Білім беру ұйымының атауы
|
Түркістан облысы, Кентау қаласы
Ататүрік атындағы №4 мектеп-лицейі
|
Пәні:
|
Көркем еңбек
|
Бөлім:
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Визуалды өнер
|
Педагогтің аты-жөні:
|
Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Байтерекова Шолпан
|
Күні:
|
06.09.2022 ж.
|
Сынып: 6 «А»
|
Қатысушылар саны: 27
|
Қатыспағандар саны: 0
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Портрет жанры. Портрет түрлері.
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:
|
6.1.3.1. Шығармашылық идеяларды іске асыру мақсатында ақпарат көздерін өз бетінше таңдап, қолдану (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы)
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар:
Портрет жанрын біледі. Портрет құрылымын түсінеді. Портрет түрлерін анықтай алады. Портреттегі композиция,түс,пішін, фактура, тепе-теңдікті біледі. Портрет жанрындағы бояудың түрлерін, мінез-құлқын ажыратады.
|
Оқушылардың басым бөлігі:
Портрет түрлерін ажырата алады. Еліміздің атақты, белгілі, тарихи тұлғалардың портреттерін біледі, талдау жасай алады.
|
Кейбір оқушылар:
Портреттерді орындаған атақты суретшілерді атай алады. Қазақстан және әлем суретшілерді атайды. Өз идеялары мен сезімдерін, композиция заңдылықтарын ескере отырып, портретке талдау жасай алады.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі// уақыты
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру
2-мин
|
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
«Көрші»
Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.
Нұсқаулық:
Көршіңді оң жақтан құшақта,
Көршіңді сол жақтан құшақта.
Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,
Бүгінгі тренинг барысы,
Біз үлкен отбасы.
|
Мұғалімнің нұсқауы бойынша
«Көрші» тренингін орындайды
|
|
АКТ Интерактивті тақта,
Слайд №1
|
Сабақтың басы
3-мин
|
«Мозайка» әдісі арқылы топқа бөлу.
Топқа бөлу үшін тақырыпқа байланысты суреттерді пайдалану. Әрбір топ ұқсас бөліктерді ретке келтіру арқылы топтасады.
Суреттерге қарап олардың қандай ортақ сипаты бар?
Суреттегі бейнелердің бір-бірінен айырмашылығы неде?
Бұл портреттер бейнелеу өнерінің қандай түрлерінде орындалған?
|
Оқушылар берілген мозайка бөлшектерінен портретті құрастыру арқылы топтасады.
|
Бағалау: смайлик
|
АКТ Интерактивті тақта,
Слайд №2
|
Өткен білімді еске түсіру
4-мин
|
Өткен сабақты пысықтау үшін
«Сақина салмақ ойыны» әдісі
Балалар біз бүгін сақина салмақ ойынын ойнаймыз. Бұл ойынның бүгінгі ерекшелігі кімнің қолында сақина қалса менің сұрағыма жауап береді?
1.Портрет жанрын қалай түсінесің?
2.Портрет суреттері қандай жас ерекшеліктеріндегі адамдардың бейнесін айтуға болады?
3.Портретті қандай сурет салу әдістерімен орындауға болады?
4.Адам бейнелерін орындағанда қандай геометриялық фигуралардың көмегіне жүгінеміз?
5.«Портрет, иллюстрация, репродукция, композиция» - терминдеріне талдау жаса.
(«Портрет» - француз тілінен «portrait» сөзі «дәлме-дәл, айнытпай салу» дегенді білдіреді).
|
Мұғалімнен қолына сақина түскен оқушы сұрақтарға жауап береді, портретке талдау жасайды, орындалуына және терминге мағлұмат береді. (алдыңғы сыныптарда портрет жанры өтілген, оқушылар білгенін жауап береді)
|
Бағалау: смайлик
|
Слайд №3
|
|