Ой шақыру
Суретке қара, сұрақтарға жауап бер.
Суреттен не көріп тұрсыңдар?
Бұл отбасы туралы не айта аласыңдар?
Әкесі, шешесі, балалары не істеп жатыр?
Қандай отбасында жасалатын дәстүрлерді білесіңдер?
Өз отбасыларыңда бірге не жасайсыңдар, қайда барасыңдар?
Қандай қалыптасқан дәстүрлер бар?
«Ф» Үздік жауаптарды атап кету
Кері байланыс
Топтық жұмыс
Топтық талқылау
Оқушылар үйге берілген «Біздің отбасындағы дәстүрлер» тақырыбы бойынша дайындаған хабарламаларын топта талқылайды. Талқылау барысында өздеріне қажетті ақпаратты сұрыптап алады.
Ортақ ақпараттарды жинақтайды.
Постер дайындау кезеңі
«Біздің отбасындағы дәстүрлер» тақырыбында постер дайындайды.
-«Біздің отбасындағы дәстүрлер» тақырыбы бойынша дайындаған хабарламаларын топта талқылаңыз.
-Үйден дайындап келген ақпараттарыңызды жинақтаңыз
-Постерге жинақтаған ақпаратты сурет, жазба, сызба ретінде орналастырыңыз.
Мұғалім аралап жүріп, топтардың жұмысына бағыт беруіне болады. Критерийге сай болуына назар аудартады.
Тапсырма дескрипторлары
Қажетті ақпараттар жинақтай алады
Тақырыпты аша алады.
Креативті
Хабарлы сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріп айта алады.
Постерді қорғау (әр топқа 3 мин)
Топтар өнімдерін қорғайды.
Бағалау кезеңі
Бірінші топ екінші топтың, екінші топ үшінші топтың, үшінші топ бірінші топтың жұмыстарын критерийге сай бағалап, стикерге жазып, таныстырып, постерге жапсырады.
Бір-бірінің берген бағасымен танысады.
Айтылымнан кейінгі тапсырма.
Оқушылар тізбекпен тұрып, сабақтың тақырыбына байланыстырып, бір-бірінің ойын үзбей сөйлемді жалғастырады.
«Ф» Бір-біріне ұсыныс-тілектерін айту
Қорыту
Сабақта өзіне түсініксіз болған сұрақты стикерге жазады. Бәрі түсінікті болса, сыныптастарына арнап қызықты сұрақ құруға болады. Сұрақтар себетіне салады. Қалаулары бойынша сұрақтарды таңдап жауап береді.
Мұғалімнің кері байланысы
|