Сабақтың тақырыбы: Патологиялық анатомия, мазмұны, міндеті. Дистрофия. Жіктелуі. Паренхиматоздық дистрофиялар



бет5/7
Дата16.06.2016
өлшемі0.56 Mb.
#139751
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 14 мин (31%)

Тынысалу ағзаларының аурулары клиникалық және патоморфологиялық бейнесінің алуантүрлілігімен ерекше. Бұл жағдай тынысалу ағзаларында ауру дамыта алатын этиологиялық факторлардың көптігімен, науқастардың жас шамасымен және өкпе құрылысының өзіндік ерекшеліктерімен бйланысты. Тынысалу ағзаларының ауруларын көбіне биологиялық факторлар қоздырады; әсіресе бронхылар мен өкпеде қабыну (бронхит, трахеит, бронхиолит, пневмония) процестерін өрбітетін вирустар мен бактериялардың маңызы зор. Бронхылар мен өкпеде қабыну мен аллергиялық (бронхылық астма) және ісік (карсинома) процестерін химиялық және физикалық агенттер де дамытады. Бұл агенттер тыныс жолдары мен өкпеге ластанған ауа арқылы өтеді. Бронхылар мен өкпе сырқаттарының дамуына тұқымқуалайтын факторлар мен жас шамасына байланысты ерекшеліктердің де үлкен әсері бар.

Тынысалу ағзалары сырқаттарының даму барысы патогенді және ауруға қолайлы жағдай туғызатын факторлармен ғана сабақтас емес, тынысалу жүйесіндегі қорғаныстық бөгендердің жағдайына да байланысты. Олардың ішінде аэродинамикалық сүзгі (фильтр) мен жалпы және жергілікті қорғаныстың гуморальдық пен клеткалық механизмдері ерекше орын алады. Аэродинамикалық сүзгінің жұмысы бронхылардың тарамдарындағы кірпікшелі эпителий арқылы жүзеге асып, мукоцеллюлалық тасымалдау процесіне негізделеді.

Жедел бронхит

Жедел бронхит – бронхылардың жедел ағымды қабынуы; ол дербес сырқат та бола алады немесе бірқатар басқа аурулардың (мысалы, пневмониялық, созылмалы гломерулонефриттен туындаған бүйрек қызметі жеткіліксіздігінің) салдары ретінде де дамиды.



Этиологиясы мен патогенезі. Этиологиялық факторлардың ішінде респирациялық сырқаттарды өрістететін вирустар мен бактериялардың мәні зор. Физикалық (құрғақ және суық ауа) және химиялық (хлор, азотты тотықтар, күкіртті газ, т.б.) факторлардың, әртүрлі шаңдардың тынысалу жүйесіне кеселді әсері мол.

Крупты пневмония

Крупты пневмония –жедел ағымды инфекция—аллергиялық ауру; ол өкпенің бір немесе бірнеше бөлімін толық қамтиды (бөліктік, лабустық пневмония), альвеолаларға фибринді эксудат жиналып (фибринді немесе крупті, пневмония), плевраға да фибин шөгеді (плеврапневмония). Жақшада келтірілген атаулардың әрқайсысы осы аурудың әр ерекшелігіне сәйкес синонимдері. Крупты пневмония – дербес ауру; көбіне ересектер, кейде балаларда аурады.



Этиологиясы мен патогенезі. Оны пневмококтардың І,ІІ,ІІІ және IV типтері қоздырады. Оны кейде Фридлендер диплобацилласы дамытады.

Марфогенезі мен патологиялық анатомиясы. Жүз жылдан астам мерзімде қалыптасқан ұғым бойынша крупты пневмония өзінің даму барсында 4 кезеңнен өтеді: 1) қан толу кезеңі; 2) қызыл бауырлану (опеченения); 3) боз бауырлану және 4) аяқталу кезеңдері. Бұл кезең 9-11 тәулікті қамтиды.

Крупты пневмонияның асқыну зардаптары өкпеде және басқа да ағзаларда дамуы мүмкін.

Бронхпневмония деп- бронхитте немесе бронхиолиттен басталып, өкпеге жайылған қабыну процесі аталады (бронхальвеолит). Бронхпневмонияның морфологиялық негізі- ошақты қабыну. Бұл пневмонияның бірінші ретті (мысалы, вирустық респирациялық инфекцияларғ тән) және екіні ретті, салдарлық (басқа аурудың зардабы ретінде дамитын) түрлері бар (ХХ тәсімді қара).

Этиологиясы. Бұл аурудың этиологиясы алуан түрлі. Оны пневмакокк, стафилакокк, стрептакокктар, энтеробактериялар, вирустар, микоплазма мен саңырауқұлақтар сияқты микробтық агенттер дамытады. Пневмонияның клиникалық және морфологиялық ерекшеліктері қоздырғыушының сипатына байланысты. Бронхопневмония химиялық және физикалық әсерден де дамиды. Сондықтан оны уремиялық, шаң –тозаңдық, радияциялық пневмония деп жүктеугеде болады.

Бронхпнеовмониялық қабыну ошақтары, әдетте, өкпенің II,VI,VIII,IX,X сегметтерінде болады. Олар түрлі көлемді қатты, сұрғылт қызылдау болады. Ошақтың көлеміне қарай, бронхпневмония милиарлық (альвеолит), ацинустық, бөлікшелік, біріккен бөлікшелі, сегменттік және полисенменттік түрлерге бөлінеді. Альвеолаларға жиналған экссудатқа шырыш пен нейтрофильдер, макрофагтар мен эритроциттер сыдырылған альвеолалық эпителий араласады; кейде фибринде болады. Экссудат өкпеге біркелкі жайылмай, бір альвеолаларға көп, енді біреулеріне аз жиналады. Алвеолааралық пердеге клеткалар шоғырланады.


11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 15 мин (33,5%)

1. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру, талқылау

2. Тақырып бойынша макро және микро препараттармен жұмыс істеу

Макропреарат:

А) «Крупозды пневмониясы» макропрепараттың сипаттамасын жазу

Микропрепарат:

А) «Крупозды пневмониясы» препараттың микроскопиялық зерттеуі

3. Микро – препараттардың суретін сурет дәптерге салып, талқылау


12. Жаңа тақырыпты бекіту: 5 мин (10,5%)

Оқушының жаңа тақырыпты меңгеру дәрежесін ауызша сұрау арқылы бағалау.



Бақылау сұрақтары.

1. Жедел пневмонияның анықтамасы.

2. Жедел пневмонияның этио- патогенезі.

3. Жедел пневмонияның макро және микроскопиялық көрінісі.

4. Жедел пневмонияның асқынуы, ақыр соңы

5. Бронхопневмонияның анықтамасы

6. Бронхопневмонияның даму себептері, патогенезі, патологиялық анатомиясы.

7. Бронхопневмонияның морфологиялық көрінісі.

8. Бронхопневмонияның асқынулары.

13. Сабақты қорытындылау: 1 мин (2%)

Әр оқушы тапсырманы орындау барысындағы теориялық сұрақтарға берген жауаптарына, орындаған тапсырмалардың нәтижесіне, белсенділігіне сәйкес бағаланады.



14. Үйге тапсырма беру: 1 мин (2%)

Оқушыларды келесі тақырыпқа өз бетінше дайындалуға ынталандыру, бағыт – бағдар беру. Қолданылатын әдебиеттер мен таныстыру.



1. Сабақтың тақырыбы: Тыныс алу ағзаларының аурулары: Созылмалы бронхит, бронхоэктаздар, бронхиалды астма, пневмосклероз.

2. Сағат саны: 45 мин.

3. Сабақ түрі: Тәжірибелік.

  1. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: Тақырыпты білу клиникалық кафедраларда тыныс алу ағзаларының сырқаттарын оқып үйрену үшін және тәжірбиелік жұмысында клинико-морфологиялық талдау жасау үшін қажет.

  • Тәрбиелік: Оқушылардың патриоттық сезімін ояту, адамгершілікке және олардың сыртқы көрінісі (халат пен колпак) талапқа сай болуы тиіс

сабақта алған білімін клиникалық жағдайлармен ұштастыра білуді үйрету.

Инновациялық технологияларды қолдана білуді үйрету.



5.Оқыту әдісі: Гистологиялық препараттарды зерттеу және суретін салу, макропрепараттарды суреттеу.
6.Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық

құрылғы.


ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, макро – микропрепараттар, плакаттар, тест тапсырмалары.

б) оқыту орны: кафедраның оқу бөлмелері, патанатомиялық мұражай.
7. Әдебиеттер:

Негізгі:

Қазақ тілінде:

1.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. 1-2 т. – Алматы, «Білім», 2008.

2.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. -Алматы , 2004.

Қосымша:

орыс тілінде:

1. Струков А.И., Серов В.В. Патологическая анатомия. Учебник. – 1995

2.Аверьянов П.Ф. «Основы общей патологии». 2008.

3.Ремизов И.В. «Основы патологии». 2009.

4.Серов В.В., Пальцев М.А., Ганзен Т.Н. Руководство к практическим занятиям по патологической анатомии. –М., 1998.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 2 мин (5,5%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 7 мин (15,5%)
Өтілген сабақ бойынша оқушылардың теориялық білімін ауызша сұрақ – жауап

күйінде тексеру.


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 14 мин (31%)

Созылмалы бронхит деп- ұзаққа созылып кеткен жедел бронхиттен (мысалы, қызылшадан немесе гриптен) немесе бронхылардың кілегейлі қабықшасына биологиялық, физикалық және химиялық факторлардың (микробтар, темекі, тыныс жолдарына салқын тию, шаң-тозаңдар сияқты заттардың) әсерінен бронхыларда туындаған созылмалы ағымды қабыну процесі аталады.



Бронхэктаздар

Бронхэктаздар – бронхылардың цилиндр тәрізденіп не қалталанып кеңеюі. Олар тума және жүре болады.

Тума бронхэктаздар бронхылардың тарамдары құрсақтағы нәрестеде дұрыс қалыптаспағандықтан дамып, сирек кездеседі (ӨСБС–тің 2-3%-ін қамтиды). Кейде ұсақ бронхылар өкпенің паренхимасында тұйық аяқталып, кисталар пайда болады (кисталы өкпе).

Бронхылық астма

Бронхылық астма (гр. Asthma-тұншығу) -аллергиялық жауаптың салдарынан бронхылық тарамдар арқылы ауаның кері шығуы (экспирация) қиындап, ұстамалы ентіаге дамитын сырқат.



Этиологиясы, патогенезі мен классификациясы. Бронхылық астма тұқымқуалайтыны күмәнсіз, бірақ оның басты себебі экзогендік аллергендер. Бронхылық астма ұстамасының қайталана беруіне түрткі болатын себептердің қатарына тыныс жолының жоғарғы бөлімінде дамитын инфекциялық сырқаттар, қоршаған орта мен ауаға араласқан заттардың (бөлмедегі, өнеркәсіптегі шаң-тозаңдар; түтін, әртүрлі иіс т.б.) әсерінен дамитын аллергиялық риносинуспатиялар, метеорологиялық (ылғал ауа, тұман) мен психогендік (психогендік тітіркендіргіштер) факторлар, әртүрлі тағамдар мен дәрілер жатады. Аталған себептердің қайсысының әсері басым болса, соған қарай, бронхылық астма инфекциялық, аллергиялық, кәсіби дамиын және т.б. түрлерге бөлінеді.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 15 мин (33,5%)

1. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру, талқылау.

2. Тақырып бойынша макро және микро препараттармен жұмыс істеу.

Макропреарат:

А) «Өкпенің пневмониясы» макропрепараттың сипаттамасын жазу.

Микропрепарат:

А) «Өкпенің бронхоэктазы» препартаттың микроскопиялық зерттеуі

3. Микро – препараттардың суретін сурет дәптерге салып, талқылау.


12. Жаңа тақырыпты бекіту: 5 мин (10,5%)

Оқушының жаңа тақырыпты меңгеру дәрежесін ауызша сұрау арқылы бағалау.



Бақылау сұрақтары.

1. Бронхиттердің даму себептері, патогенезі, патологиялық анатомиясы.

2. Бронхэктаздарға сипаттама беріңіз және олардың түрлерін атаңыз.

3. Созылмалы бронхиттің асқынулары.

4. Бронхиалды астма. Этиологиясы, паталогиялық анатомиясы.

5. Аллергендер туралы түсінік.



13. Сабақты қорытындылау: 1 мин (2%)

Әр оқушы тапсырманы орындау барысындағы теориялық сұрақтарға берген жауаптарына, орындаған тапсырмалардың нәтижесіне, белсенділігіне сәйкес бағаланады.



14. Үйге тапсырма беру: 1 мин (2%)

Оқушыларды келесі тақырыпқа өз бетінше дайындалуға ынталандыру, бағыт – бағдар беру. Қолданылатын әдебиеттер мен таныстыру.



1. Сабақтың тақырыбы: Асқорыту ағзаларының аурулары: гастрит. Асқазан және ұлтабардың ойық жарасы.

2. Сағат саны: 45 мин.

3. Сабақ түрі: Тәжірибелік.

4. Сабақтың мақсаты:

Оқыту: Тақырыпты білу патологиялық анатомия курсының жалпы және жеке бөлімдерін меңгеру үшін қажет. Тәжірибелік жұмысында клинико- анатомиялық талдау жасау үшін және материалдарды зерттеу негізінде клиникалық мәліметтерді бағалау үшін қажет.

  • Тәрбиелік: Оқушылардың патриоттық сезімін ояту, адамгершілікке және олардың сыртқы көрінісі (халат пен колпак) талапқа сай болуы тиіс

  • Дамыту: Оқушылардың жан – жақты ойлану қабілетінің ой - өрісін дамыту,

сабақта алған білімін клиникалық жағдайлармен ұштастыра білуді үйрету.

Инновациялық технологияларды қолдана білуді үйрету.



5.Оқыту әдісі: Гистологиялық препараттарды зерттеу және суретін салу, макропрепараттарды суреттеу.

6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық

құрылғы.


ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, макро – микропрепараттар, плакаттар, тест тапсырмалары.

б) оқыту орны: кафедраның оқу бөлмелері, патанатомиялық мұражай.
7. Әдебиеттер:

Негізгі:

Қазақ тілінде:

1.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. 1-2 т. – Алматы, «Білім», 2008.

2.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. -Алматы , 2004.

Қосымша:

орыс тілінде:

1. Струков А.И., Серов В.В. Патологическая анатомия. Учебник. – 1995

2.Аверьянов П.Ф. «Основы общей патологии». 2008.

3.Ремизов И.В. «Основы патологии». 2009.

4.Серов В.В., Пальцев М.А., Ганзен Т.Н. Руководство к практическим занятиям по патологической анатомии. –М., 1998.


8. Ұйымдастыру кезеңі: 2 мин (5,5%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 7 мин (15,5%)

Өтілген сабақ бойынша оқушылардың теориялық білімін ауызша сұрақ – жауап

күйінде тексеру.
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 14 мин (31%)

Гастрит (гр.gaster –асқазан )-асқазанның кілегейлі қабықшасының қабынуы. Ол жедел және созылмалы ағымды болады.

Жедел гастрит

Этиологиясы мен патогенезі. Жедел гастрит асқазанның кілегейлі қабықшасына ерекше тітіркендіргіштер әсер еткенде дамиды. Ондай тітіркендіргіштер қатарына шамадан артық ішілген ас, қорытылуы қиын, суық немесе тым ыстық тағамдар, алкогольді ішімдіктер, салицилаттар, сульфаниламиндер, кортикостероидтар, биомицин, дагиталис сияқты дәрі-дәрмектер, бірқатар кәсіптік зиянды химиялық заттар жатады. Микробтар (стафилакокк, сальмонела) мен олардың токсиндерінің заталмасу процесі өзгергенде түзілетін өсімдердің рөлі де айтарлықтай. Кейде алкоголь, сапасы нашар тағамдар сияқты кеселді себептер асқазанның кілегейлі қабықшасына әсер етіп, экзогендік гастрит дамытса, енді бірде зиянды әсер тамырлар мен нерв және гуморальдық жүйелер, иммундық механизмдер арқылы, яғни жанама жолмен жүзеге асып, эндогендік гастрит туындайды. Көбіне эндогендік гастриттер тобының инфекциялық гемотогенді, уремиялық элиминациялы, аллергияның және іркілулік түрлері байқалады.

Асқазан кілегейлі қабықшасының морфологиялық бейнесіне қарай, жедел ағымды гастрит: 1) қатарлы (жай); 2) фибринді; 3)іріңді (флегмоналы); 4) некрозды (корроззиялы) түрлерге жіктеледі.



Созылмалы гастрит

Созылмалы гастриттің бірқатары қайталамалы жедел гастриттен өрбісе, көбі онымен байланысты емес.



Этиологиясы. Созылмалы гастрит көбінесе асқазанның кілегейлі қабықшасына энзогендік факторлар әсер еткендіктен дамиды. Бұл факторлар тобына мезгілсіз әрі ретсіз тамақтану, алкогольге құнығу, ыстық- суықтың, химиялық және механикалық агенттердің кәсіптік зиянды және де басқа заттардың әсері жатады. Аутоинфекция (Campylobacter pyloridis), созылмалы аутоинтоксикация, нейроэндокриндік өзгерістер.

Ойық жаралы ауру

Ойық жаралы ауру – негізгі клеткалық және морфологиялық бейнесі асқазан мен ұлтабардағы қайталамалы ойық жара болып табылатын циклді (кезеңді ) созылмалы ағымды сырқат. Бұл ауру ойық жараның қалыптасқан жері мен патогенизмінің ерекшеліктеріне қарай пилорус – дуоденум аймағын және асқазан денесінің ойық жаралы ауруы деп жіктеледі. Дегенмен, аурудың бұл екі түрі бірге дамуы да мүмкін.

Асқазан мен ұлтабардың ойық жаралы ауруын бейнелейтін ойық жарадан басқа, өзге ағзалар ауруының бір көрінісі ғана болып табылатын симптомдық ойық жарлар тобы да бар.

Этиологиясы. Ойық жараның себептерінің ішінде стресті жағдайлар мен психоэмоциялық зорығу басты орын алады. Осы факторлардың әсерінен ми қыртысының жұмысы бұзылып,асқазан – ұлтабар жүйесінің секрет түзетін қызметі мен моторикасы дұрыс үйлестірілмей қалады да, кортико- висцералдық өзгерістерге себеп болады. Зақымдалған ағзалардан келген келесді импульстің әсерінен де ми қыртысының үйлестіру қызметі тап осылай бұзылып висцеро –кортикалық өзгерістер туындатады.

Патологиялық анатомиясы. Ойық жаралы аурудың морфологиялық негізі - созылмалы қайталамалы ойық жара. Ойық жара өзінің қалыптасуы барысында эрозия мен жедел ойық жара сатыларынан өтеді. Сондықтан эрозияны, жедел және созылмалы ойық жараларды ойық жаралы ауруды морфогенездік кезеңдері деп есептеуге әбден болады. Кезеңділік әсіресе асқазанның ойық жаралы ауруында айқын көрініс береді.

Жедел ойық жара, әдетте, қарынның кіші иілімінде, антрум мен пилорус бөлімдерінде қалыптасады. Бұның себебі аталған бөлімдердің құрылым- қызметтік ерекшеліктерінде. Кіші иілім «ас жолы» болып табылады, сондықтан ол оңай жарақаттанады. Сонымен қатар, бұл бөлімнің кілегейлі қабықшасының бездері бөліп шығатын асқазан сөлі жоғары әсерлі, оның үстіне бұл жердің кілегей қабықшасының қатпарлары тығыздау,сондықтан жараның беті бұлшықетті қабат жиырылған кезде де жабылмайды.

Созылмалы ойық жара көбінесе бір-бірден, анда –санда ғана бірнешеуден қалыптасады. Оның пішіні сопақтау немесе дөңгелек (ulcus rotundum), диаметрі бірнеше миллиметрден 5-6см дейін. Жара асқазан қабаттарын түрлі тереңдікте қамтып, кейде қарынның сірлі қабатына дейін жетеді. Түбі тегіс,кейде кедір-бұдыр. Жиектері сүйелденген, тығыз әрі буылтықтанып, көтеріңкі келеді (каллезді ойық жара лат:callus –сүйел). Ойық жараның өңеш жақтығы жиегі ұңғаланып, кілегейлі қабықша ол жақта ақауға қарай төніп тұрады да, пилорус жақтығы жиегі баспалдақ тәрізді сатылы болып, жайпақтау келеді.

Бауыр, ұйқы безі мен өтжолдарының қызметі мен топографиялық анатомиясы сабақтас болғандықтан, көбіне бұл ағзаларда дамитын аурулардың патогенезі де өзара тығыз байланысты болатыны түсінікті. Олардың мән-мазмұны мен патогенезін дұрыс ұғынып, айқындау жолдарын жетілдіру үшін биопсия тәсілінің маңызы зор. Көбіне биоптат бауырдан алады.



Бауыр аурулары.

Бауыр аурулары алуан түрлі. Олардың тұқымқуалайтын және жүре пайда болатын бірінші ретті (бауырдың өзіндік аурулары ) және екінші ретті (бауыр басқа аурулардан зақымдалатын) түрлері бар.

Бауырдың сырқаттарын көбінесе инфекциялар [эпидемиялы гепатит, жедел ағымды сары қалтырау (лихорадка), лептоспироз, описторхиз, сүзек және т.б.], эндогендік (уремия, тиреотоксикоз) және экзогендік (гепатотропты улар, алкоголь, улы тағамдар) улардың әсері дамытады. Қанайналымның (шок, қанның созылмалы іркілуі), тағамның (белок және витамин жетпеуі) мен заталмасу процесінің дұрыс болмауының (заталмасулық сырқаттары) да маңызы зор.

Гепатит

Гепатит – баурыдың қабынуы; оның даму барысында бауырдың паренхимасында дистрофия мен некробиоз өрістеп, стромасына қабыну процесіне тәе клеткалар шоғырланады. Гепатит бірден бауырда басталып, бірінші ретті немесе басқа ауруың көрінісі ретінде байқалып,екінші реттік (салдарлық) түрде дамиды. Гепатит жедел не созылмалы ағымды болады.



Патологиялық анатомиясы. Жедел және созылмалы гепатиттің патологиялық анатомиясында айырмашылық бар.

Этиологиясы мен патогенезі. Гепатит дербес ауру, яғни бірінші ретті гепатит ретінде көбіне гепатотропты вирустың (вирустық гепатит), алкогольдің (алкогольдік гепатит) немесе дәрі-дәрмектердің (медикаменттік –дәрі-дәрмектік гепатит) әсерінен дамиды. Холестаздық гепатитке көбіне клеткадан тысқары (внеклеточный) холестаз бен бауырастылық сарғаю өрбітетін факторлар, кейде дәрі-дәрмектерді (метилтесторон, финотязин туындарының, т.б) әсер себеп болады. Дербес гепотиттердің ішінде ең маңыздары-вирустық және алкогольдык гепотит.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 15 мин (33,5%)
1. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру, талқылау

2. Тақырып бойынша макро және микро препараттармен жұмыс істеу

Макропрепараттарды зерттеу:

А) «Асқазанның созылмалы атрофиялық гастриті» макропрепараттың сипаттамасын жазу.

Б) «Асқазанның ойық жарасы» макропрепараттың сипаттамасын жазу.

Микропрепарат:

А) «Созылмалы гастрит» препартаттың микроскопиялық зерттеуі

3. Микро – препараттардың суретін сурет дәптерге салып, талқылау


12. Жаңа тақырыпты бекіту: 5 мин (10,5%)

Оқушының жаңа тақырыпты меңгеру дәрежесін ауызша сұрау арқылы бағалау.



Бақылау сұрақары:

1. асқазан ойық жарасы туралы түсінік

2. асқазан ойық жарасының этио патогнезі

3. асқазан ойық жарасының морфологиясы

4. асқазан ойық жарасының асқынуы

5. ұлтабардың ойық жарасының дамуы

6. ұлтабардың ойық жарасының этиологиясы және патогенезін

7. ұлтабардың ойық жарасының морфологиясы

8. ұлтабардың ойық жарасының асқынуы
13. Сабақты қорытындылау: 1 мин (2%)

Әр оқушы тапсырманы орындау барысындағы теориялық сұрақтарға берген жауаптарына, орындаған тапсырмалардың нәтижесіне, белсенділігіне сәйкес бағаланады.



14. Үйге тапсырма беру: 1 мин (2%)

Оқушыларды келесі тақырыпқа өз бетінше дайындалуға ынталандыру, бағыт – бағдар беру. Қолданылатын әдебиеттер мен таныстыру.



1. Сабақтың тақырыбы: Асқорыту ағзаларының аурулары: вирустық, алкогольді гепатит, гепатоз. бауыр циррозы.

2. Сағат саны: 45 мин.

3. Сабақ түрі: Тәжірибелік.

4. Сабақтың мақсаты:

Оқыту: Тақырыпты білу клиникалық кафедраларда бауыр ауруларын оқып үйрену үшін және тәжірибелік жұмысында биопсияны оқып үйрену мен патологоанатомиялық мәйітті ашып көруде кликинко- морфологиялық талдау жасау үшін кажет.



  • Тәрбиелік: Оқушылардың патриоттық сезімін ояту, адамгершілікке және олардың сыртқы көрінісі (халат пен колпак) талапқа сай болуы тиіс

  • Дамыту: Оқушылардың жан – жақты ойлану қабілетінің ой - өрісін дамыту,

сабақта алған білімін клиникалық жағдайлармен ұштастыра білуді үйрету.

Инновациялық технологияларды қолдана білуді үйрету.



5.Оқыту әдісі: Гистологиялық препараттарды зерттеу және суретін салу, макропрепараттарды суреттеу.
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық

құрылғы.


ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, макро – микропрепараттар, плакаттар, тест тапсырмалары.

б) оқыту орны: кафедраның оқу бөлмелері, патанатомиялық мұражай.
7. Әдебиеттер:

Негізгі:

Қазақ тілінде:

1.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. 1-2 т. – Алматы, «Білім», 2008.

2.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. -Алматы , 2004.

Қосымша:

орыс тілінде:

1. Струков А.И., Серов В.В. Патологическая анатомия. Учебник. – 1995

2.Аверьянов П.Ф. «Основы общей патологии». 2008.

3.Ремизов И.В. «Основы патологии». 2009.

4.Серов В.В., Пальцев М.А., Ганзен Т.Н. Руководство к практическим занятиям по патологической анатомии. –М., 1998.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 2 мин (5,5%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 7 мин (15,5%)

Өтілген сабақ бойынша оқушылардың теориялық білімін ауызша сұрақ – жауап

күйінде тексеру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет