досы


(Ит - собака - dog)

5. Әр адамның шағын отаны


( Жанұя - семья - family)

6. Қалқиып ұзын құлағы


Елеңдеп қорқып тұрады
(Қоян - заяц - carrot)

7. Ер қанаты(Ат)


(Ат - конь - horse)

8. Ердің(екі) сөйлегені өлгені


(екі - два - two)
Ұпай санын білсек. Ұпайы 2 аз оқушы ойыннан шығады.
Ендігі тур - Ақтық мәре. Екі оқушы бір - біріне мақалдың жалғасын жасырады, ал екінші оқушы жалғасын табады, яғни 5 - 5 мақалдан болуы нағыз көшбасы анықтайтын кезең.
Тапсырма беріледі(Логикалық)
ҚОРЫТЫНДЫ.
«Зерек оқушы» зияткерлік сайысы бойынша
анықтама-мәлімет

Достық мектебінің 5-6-сыныптарында зияткерлік сайыс өтті. Сайысқа 15 оқушы қатынасты.


Интеллектуалдық ойыны оқушылардың ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары дарынын ашу, белсенділіктерін арттыру, білімдерін көтеру бағытында оздырылды.
Сыныптардан Сүндетқали И., Бекешев А., Жазықбаева С., Ұпағали Ү.,
Аристанов Р. , Абдувахат А., Ашигалиев И., Есенболат К., Абдрахманова А.Сарсенгалиев А.белсенді қатысты.
1-орынды Сүндетқали И., 2-орынды Жазықбаева С., Есенболат К., 3-орынды Бекешев А.,Абдрахманова А.жеңіп алды.
Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Қорытынды және ұсыныстар:
Ана тілімізді, әдебиетін қастерлейтін, ұлттық құндылықтарымызды сақтайтын ұрпақ тәрбиелеп, жас буын сол үрдісті жалғастырса екен дейміз.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Е.Базаров

Тасқала аудандық білім бөлімі


Достық МББК
Қазақ тілі мен әдебиеті мен өзін-өзі тану пән апталығы
Зерек оқушы
(зияткерлік ойын, 5-6-сыныптар)


Мұғалімі : Базаров Е.Г.


2021 жыл




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет