Қысқа мерзімді жоспар
|
ҰМЖ тарауы: 2-бөлім Тірі табиғат. 2.1 Өсімдіктер
|
|
Пәні:
|
Жаратылыстану
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 4
|
Қатысқандар -30
|
Қатыспағандар -
|
Сабақтың тақырыбы
|
Өсімдік топтары
|
Осы сабақта қол жет-кізілетін оқу мақсаты
|
2.2.1.1 өсімдіктердің әр түрлі жағдайларда өсу мүмкіндіктерін зерттеу;
2.2.1.4 мекен ету ортасына байланысты өсімдіктер топтарын салыстыру;
|
Сабақ мақсаты
|
Барлығы: өсімдіктердің әр түрлі жағдайларда тіршілік ететінін біледі;
Көбісі: мекен ету ортасына байналысты өсімдіктердің тіршілігін салыстыра сипаттайды;
Кейбірі: өсімдіктердің табиғи жағдайларға бейімділігі туралы айта алады.
|
Ойлау деңгейі
|
Білу және түсіну. Қолдану
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
• Өсімдіктердің тіршілік ету ортасын анықтайды
• Өсімдіктердің табиғи жағдайларға бейімділігі туралы айтады
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
өсімдік топтарын салыстырып, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын атайды;
өсімдіктің негізгі бөліктерінің қызметін атайды.
Пәнге тән лексика және терминология
Суда, жайылымда, далада, шөлде өсетін өсімдіктер, жарықсүйгіш,
көлеңкеге төзімді.
Диалогке/жазуға арналған сөз тіркестері
Талқылауға арналған сұрақтар:
Өсімдікке жылу мен жарықтың қаншалықты маңызы бар?
Ашық жерде өсетін қарағай орманда өсетін қарағайдан өзгеше болуының себебі неде?
|
Құндылықтарға баулу
|
Топтық жұмыс барысында ынтамақтастыққа, бірін-бірі тыңдауға, құрметтеуге дағдыланады. Ұжымдық жұмыс барысында табиғатты қорғау, сақтаудың маңызды екенін түсінеді
|
Пәнаралық байланыс
|
Дүниетану, қазақ тілі
|
Алдыңғы білім
|
Жабайы және мәдени өсімдіктерді ажыратады. Өсімдіктердің
тіршілігіне қажет жағдайларды (ауа, су, жарық, жылу, қорек) біледі.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 минут
|
Психологиялық ахуал
«Түрлі алақан»
Қызыл алақан – төс қағысу
Жасыл алақан – арқа түйістіру
Сары алақан - амандасу
Топқа бөлу.
Су өсімдігі, дала өсімдігі, шөл өсімдігі, тау өсімдігі суреттері арқылы 4 топқа бөлінеді.
«Карта және Қабырға бұрышы» әдісі арқылы.
|
Түрлі түсті алақандар
Тұңғиық, қамыс, ақтал, жұпаргүл, сексеуіл, жыңғыл, шырша, қарағай суреттері
|
Сабақтың ортасы
27 минут
|
Мұғалім:
Оқушылар біз жаңа қандай топтарға бөліндік? (оқушылар топ аттарын айтады)
Бұл өсімдіктер неге былай топқа бөлінген деп ойлайсыңдар? (оқушылардың ықтимал жауаптары)
Өсімдіктер қандай жерлерде кездеседі балалар? (оқушылардың ықтимал жауаптары)
Демек, бүгінгі біздің тақырыбымыз «Өсімдік топтары» деп аталады. Өсімдіктер шөлде де, суық тундрада да, тау бөктерінде де, далада да өсе алады. Олар сол жердің табиғи жағдайына бейімделген.
Ал бүгінгі сабағымыздың мақсаты:
2.2.1.1 өсімдіктердің әр түрлі жағдайларда өсу мүмкіндіктерін зерттеу;
2.2.1.4 мекен ету ортасына байланысты өсімдіктер топтарын салыстыру сабақ кезінде бірлесіп жұмыстар жасау арқылы осы мақсаттарға жетеміз.
Топтық жұмыс
Әр топ өз тобының атауын постер арқылы қорғау.
Су өсімдігі, дала өсімдігі, шөл өсімдігі, тау өсімдігі әр топ өз өлкесінің өсімдіктерін атап, оларға сипаттама беріп, өз дәлелдемелерін қорғайды. (Әр топ мүмкін болатын жағдайларды айтады)
|