Сабақ кезеңі/Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.
|
Ұйымдастыру кезеңі:
(Ұ) “Жақсы тілек” әдісі арқылы оқушылар бір-біріне досының есімінің бас әрпінен басталатын жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.Мысалы,Әсел сабақта фигураларды әдемі сыз.
Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық
оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
Топқа бөлу: 1-топ Абцисса 2-топ Ордината
Оқушылар үй тапсырмасын интерактивті тақтада көрсетілген дайын жауаппен бірін-бірі тексереді.
|
Абцисса және ордината сөздері жазылған қағаз қиындылары
|
Сабаққа кіріспе
|
«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын топтарда талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.Топтардың бірлескен оқу ортасын құруға ұмтылысы ескеріледі.
Өзгенің пікірін толықтырады.
|
1. Тік бұрышты координаталар жүйесі деген не?
2. Координаталық жазықтық деп нені айтамыз?
3. Нүктенің координаталары қалай аталады ?
4.Координаталық ширек деген не?
5.Перпендикуляр түзулер деген не ?
6.Параллель түзулер деген не?
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
слайд
|
Сабақтың ортасы
31 мин.
Топтық жұмыс
Практикалық жұмыс
|
Фигураның симметрия осьтерін анықтауға тапсырма береді.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара топтық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
Тақырыпқа байланысты мұғалім қағаздан симметриялы үшбұрыштарды қиып көрсетеді
|
|