ҚБ: «Басбармақ » - оқушылар тақырыпты түсінулеріне қарай, топтар бір-бірін «басбармақ» көрсету әдісі арқылы бағалайды.
Компьютерде практикалық тапсырма орындау
1-топ. у=2х + 2 және у=х2 функциялары берілген. Осы функцияны салып, қиылысу нүктесін анықтандар.Тапсырманы орындау алгоритмі:
* Кестені жасауда х мәнін мысалы, [-4; 4] дейін 1 қадаммен алайық.
* Берілген х мәнін у=2х + 2 функциясына салып, у мәнін есептеу үшін функцияға сәйкес =2*А1+2 формуласын В3 ұяшығына енгізіп, В13 ұяшығына дейін көшіріп қоямыз.
* Берілген х мәнін у=х2 функциясына салып, у мәнін есептеу үшін функцияға сәйкес =2*А1+6 формуласын С3 ұяшығына енгізіп, С13 ұяшығына дейін көшіріп қоямыз.
* у=2х + 2 функциясының графигін салу үшін А1:А13 және В1:В13 ұяшықтарды көшіріп Кірістіру(Вставка) – Нүктелік(Точечная)-Тегіс нүктелі иір сызық(Точечная с гладкими кривыми и маркерами) командаларын орындап, көк түсті сызықтық түзуді аламыз.
* у=х2 функциясының графигін осы диаграммаға кірістіру үшін С3:С13 арасындағы ұяшықтарды көшіріп, диаграмманы ерекшелеп алып, Кірістіру(Вставить) командасын басамыз. Диаграммада қызыл түсті сызықтық түзу пайда болады. Функцияның графиктерінің қиылысу нүктесін шыққан суреттен қарап анықтауға болады.
Дескриптор:
- орындау алгоритмі арқылы функция графигін тұрғызады.
- Графиктердің қиылысу нүктесін анықтайды
2-топ.Физикалық есептерді шешуде электрондық кестені қолдану
Тапсырма: Ток күші (I) мен кедергі (R) арасындағы өзара байланыс графигін құрыңдар. Кедергі 1 Оммен 10 Ом аралығында 1 Ом қадаммен өзгереді. Тапсырманы орындау алгоритмі:
* Тапсырманы орындау үшін физикадағы тізбек бөлігі үшін Ом заңының формуласын жазамыз. I=U/R. Формулада байқалып тұрғандай ток күші мен кедергі арасында байланыс бар.
* С1 ұяшығына кернеудің тұрақты мәнін жазайық. Мысалы, U=40B. С1 ұяшығы абсалюттік ұяшығы ретінде пайдаланамыз.
* B2:В12 аралығына кедергі мәндерін қоямыз.
* С2 ұяшығына =$C$1/B2 формуласын жазып, С12 –ге дейін көшірмелейміз.
Дескриптор:
- функция графигін тұрғызуда, диаграмманың графиктік түрін қолданады.
- абсалюттік сілтемені біледі
- Графиктердің қиылысу нүктесін анықтайды
3топ. Геометриялық есептерді шешуде электрондық кестені қолдану
4топ. Экономикалық есептерді шешуде электрондық кестені қолдану
Достарыңызбен бөлісу: |