Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Абай шәкірті Сабақтың мақсаты



Дата25.02.2016
өлшемі35.98 Kb.
#19255
түріСабақ


Жанна Тоқсанбай Муфтуллақызы

Т. Тәжібаев атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі

Сүткент ауылы

Шардара ауданы

ОҚО

Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім – Абай шәкірті

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: ақынның өмір жолы мен шығармашылығ туралы мәлімет беру;

Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы алған білімдерін бағалау.



Дамытушылық мақсаты: ойлау қабілетін дамытып, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік мақсаты: өнерді сүю, сыйластыққа, қамқорлыққа, әділдікке, талғампаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: танымдық сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ (ізденіс - зерттеу)

Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, тірек сызбамен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: портрет, кітаптар, даму сатысы, баспасөз материалдары, "Аңыз адам" жұрналы

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, орыс әдебиеті

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

Сынып тазалығын назар аудару

Кезекшімен сұхбаттасу.

Оқушы назарын сабаққа аудару

ә) Үй тапсырмасын сұрау

(даму сатысы бойынша)

б) Сабақ мақсатын қысқаша таныстыру

"Шәкәрім – Абай шәкірті" деген тақырыптың мән – мағынасын оқушылардан сұрау. Не үшін айтылған?



  • Себебі, Абай өзінің ақындық шеберлігін Шәкәрімге үйреткен, Абай Шәкәрімге ұстаз, ал, Шәкәрім – Абайға шәкірт. Абай мен Шәкәрім туыстығына тоқталып, олардың шығармашылығындағы үндестік жайлы айту.

  • Тақырыбы жағынан, идеясы жағынан Шәкәрімнің "Адамдық борышың"өлеңі Абайдың сендер білетін қай өлеңіне ұқсайды?

  • "Әсемпаз болма әрнеге", "Ғылым таппай мақтанба?" өлеңдеріне.

Өлеңді білетін оқушыларға жатқа оқытып, өлең сөздеріне талдау жасату.

Жаңа сабақ

Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың бәйбішесі Күңкеден туылған. Шәкәрім Құдайбердінің баласы. Ал, Абай Құнанбайдың екінші әйелі Ұлжаннан туылған. Сондықтан Шәкәрім – Абайдың ағасының баласы. Шәкәрім Құнанбай тәрбиесінде болып, Абайдың тағылымын алды.

Шәкәрім бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының бөктерінде 1858 жылы 24 шілдеде дүниеге келген. Ол "Мұтылғанның өмірі" өлеңінде бес жасында молдадан хат танып, жеті жасында өлеңге бейімділігі байқалғанын жазған. Жиырма жасқа толғанда Шәкәрім болыс болды. Елмен араласып, адамшылықты, аярлықты айыруды үйренді.

1905 – 1906 жылдары Шәкәрім ел тану сапарымен Араб, Түрік Еуропа елдерін аралайды. Меккеде болады. Стамбул, Париж кітапханаларында болады.



СКТ.

Тақырыбы: Шәкәрім – Абай шәкірті

Туып өскен жері: 1858 ж. 24 шілдеде Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыстауында дүниеге келген.

Өлеңдері: "Жастарға", "Мұтылғанның өмірі", "Бостандық таңы атты", "Адамдық борышың", "Жолама қулар маңайға"т.б.

Мысалдары: "Епті тышқан", "Ақылшы торғай", "Қасқыр, түлкі, бөдене", "Бояушы сиыр" т.б.

Аудармалары:

Толстойдан: "Асхордан патша", "Үш сауал"

Пушкиннен: "Дубровский", "Боран"повестері

Физулиден: "Ләйлі – Мәжнүн" поэмасы

Поэмалары: "Еңлік - Кебек", "Қалқаман - Мамыр"

Әндері: Жиырмаға жуық әні бар

Өмірден озған уақыты: 1931 жылы қайтыс болды.
"Топтастыру" Шәкәрім кім болған?

Венн диаграммасы
Абай Ортақ Шәкәрім

1845 ж.22 тамызда Атақты ақындар 1858 ж.24 шілдеде

дүниеге келген. Туған жерлері бір дүниеге келген.

59 жасында қайтыс Құнанбайдың ұрпақтары Алғашқы өлеңдері

болған. Ғашық болған Туыс адамдар жастық, махаббат

қыздары: Тоғжан, Шәкәрім – Абай туралы. Шәкерім әр

Әйгерім. Үш поэмасы шәкірті түрлі жанрда еңбек етті

бар. "Абай жолы" Ақын, аудармашы,

романын жазған мысалшы, композитор

М. Әуезов



Сабақты бекіту сұрақтары:

1. Шәкәрім қай жылы қай жерде өмірге келді?

2. Оның қандай шығармаларын білесіңдер?

3. Ол кімнің тәрбиесінде болды?

4. Шәкәрім өзін кімнің шәкіртімін деп есептеді?

5. Үндестік. Абай, Мұқағали, Шәкерім өлеңдерін үндестіру.



Үйге тапсырма: Хронологиялық кесте құру.

Үй шығармасы. Шәкәрім – Абай шәкірті. Өмірін оқу, бір шығармасын жаттау.



Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет