САБАҚ:
|
|
Күні:04.09
|
Мұғалімнің аты-жөні:Джолтаева
|
Сынып: 6
|
Қатысқан оқушылар саны:
Қатыспаған оқушылар саны:
|
Бөлім:
|
Отан отбасынан басталады
|
Сабақтың тақырыбы
|
«Отбасы күнін» тойладық
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
6.5.1.1. Мәтіндерден деректі және дерексіз зат, көптік мәнді есімдерді ажырата білу, жазбаша ауызша жұмыстарда қолдану
|
Бағалау критерийлері
|
Деректі және дерексіз зат, көптік мәнді есімдерді ажыратады
Жазбаша, ауызшажұмыстарда дұрыс қолданады
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады: Деректі және дерексіз зат, көптік мәнді есімдерді біледі
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Деректі және дерексіз зат, көптік мәнді есімдерді ажыратып, қолдана алады.
Кейбір оқушылар орындай алады: Деректі және дерексіз зат, көптік мәнді есімдерді ажыратып, жазбаша, ауызша жұмыстарда дұрыс қолданады
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Деректі және дерексіз зат, көптік мәнді есімдер
Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Бір-бірімізге, ағайын, туыс, береке, отбасылық, шағын.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау; қарым-қатынас жасау қабілеті;
|
Пәнаралық байланыс
|
Өзін-өзін тану
|
Алдыңғы оқу
|
Мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажыратады, жалғау түрлерін дұрыс жалғай алады.
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Дереккөздер
|
Сабақтың басы
5 минут
Сабақтың ортасы
10 минут
15 минут
Сабақтың соңы
5 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі:
«Жүректен-жүрекке» әдісімен оқушылар бір-біріне тілек айтады.
Отбасы мүшелерінің атауымен 2 топқа бірігеді:
«Әке», «Ана»
Ширату жаттығуы:
«Миға шабуыл» әдісімен жаңа сабақтың тақырыбын ашу
Отбасында неше адам бар?
Қандай отбасылық мейрамдарды атап өтесіңдер?
Отбасыңда туыстармен атап өтілген бір шағын мейрам туралы әңгімеле.
Тілдік бағдар
Деректі және дерексіз зат есімдер
Көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын заттардың атын білдіретін сөздерді деректі зат есім деп атаймыз. Мысалы:кітап, мектеп, дос, су, нан, дәптер, қалам және т.б
Көзбен көріп, қолмен ұстауға келмейтін заттардың атын білдіретін сөздерді дерексіз зат есім деп атаймыз. Мысалы: ақыл, ой, бақыт, арман, білім және т.б
1- тапсырма. Топтық жұмыс. Өлеңді мәнерлеп оқып, Т-кестесі әдісімен мәтіннен деректі және дерексіз зат есімді тауып жазыңдар.
Халқымыздың сенімі – Туған елім – бай далам,
Жақсылардың серегі Даламда еңбек қайнаған.
Күрестерде шыныққан Ұланымын Отанның,
Ағалар мен көп іні Қиындықтан таймаған.
Әнмен алға аттанған, Мен – елімнің күлкі,әні,
Ар – намысты сатпаған. Болашағы, нұр таңы.
«Жеткіншегім менің!» - деп, Ерліктерге бастаған
Ағаларым мақтаған. Бабалардың ұрпағы –
Ұланымның Елімнің!
(Фариза Оңғарсынова)
Дескриптор:
Мәтінді мәнерлеп оқиды.
Мәтіннен деректі және дерексіз зат есімдерді таба алады.
Деректі және дерексіз зат есімдердіажыратады.
ҚБ:смайлик арқылы бағалаймын
2–тапсырма. Жеке жұмыс. «Сканерлеу» әдісімен мәтінді оқып, деректі және дерексіз зат есімдерді табыңдар. Осы деректерді қатыстырып «Досыма хат» әдісімен хат жазыңдар.
Біз жылда «Отбасы күнін» шағын мейрам ретінде атап өтеміз. «Отбасы күні» қыркүйек айының екінші жексенбісінде болады. Бұл күні отбасы мүшелері, ағайын-туыс үйге жиналады. Біз бір-бірімізге сыйлықтар береміз. Осылайша, бір-бірімізге қуаныш сыйлаймыз. Әкем анам мен әжеме гүл шоқтарын береді.
Анам мерекелік дастарқан жаяды. Мен фотосуретке түсіремін. Отбасылық мереке қызықты өтеді. Атам «Отан отбасынан басталады. Отбасын жақсы көретін адам Отанын да жақсы көреді», - дейді. Әкем – отбасының тірегі, анам – отбасының берекесі. Ағайын-туыстарымыз – біздің жақын адамдарымыз.
Дискрептор:
Мәтіннен деректі және дерексіз зат есімдерді таба алады ;
Оларды қатыстырып сөйлем құрайды;
Ойын еркін жеткізеді
ҚБ:
3–тапсырма. Жұптық жұмыс. Рөлдік ойын: отбасы мүшелері ретінде бір-бірлеріңді «Отбасы күнімен» құттықтаңдар.
Дискрептор:
Диалогке қатыса алады;
Деректі және дерексіз зат есімдерді қолданады;
Ойын еркін жеткізеді..
Кері байланыс: «Мұғалімге хат» кестесі
Оқушылар тақтада ілінген пошта жәшігіне сабақ бойынша ойы мен ұсынысын жазып салады
|
Смайлик
тер
|
Достарыңызбен бөлісу: |